Главное меню

  • К списку уроков
Внеклассное мероприятие "Наурыз мейрамы"
05.11.2015 607 76 Ерменова Майра Томановна

Наурыз мейрамы

(сыныптан тыс шара)

    

 

Жүргізушілер:  8 б сынып оқушысы Бинеева Сабина

                            8 б сынып оқушысы Пугалов Александр

(жайлап музыка ойнап жатыр)

 

Сабина: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқытушылар!

 

Александр:   Уважаемые гости, учителя и учащиеся! Разрешите наше мероприятие, посвященное Наурыз мейрамы, считать открытым!

 

Сабина:

Ұлыс күні кәрі-жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өріскен.

Шалдар бата беріскен,

Сақтай көр деп терістен.

Кел, таза бақ, кел десіп,

Ием, тілек бер десіп.

Жаса, Наурыз айымыз!

Жаса, Наурыз тойымыз!

 

Александр: (читает легенду о Наурызе)-в это время ставим диск с презентацией «Наурыз»

 

Из седой старины дошло до нас такое удивительное предание. Жил-был один отважный батыр. Его народ занимал столь обширные земли, что один край упирался в горы с ледяными вершинами, другой в море широкое, третий в пустыню безжизненную, а четвертый в леса дремучие. Батыр тот был мужественным воином. Всю жизнь он воевал и раздвигал границы своей страны. Войска его были постоянно в бою, то отражали нашествия, то сами смерчем проходили по чужим землям. И вот отправился батыр в очередной поход. Он длился долго. Соскучились по воинам родные и близкие, истосковалась по плугу земля.

Вернулись, наконец, воины из похода. Батыр соскочил с коня, воткнул копье в землю, прилег и заснул крепким сном. Семь дней он спал. А пробудился, увидел: только недавно пролился благодатный дождь. Вокруг густо зазеленела степь, пели птицы. Батыр решил снова отправиться в поход. Вскочил на коня, но только было потянулся за копьем, как застыл пораженный. Древо грозного оружия проросло и пустило зеленые побеги. Вот так чудо! Увидев это, батыр задумался, а затем приказал войску спешить и расседлать коней. Поход был отменен. По преданию, именно с этого дня берет начало празднование Наурыз.

 

Сабина: 8 Б сынып оқушысы Садыбеков Қайыржанның  орындауында «Тойбастар» күйі. Қарсы аламыз!

 

Александр: Күй «Тойбастар» в исполнении учащегося 8 б класса Садыбекова Каиржана. Встречаем!

 

 

Сабина: Құрметті қонақтар, мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі байқауға төрт команда қатысады. Команда қатысушыларын қарсы аламыз!

1-ші команда -ҚОҢЫРАУ

2-ші команда -ҚАЛАМПЫР

3-ші команда -БАҚБАҚ

4-ші команда -МЕРУЕРТ

 

Александр: Встречаем участников сегодняшнего конкурса. Это четыре команды 8 б класса.

Команда «Қоңырау»

Команда «Қалампыр»

Команда «Бақбақ»

Команда «Меруерт»

 

Сабина: Оқушылардың жауаптарын әділқазы бағалайды. Әділқазы құрамында:

Қазақ тілі мұғалімі Мәмелбаева Гүлсара Сайлаубайқызы

Цибулько Марина Александровна-8 б сыныптың ата-ана комитетінің төрағасы

Қазақ тілі мұғалімі Сатыбалдина Құралай Дастанқызы

Қарсы аламыз!

 

Сабина: 1-ші тапсырма-әр команданың атауы жыл мезгілі-көктемге байланысты. Көктемнің бірінші белгісі-гүлдер. Қазір әр команда өз атауын аударады.

Александр: 1-ое задание-перевести название своей команды на русский язык. (время-1 минута)

 

Сабина: 2-ші байқаудың тапсырмасы – тағамдар туралы.  Сабина раздает задания. Екінші тапсырма екі бөлімнен тұрады. 1-ші: сұрақтарға жауап бер. 2-ші -ұлттық тағам туралы әңгімеле.

 

Александр: 2-ое задание-о национальных блюдах казахской кухни. Нужно ответить на вопросы и рассказать о казахском национальном блюде.

 

 

Сабина: Наурыз мейрамы-жаңа жыл, ал жаңа жылда адамдар бір-бірін құттықтайды. Енді біз де достарымызға, ата-аналарымызға құттықтау хат жазайық. (раздает открытки)

 

Александр: Наурыз в переводе с персидского языка значит «новый». А в Новый год люди поздравляют друг друга. Задание нашим участникам-написать поздравление другу или родным.

 

Александр: А пока наши команды выполняют очередное задание, наша прекрасная, как қызғалдақ, ведущая, объявит следующий музыкальный номер.

 

Сабина: 8 б сынып оқушысы Садыбеков Қайыржанның  орындауында «Балбырауын» күйі. Қарсы аламыз!

(Садыбеков Қайыржан сахнаға шығады)

 

Александр: В исполнении учащегося 8 б класса Садыбекова Каиржана звучит кюй «Балбырауын».

 

Сабина: Қазақ қыздарының шаштың да алар орны өзгеше. Шаш-адамның көркі. Шығыс қыздарының шаш өсіруі, әдемілігі бүкіл әлемге әйгілі болған. Бұл мезгілдегі шаш үлгілерінің бірі-өрілген шаш. Өрілген шаш адамды жинақы әрі әдемі көрсетеді. Өрілген шашқа қараған көз қояды.

Келесі тапсырма-әр команда өрілген шаш үлгісін көрсетеді.

 

Александр: Во все времена восточные девушки славились красотой своих волос. Волосы восточных красавиц от природы густы, имеют красивый блеск. Количество заплетенных кос говорило о семейном положении женщины: одна коса-эта женщина замужем, две косы-девушка незамужняя.

Задание-«Коса-девичья краса»-нужно красиво заплести волосы. (10 минут)

 

(Сабина раздает командам расчески, ленты и банты)

Сабина: А пока наши участницы соревнуются, мы проверим знания наших гостей-учащихся.

 

Вопросы зрителям:

1.     Кто и кому дарил в этот день расческу и зеркало и для чего?

2.     Как зовут сказочного персонажа, который появляется в образе старца в ночь с 21-го на 22-ое марта?

3.     Как называли детей, родившихся в этот день?

4.     Что означает Наурыз в переводе с персидского?

5.     Какой цветок является символом этого праздника?

6.     Назови казахские национальные игры.

7.      Наурыз отмечают только в Казахстане?

8.     Назови национальные блюда казахского народа.

9.     Расскажи, как готовится наурыз көже.

 

Сабина: Әр мейрам өлеңсіз өтпейді. Абай атамыз айтқандай «Туғанда дүние есігін ашады өлең». Келесі тапсырма: берілген өлеңді мәнерлеп, сезіммен оқу.

 

Александр: Ни один праздник не обходится без песен и стихотворений. Следующий, заключительный конкурс посвящается им. Задание-передать чувствами содержание стихотворений. (время для подготовки-5 минут)

 

 

Сынып жетекшісі: Әділқазыларға сөз береміз.

Марапаттау сәті. (грамоталар беріледі)

Сабина: Оқушының биіктетіп өресін,

Сөгіп жүрген қиындықтың көбесін

Ұстаздарға айтар тілек Наурызда:

«Бүкіл шәкірт қуанышқа бөлесін!»

 

Александр: Дорогие друзья! Пусть этот день запомнится навсегда. Пусть этот день песней останется в наших сердцах.

 

(ведущие раздают баурсаки)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырмалар:

Көктем жаңбыр себелеп,

Көк орай шалғын жетілсін,

Наурыз нұры жебелеп,

Жамандықты кетірсін.

Наурызбенен жаңарсын,

Жаңарып негіз қалансын.

 

Күн мен айға әлемнің,

Берем ыстық сәлемін.

Қарттарыма сүйініп,

Сәлем берем иіліп.

Орындалды ойларың,

Құтты болсын тойларың!

 

Қалшы осында бір ән-жыр болып,

Қалшы осында нөсерлі жаңбыр болып.

Осы тойға өзімде арнап барам,

Табысым бар, ісім бар салмақтаған.

Рахмет айтам осындай жаңа күнге,

Дәстүрімді, салтымды ардақтаған!

 

 

Жаратылыс бұл гүлді

Жаратыпты қызға арнап.

Содан болар ғұмырлы

Атанғаны қызғалдақ.

 

Құлпырады ол-дағы

Көктемнің күнінде.

Сәл кешіксең болғаны,

Таба алмайсың бірін де.


 

Бауырсақты пісіруде қай тағам артық деп санайсыз:

Тұз, ұн, қант, май, бұрыш, ашытқы.

Сан арқылы көрсетіңіз.

 

Наурыз көжені жасағанда тағамдарды рет бойынша қалай саласыз?

Тұз, бұршақ, ет, бидай, су, арпа, тары.

Сан арқылы көрсетіңіз.

 

Қандай тағам қазақ халқының ұлттық тағамына жатпайды?

Қазақша ет, қуырдақ, қымыз, мәнті, жент, сорпа, қазы-қарта.

 

Қазақ халқының ұлттық тағамдарын неше топқа бөлуге болады?

Әр топқа мысал келтіріңіз.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.