Главное меню

  • К списку уроков
Сынып сағаты "Табиғатты қорғайық"
19.05.2015 1575 0 Мусагалиева Жанаргул Шмитовна

Сабақтың мақсаты: Туған жер табиғатын қорғауға тәрбиелеу, Отанға,туған жерге деген сүйіспеншіліктерін дамыту.
Табиғат-тіршілік атаулының құтты қоныс мекені,тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, Жер-Ана, атамекен, туған жер, ауылым деген ұғымдардың бір-бірімен тамырлас әрі тағдырлас.
Туған жер деген сөзде терең ұғым бар, әрі ол әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп кеп қалған қасиетті мекені.Туған жердің барлық табиғи қадір-қасиеті ананың ақ сүтімен тұла бойыңа тарайды. Адамның барлық өміріндегі тағдыры да туған жермен тамырласып өзектесіп жатады.
Туған жер бар үмітім, күтер алдан,
Қасиетіңді қастерлер көтере алған
Мен қалай туған жерді ұмытамын
Қаны тамып,кіндігім сенде қалған.

Туған жер мен өзіңмен өзектеспін,
Қиналғанда дем беріп көмектеспін
Табатымда туған жер табы қалып
Топырағымнан нәр алып өзіңде өстім

Туған жер бастауысың өнегенің
Мен уығымын:басында керегенің
Қалайша ұмытамын мен анамның
Бесігіне әуелеп бөлегенін

Туған жер,атамекен,ауыл сөздері жүрегімізге жылы естіліп,сағыныш сезімге бөлейді,өмірге деген сүйіспеншілігімізді арттыра түсіреді,ет жүрегімізді елжіретеді.

Тәңіріме бас иіп бағынамын,
Туған жерді аңсаймын,сағынамын.
Туған жер деп соғады жүрегім де,
Басымды иіп,алдыңа табынамын.

Ән:«Ауылым»

Туған жер-ұлы Отанның бір бөлшегі,оның қасиеті де,құдіретті өлшемі.

Қарасам Қазақстан картасына,
Оранған бар байлықтың алқасына.
Арайлы атамекен-туған жерім,
Мен үшін сеннен артық әр тасың да.

Ажарлы туған өлке атырабым,
Жайқалтқан жасыл әлем жапырағын.
Тіршілік атаулыға нәрін берген,
Ол сенің қасиетті топырағың.

Туған жер деген ұғымды Қазақстан деген ұғымнан бөліп қарауға болмайды.
Қандай ғажап ажарлы,аса көркем,
Қазақстан-арайлы туған өлкем.
Тереземіз тең бүгін басқа елдермен,
Өсе берсін ұл-қызың жайып өркен

Егемендік нышаны жарқын жастың,
Болашаққа сеніммен қадам бастық.
Көркейтейік туған жер табиғатын,
Кең даламда жайқалсын алтын астық.
Туған жердің тағдыры біздің ата-бабамызда да ерекше толғандырған.Олар өз ұрпақтарына осыншама кең алқапты алақанымен аяалап аңталаған ата жаулардан аман алып қалған,онын әрбір ағашын,тасын,бұлағын аялай білген.
Атамекен жанға жайлы сая бау,
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.
Қанымызға сіңген екен ақ сүтімен ананың
Туған жердің табиғатын аялау.

Ән:«Атамекен»
Әрбір ұрпақ үшін алдыңғы буын ата-ананың туған жер табиғатын қорғау дәстүрі әрі өнеге, әрі мұра болып саналады.
Әрбір сөзі өнеге ата менен бабаның,
Батыр ұлы көп болады даланың.
Ұрпақтарын ұлылыққа жетелеп
Тағылымына зер мән берген баланың.

Біздің ата-бабаларымыз бұлақтың көзін ашып,айналасына жасыл шілік еккен. Туған жерге бау-бақша егу-ата-бабадан қалған мұраның бірі.
Бағбан бабам бау өсіріп жеріне,
Үлгі-өнеге көрсетсен ол еліне
Бабалардан тағлым алған ұрпақтар
Тартып туады арғы ата тегіне.
Жасыл бақ көркі болған кең даланың,
Ұмытылмас ұлылығы ер бабаның
Жайқалған жасыл бақты көрген кезде,
Құдіретпен мен бабамды еске аламын.

Ал қазіргі кезде қырқылған ағаштарды көрген кезде,ата-баба өнегесіне немқұрайлы қарайтын қатігездерді аяусыз жазалағын келеді.

Ұлағаттың түп-тамыры өзің ұшқан ұяда,
Өскен ұл жетелейді асқар биік зияға
Өз ұясын қорғамаса әрбір құс,
Басқа ұяға бауыр басып сия ма.
Ұл деген құтты қоныс мекенің,
Ұмытпайық ұя деген ұлы Отан екенін.
Сол ұядан самғап ұшқан биікке,
Армандаған мұратыма жетемін.
Ұя бұзған бұл өмірде оңбайды,
Ондай жанға бақ пен бақыт қонбайды
Ұя бұзған жандардың өмірі өтер өксікпен
Өзегін өртеп жүректе зарлы мұң-қайғы.

Аялайық,ұяны ұшқан өзіміз
Жүректе жүрсін ұяда өскен кезіміз.
Ұяның қымбат екенін естен шығармай,
Сағына жүріп,жүректен ғана сезіңіз.
Бүкіл адамзаттың аузынан түспейтін табиғаттың апатты аймағына айналған Арал тағдыры да өзегімізді өртейді.

Аралға да жан ашымай қарадық,
Сарқылмайтын байлыққа оны санадық.
Талай елді асыраған ежелден
Аралдың да бар байлығын тонадық.
Ойлау керек Арал жайын,ел жайын,
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.
Өзімізді асыраушы табиғаттай Ананы
Қорғау үшін әрқашан да тұр дайын.

Табиғатты аялау-әрбір адамның абыройлы да азаматтық парызы.Табиғатты сүйе білген,оны аялай білген адамның ары да,жаны да таза болады.

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ол –сәніміз.
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

«Туған жер туралы толғау»
(Сөзі:Қ.Мырзалиевтікі,әні:С.Лұқпановтікі)