Главное меню

  • К списку уроков
"Менің Отаным " атты мәнерлеп оқу сайысы
22.11.2015 2095 142 Бектурганова Галия Бурамбаевна

Мақсаты:

Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.

Фоном звучит инструментальная музыка в зале. Гости и участники праздника занимают места.

Выход
ведущего

Вед
ущий:

Сәлеметсіңдер ме құрметті де кішкентай достарым!
Здравствуйте
мои маленькие, но истинные ценители слова!

Бүгінгі үлкен мерекеміз біздің Елімізге, біздің Елбасымызға арналады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

 

Взгляните на карту на наш Казахстан.
Там снежные пики, степной океан
И реки, что свет посылают в аулы.
И горы, где дышит в ущельях туман.
Там взоры бескрайний простор окрылит.
Озера притянут к себе как магнит.
Наш край от Тянь
- Шаня до высей Урала.
И душу
, и сердце, и взор восхитит.

Сайысты бастама
с бұрын  біз жеребе өткіздік. Сан ретімен қатысушылар сахнаға шығып, өзінің өлеңін мәнерлеп оқиды.

Ал енді әділ-қазыналармен танысайық.

Давайте познакомимся с нашим многоуважаемом жюри
1.

2.

Читайте! Пусть не будет ни одного дня, когда бы вы не прочли хотя бы одной страницы из новой книги. Эти слова Константина Паустовского как нельзя лучше подходят к нашему сегодняшнему празднику. Желаю нашим конкурсантам удачи!

Алдарыңызға №
1 ,2, 3, 4  нөмерлі сайыскерлер шығып, өз өнерлерін көрсетеді.


Ведущий:

 

Өнерпаздар жарысып сан-саналы.
Жиын десе той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне.
Әуелеген әсем ән жолданады

 

Ән


На сцену приглашаются конкурсанты
под номером   5, 6, 7, 8

Вед
ущий:
Где-то песня сочинилась
И со скорость
ю  ракеты
В то же утро очутилась
На другом краю планеты
Мимоходом,
Мимолетом,
Теплоходом,
Самолетом,
Адресованная другу,
Ходит песенка по кругу!

Для наших конкурсантов звучит песня «Здравствуй Столица!»

Енді сахнамызға  № 9, 10, 11, 12 сайыскерлерімізді  шақырайық

Қазақстан - көк байрақты ел едің,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Өзің менің мақтанышым, тірегім,

Өзің менің қуанышым, бақытым

 

Ән

На сцену приглашаются конкурсанты
под номером №  13, 14, 15, 16
 

Для участников конкурса в подарок видеоролик  о нашей родной земле

Туған елім бүгін саған не дейін.
Ертегідей ертеңіне сенейін
Бүгінгідей бүкіл әлем алдында
Асқақтасын мәртебең мен мерейің!

Сахнаға әділ-қазыларды шақырайық.

На сцену приглашается наше многоуважаемое жюри.

Вед
ущий:

 

Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің.  

Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген.

Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз,

тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!

Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз.

Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.

Оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Келесі кездескенше! Сау саламатты болыңыздар!

Наше праздничное мероприятие подошло к концу. Спасибо за внимание! До новых встреч!

 

Туған жер   /Ғалым Жайлыбай/

Кеңсің дала,

Туған ана,

Көйлегің кең көк ала!

Жан беретін,

Тән беретін,

Мейірімді ана сен ғана.  

 

Туған жер   /Төлеген Айбергенов/

О, менің байтақ мекенім,

Жанымның қаршығасы сен.

Шырқағым келіп кетеді,

Жазбаған ән шығарсың сен.

Құстарың мәңгі ән салсын деп,

Жат қолға ілгізбедім мен.

Қызарып мәңгі қалсын деп,

Қырыңнан гүл де үзбедім мен.

 

Қазақстан   /Мариям Хакімжанова/

Қаақстан өлкесінің кеңдігін

Өлшеп жатпай өзгелерше мен бүгін.

Оңай ғана ұғындырып байқайын,

Болмашы бір белгілерін айтайын.

Көк теңіздей толқын ата көпірген,

Домбыра үні жетсе сізге эфирден.

Қабылдаңыз Қазақстан күйлерін

Қуанышты бақытты Отан үйлерін!

 

Сенің Отаның    /Әнуарбек Дүйсенбиев/

 

Отан сенің ата – анаң

Отан – досың, бауырың,

Отан- өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

Отан – тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, өз халқың.

Отан – өлең, Отан – жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Отан осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

Отан деп өсіп жас жаның,

Оны ардақтап сүйе біл.

 

Туған жер   /О. Асқар/

Сүйем сені, туған жер,

Әжем жөргек,  жуған жер.

Шапқан жауды елімнен

Батыр бабам қуған жер.

Сүйем сені, туған жер,

Байлық, бақыт тұнған жер.

Миллиард пұт астықты

Қамбаға жылда құйған жер.

Сүйем сені, туған жер,

Өнер, білім қуған жер.

Ұшу үшін ғарышқа

Тоқтар белін буған жер.

 

Отан туралы    /М. Мақатаев/

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан! Отан!

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем...

 

Мақта, досым!    /Тұманбай Молдағалиев/

Мақтайсың туған жердің

Долданған боранын да.

Мақтайсың бұлағын да

Мөлдіреп ағып жатқан.

Мақтайсыңтау, тасын да

Мақтайсың топырағын.

Өйткені ол – туған жерің,

Өйткені ол – туған елің!

 

Ауылым    /Ж. Бейсенов/

Кіндігімнің жас қаны,

Тамған жерім ауылым,

Жастығымның куәсі

Шұрқыраған ауылым.

Жусаны мен жуасы

Бұрқыраған ауылым.

Алыс сапар шеккенде

Сағындырған ауылым.

 

Туған жерім тамаша   /Мұзафар Әлімбаев/

О, балақай, туған жер!

Жақсы-ау бақша – бауларың!

Көзге ыстық көрінер

Сенің асқар тауларың.

Туған жердің жырларын

Қызғалдақтай терейік.

Кең өлкенің қырларын

Жүр, аралап келейік!

 

Республикама қарашы!   /М. Әлімбаев/

Ақжайық, Алтай арасы,

Қазақтың шалқар даласы

Республикама қарашы!

Жерінің дәмі маржандай,

Қырманы асқар таулардай,

Республикама қарашы!

 

Отаным    /Ә. Табылдиев/

Отаным – өзегім сен!

От алдым өзіңнен мен.

Жаралдым топырағыңнан,

Нәр алдым өзеніңнен.

Өңірді жаңарта алам,

Өмірді жалғап қалам!

Сен үшін еңбек етіп,

Ел ісін алға апарам!

 

12.  Отан

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз кең байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отан шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

 

 

Отаным

Атам, Әжем, Әкем, Анам -
Төртеуі де «Отан!» маған
Төртеуі де «Ботам» дейді
«Ер азамат атан!» дейді
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма «Ботамын» мен!

 

Ұлы Отан

Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.

Сарқылмайтын қуатым

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!

 

Отан десем...

Отан десем оралады ойыма

Ақсақалды, ақ шапанды қария,

Туған жерім – құт мекенім, дариям,

Егеменді елім, туым, әнұран,

Қанатымды қағып ұшқан жанұям.

Осы жолды аңсап елім еліміз,

Ар-намысты батыр туған жеріміз.

Мақтан етер бай мұрасы,салты бар,

Мен сүйетінқалың қазақ, халқым бар.

 

Ауылым

Гүлденсе, біздің ауылымыз,

Гүлденеміз бәріміз,

Ауылменен әрқашан,

Кіреді біздің сәніміз.

Берекем мен бірлігім,

Ауылымнан таралар.

Ауылым менің көркейіп,

Өркениетті ел болар.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.