Главное меню

  • К списку уроков
Сынып сағаты "Бүгінгі жас ұрпақ ертеңгі болашақ"
19.05.2015 1695 0 Сабирова Айнагул Базарбаевна

мақсаты:
1. Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу.
2. Оқушыларды ізгіліктілікке, адамгершілікке үйрету
3. Оқушылардың тіл мәдинетін дамыту
Көрнекілігі:
Интерактивтік тақта, таратпа материалдар, қанатты сөздер.
Куратор сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Тәрбие сағатының мазмұны:
1. Ата тәлімі
2. Ескірмейтін есті сөз
3. Сен білесің бе?
Куратор:
Біздің ата - бабаларымыздың бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берелік, өсиет сөздер бар. Бүгінгі таңдағы, жас ұрпақ, сіздердің міндеттеріңіз осы қасиетті сөздермен танысып, оның мән – мағынасын жете ұғынатындәрежеге жету болып табылады.
Тәрбие сағаты үш бөлімнен тұрады.
І – Бөлімде қарт ата мен жас жігіт арасында болған әңгіме түрінде өткіземіз.
Қарияның жігітке қойған сауалына жігіттің жауап беруі және қарияның ол пікірді толықтырып, өз ойын айтып беруін көрсетеміз.
1-оқушы:
- Арман деген не? – депті кария.
- Ата, арман дегеніміз ақыл – ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, қыз көрікті болсам дейді, жігіт бақытты болсам дейді, карт жүзге келсем дейді, ұзтаз шәкіртіне үлгі болсам дейді.
- Арманына адаспаған жетеді, адасқан жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ өмірден түңіліп өтеді, - депті кария.
2-оқушы:
- Бақытты болу оңай ма? - депті кария.
- Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында – депті жігіт.
- Жоқ, балам, ақыл басында болса, бақыт жанында болады. Ақылды адамды азаптан да мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең, ақылдылықты үйрен, не ақылды қызға үйлен.
3-оқушы:
- Дос табу оңай ма? - депті кария.
- Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиынақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп, жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есінде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың.
4-оқушы:
- Өмірде не жетім? - депті кария.
- Ата – анасы жоқ бала жетім, – депті жігіт.
- Дұрыс балам. Өмірде ата – анасы жоқ бала тірі жетім. Өмірде жеті жетім бар.
Халқына сенімсіз болса – хан жетім,
Кеңесшісі ақылсыз болса – әкім жетім,
Суы жоқ құдық жетім,
Ұлы жоқ әке жетім,
Қызы жетесіз болса, анасы жетім
Досы жоқ жігіт жетім,
Шәкіртсіз ұстаз жетім.
Өмірде жетім болсаң есірме. Ақылды жетім кеңесуге құмар, ақылсыз жетім егесуге құмар. Егескен ел болмайды.
5-оқушы:
- Үйде кім, елде кім қадірлі? - депті кария.
- Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі, – депті жігіт
- Жоқ, балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала – үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй – мазар, - депті кария.
6-оқушы:
– Елді кім, үйді кім бүлдіреді? - депті кария.
– Ата, елді өсекші бүлдіреді, үйді бала бүлдіреді, -депті жігіт.
– Жоқ, балам, елді өсекші бүлдіргенмен, үйді ақылсыз бала бүлдірмеді. Есіңде болсын ақылсыз басшы елді бүлдіреді, ақылсыз әйел елді бүлдіреді.
7-оқушы:
- Үйдегі алтын қазық кім? - депті кария.
- Ата, үйдегі алтын қазық – бала - депті жігіт.
- Жоқ, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қарқоршың, ағаң – қорғаушың, інің – сүйенішің, қарыңдасың қанатың екенін ұмытпа. Ананы – сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның – жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілде, ақылы сөзінде.
8-оқушы:
- Өмір сүру үшін не қажет? - депті кария.
- Өмір сүру үшін алтын, ақша, мал, нан қажет, - депті жігіт.
- Жоқ. Өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз өмірдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін береді. Адам ақылмен ағайынды табады, ақылсыз адам ағайыннан безеді.
9-оқушы:
- Достықты нығайтатын не? - депті кария.
- Ата, достық пен жолдастық ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдықты нығайтады, – депті жігіт.
- Дұрыс, балам, сеің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шынн достық ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң «сәлеметсіз бе, кешіріңіз, рахмет, сау болыңыз, сәлем айтыңыз, рұқсат па?» деген сөзді шын көңілмен айтуды үйрен. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі. Жөн сөз – көңіліңді өсіреді, жөнсіз сөз үмітіңді өшіреді.
Куратор:
- Міне, балалар, көрдіңдер ме, дос табу үшін, елде кімнің қадірлі екенін, өмір сүру үшін не қажет екенін, шындықты бұзатын, достықты нығайтатын не екенімен таныстық және осындай ғибрат алатын сөздерді есте сақтау керектігін ұмытпаңдар.
ІІ – бөлім.
«Ескірмейтін есті сөз».
Бұл бөлімде дайындалу балалардың өздеріне тапсырылады. Күнделікті өмірде ата-әжелерің, ата-аналарың айтып отыратын ырым мен тыйым сөздер жарысын өткіземіз. Кім көп біледі екен?
1. Отқа су құйма, түкірме. Себебі кезінде ата-анамыз отқа табынған. От омір, тіршілік көзі саналған.
2. Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе, себебі. Тірі малдың сүйегі сырқырап, желіні іседі, малсыз қалып, жоқшылыққа ұшырайды деген ұғым бар.
3. Қазақ түнде мал, адам санамайды, себебі кемиді деп есептеген.
4. Пышақтың жүзін жалама, кезеңбе, себебі пышақ ұзарып кетеді.
5. Үйге қарай, үйді айналып жүгірме.