Главное меню

  • К списку уроков
"Шынайы және жасанды өмір"
20.05.2016 296 78 Асаубаева Алтын Кувандыковна

Тақырыбы: «Шынайы және жасанды өмір»
Мақсаты: Тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, ғаламторды дұрыс пайдалануды үйрету; шынайылық пен жасандылықты айыру, қауіпті ақпараттардан сақтану; байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Міндеттер:
- «Шынайы өмір» мен «Жасанды өмір» сөздерінің мағынасын ашу және түсініктерін кеңейту;
- Ғаламтордың оң және теріс ықпал етуі туралы ойларын белсендіру;
- Ойлану және түсіну, сөйлеу қабілеттерін дамыту;
- Өзіндік таңдау жасауға жауапкершілігіне тәрбиелеу.
1. «Танысу» жаттығуы
Жаттығу барысы:
Оқушылар шеңбер жасалған орындыққа отырады. Жетекші қолындағы допты оқушыға кезектесе береді, олар өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтады.
Оқушылар «Өміршендік ережесін» айтады.
Әр адамның ережесі - өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып,
Өміршеңдік ережелерін айтайық.

1. Жігер деген-Мен
2. Күш деген-Мен
3. Махаббат деген-Мен
4. Кешірім деген-Мен
5. Құдірет деген-Мен
6. Жасөспірім деген-Мен
7. Жастық шақ деген-Мен
8. Денсаулық деген-Мен
9. Адалдық деген-Мен
10. Жарқындылық деген-Мен
11. Бар ғажайып деген-Мен
Хормен: Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда.

«Ой қозғау алаңы» жаттығуы
«Шынайы және жасанды өмір дегенді қалай түсінеміз?» деген сауал төңірегінде ой қозғау.


Өмір – адамның туғаннан қайтыс болғанға дейінгі аралықта жер бетінде өмір сүруі.
Шынайы өмір – бұл әрбір адамның жеке өмірі ( отбасы, достары, қарым-қатынасы, оқуы, музыка тыңдауы, спортпен айналысуы, жеке қызығушылығы, каникулы, т.б. әрекеттері).
Жасанды өмір – бұл адамның өз ойымен, түсінігімен құрастырылған, ойдан шығарылған әлем, тұлға, қатынас, байланыс, яғни шынайы өмірде жоқ нәрселер.
Жетекші: - сонымен жасанды өмір – техникалық құралдар арқылы құрастырылатын, адамдардарға таратылатын жасанды шындық болып шықты.
- Бұл жасанды өмірді жасау үшін қандай техникалық құрал қолданылады?
(Компьютер, ғаламтор)
Оқушылар компьютер, ғаламтор туралы түсініктерін айтады.
- Бүгінгі таңда не себептен ғаламтор көпшіліктің қолдануына ие болды? Ғаламтор адамға не береді?
Оқушылар ойларын ортаға салады: ақпарат ізделінеді, конференция, жиналыс, семинар ұйымдастырылады, тауар сатып алады, ауа райын қарайды, білмейтін немесе қалай жасауын білмесе соны біліп, көріп алады, адамдар бірі-бірімен танысадығ ой бөліседі, жаңадан достар табады, онлайн бойынша тест орындайды, т.б.
«Ғаламтордың бізге пайдасы мен зияны» деген сауал бойынша топтық жұмыс жасайды.
Кез келген уақытта тез, жылдам ақпарат аламыз, басып шығарамыз Жарнамалар көп, пайдасыз, ұятты ақпараттар шығып алаңдатады.
Сөйлеу қабілетіңді дамытпайды, аз оқимыз.
Қашықтыққа қарамай тілдесуге болады, тез танысып, достасуға болады. Көзбе-көз тілдесуге, қолдауға, көмек танытуға мүмкіндік жоқ.кез келген бейнені жасап алу.
Компьютер нағыз дос, ренжіп қалмайды, сенімен қарсыласпайды. Шарттары қатал, қатеңді түзетеді. Шындық өмірді ұмытып кетесің, ойындарға берілесің, шыға алмай қаласың. Миыңды жаулап сонымен ғана әуестенесің.
Науқас, мүгедек балаларды оқытуға болады, сырттай қашықтықтан оқып білім алуға болады. Мұғаліммен жанды байланыс жоқ, тәрбиелік мәні жоқ.

Қатысушылар стикерлерге жазған ойларын қызыл түсті алаңға «Зияны» туралы ойларын, «Жасыл» түсті алаңға «Пайдалы» туралы ойларын жинақтайды.
Өзара талдау, ой бөлісу, қорытындылау.

«Ақиқат орындығы»
Жүргізуші: Алдарыңызда топтың ортасында карточкалар жиыны тұр. Енді сендер кезекпен ортаға шығып, аяқталмаған ойлары бар карточкаларға жауап берулеріңді сұраймын. Барлығы тақырыпқа байланысты.
Карточкадағы сөйлемдер
- Күнде ғаламторды пайдаланатындарың қолдарыңды көтерсеңдер?
- Ғаламторда көп уақыт отырасыңдар ма?
- Бұл шырмауық сендерді несімен тартады?
- Қандай тақырыптарды, қандай мәселелерді қарайсыңдар?
- Адам ғаламтордан шықпай байланып отырғаннан қандай күйге душар болады?
- Ғаламторға байланған немесе соған тәуелді екенінің белгісі қандай?
- Мұндай тәуелділіктен қалай айырылуға болады?
- Қандай өмір қызықты, қауіпсіз?

Жүргізуші: Сөйлемді аяқтағанда сіз қандай сезімде болдыңыз? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Бүгін біз өзімізге қолдау жасау үшін шындықты дұрыс түсініп қабылдауымыз керек, одан тиімді, пайдалы шешім қабылдауларың керек.



Қорытынды: ғаламтор алыстағы адамдармен байланыс жасатады, пікір алмастырады, ой бөлістіреді. Бір жаққа арнайы барып қажеті жоқ, үйде отырып-ақ шаруа тындыруға болады. Бірақ адамның үніне, оның мейіріміне, шуағына жететін нәрсе жоқ.

«Күн шуағы»
Балалар «Мен өмірді таңдаймын, қауіпті ғаламтордан сақтанайық!» дей отырып, өмірге деген құлшыныстарыңды біздің мектеп оқушыларына үндеу жолдайық. Әр қайсымыз өз ойларымызды мына күннің тұсына ілейік.
Күн-денсаулықтың, қуаныштың, жылылықтың символы. Ал сендер мемлекетіміздің болашағысыңдар. Республикамыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Бұл сөз жоғары пафоспен айтылса да, шындығын да мемлекетті құрайтын адам, ал ертеңгі күні сендер әрқайсың әр мамандықтың иесі боласыңдар, белгілі бір қызмет атқарасыңдар.




Қорытынды: : Құрметті оқушылар! Өмірде ақ пен қараның қатар жүретіні бәрімізге мәлім. Осы тәрбие сағаты арқылы заман, техника қанша дамыса да әр нәрседен қауіп барын білдіру, одан қорғанудың жолын көрсету, өздеріңе дұрыс таңдау жасауға көмек беру. Ғаламтордағы кез келген сайттарға кіріп, өздеріне қажетсіз акпараттарды оқудан аулақ болуға шақыру, психологиялық тұрғыдан салмақтылық пен сабырлылыққа, жалпы сауаттылыққа тәрбиелеу.


ІС-ШАРАНЫ ТАЛДАУ
Күні: 12 сәуір
Сыныбы: 7
Тақырыбы: «Шынайы және жасанды өмір»
Өткізілу түрі: топтық
Мақсаты: Тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, ғаламторды дұрыс пайдалануды үйрету; шынайылық пен жасандылықты айыру, қауіпті ақпараттардан сақтану; байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Міндеттері:
- «Шынайы өмір» мен «Жасанды өмір» сөздерінің мағынасын ашу және түсініктерін кеңейту;
- Ғаламтордың оң және теріс ықпал етуі туралы ойларын белсендіру;
- Ойлану және түсіну, сөйлеу қабілеттерін дамыту;
- Өзіндік таңдау жасауға жауапкершілігіне тәрбиелеу.
Іс-шараның дамытушылық ықпалы: Өмірде ақ пен қараның қатар жүретіні бәрімізге мәлім. Осы тәрбие сағаты арқылы заман, техника қанша дамыса да әр нәрседен қауіп барын білдіру, одан қорғанудың жолын көрсету, өздеріңе дұрыс таңдау жасауға көмек беру. Ғаламтордағы кез келген сайттарға кіріп, өздеріне қажетсіз акпараттарды оқудан аулақ болуға шақыру, психологиялық тұрғыдан салмақтылық пен сабырлылыққа, жалпы сауаттылыққа тәрбиелеу. Іс-шара 7 сыныпта өткізілді, сыныпта 5 оқушы. Олар жоспарланған тапсырмаларға, сауалдарға жақсы қатысып, ойларын ашық, еркін айтты. Постерге ойларын жазды, достарына хат жолдады, компьютердің пайдасы мен зиянды тұстарын анықтап білді, көздерін жеткізді, өз тәжірибелерімен бөлісті. Ғаламторға тәуелді болмаудың жолдарын қарастырды, қажетсіз әрі зиянды ақпараттардан аулақ болуды түсінді.
Қорытынды: ғаламтор алыстағы адамдармен байланыс жасатады, пікір алмастырады, ой бөлістіреді. Бір жаққа арнайы барып қажеті жоқ, үйде отырып-ақ шаруа тындыруға болады. Бірақ адамның үніне, оның мейіріміне, шуағына жететін нәрсе жоқ.



Пән мұғалімі: Асаубаева А.Қ.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.