Главное меню

  • К списку уроков
«Елбасы - ел тірегі»
16.01.2019 42 14 Макишева Нэлли Мухитовна

Тақырыбы: «Елбасы - ел тірегі»
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, білім алушыларға өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.

1 – жүргізуші: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы - ел тірегі» атты сыныптан тыс ашық тәрбие сағатымыз ашық деп жариялансын. ҚР Гимні орындалсын. (Гимн орындалады)

2 – жүргізуші:
Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан – Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

1 – жүргізуші:
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!

2 – жүргізуші: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің директоры Хайруллина Гулжан Бакитовнаға беріледі.

1 – жүргізуші: Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.

2 – жүргізуші: (Осы жерде бейне ролик жүргізіледі) Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.
1 – жүргізуші:
Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

2 – жүргізуші:
Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.

9ю – 22 топ қыздарының «Қазақ биін» тамашалаңыздар!

1 – жүргізуші: Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Бүгінгі студенттеріміздің дайындаған «Ағылшын тілін дамыту» атты жобасын 9ю-22 топ студенті Жасқайратова Айару түсіндіріп берсін.

2 – жүргізуші:
Үкілі домбырам
Өзіңмен сырласам.
Ғасырлар дауысы бар
Үніңді тыңдасам.- деп ендігі кезекте «Адай» күйі. Орындайтын Салықов Дастан

1 – жүргізуші: Саналы ғұмырының 45 жылын ежелгі далалықтардың өткеніне куәлік берер табылған қазба деректердің, жазба деректердің, ауызша деректер¬дің мәліметтерін кейінгі жетілген әле쬬дік ғылымның жетістіктерімен са¬лыс¬¬тыра, салғастыра зерделеп, бір¬неше еңбек¬ жазып, ғылыми орта¬дан соның лайықты бағасын ала алмай, торығып жүрген мен үшін Ел¬ба-сымыздың 21 қараша күні «Egemen Qazaqstan» газетінде жа¬рық көрген «Ұлы дала¬ның жеті қыры» атты бағдарлама¬лық мақа¬ласы ерекше қуат берген, ат¬қар¬ған ісімнің пайдалылығына сені-мім¬ді арттырған рухани тіректей болды. «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы - түгел түркі мен Ұлы даладан бастау алатын тамырлас жұрттардың да ортақ игілігіне айналары хақ. «Сөзі жоғалған елдің өзі де жоғалады» атты пікірін Қалиматова Гүлімді тындайық.

2 – жүргізуші:
Елбасымыз Н. Әбішұлы Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын. Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Осыған орай үш тілде өлең жолдарын оқуға кезек берейк. Ортаға Төлепқали Жангелді, Маликов Радмир, Қуанышева Алтынай

Жангелді: Елімде бейбіт тыныш заман болсын,
Тілеймін әр адамға бақыт қонсын!
Елімнің ел ағасын халқы қолдап,
Қазақстан жеріміз аман болсын!
Радмир: Happy Independence day

Standing below the national flag
We promise to love my nation
To work hard for its growth and
Fight till death for its protection

Looking up atr the sky we salute
It with much pridie and courage
We love as it flows in the air and
Remembered struggles of old day


Алтынай:
Стоя под национальным флагом
Мы обещаем любить свою нацию.
Работать над ее ростом и
Бороться до смерти за свою защиту.
Поднимаясь на небо, мы приветствуем
Его с большой гордостью и мужеством.
Мы любим, когда он течет в воздухе, и
Вспоминает битву тарых дней

Звук национального гимна плавает
В воздухе, делающем его чистым и
Божественным
Приди, что может наша страна будет
Впереди и всегда светит

Мы любим нашу родину, наш флаг
Мы рождаемся патриотами этой земли
Мы работаем ради мира и любви и
Стремимся сделать нашу страна
Большой

Салют моей родине


1 – жүргізуші:
Біздің Қазақстан
Анамыздай тілеуі ақ.
Отан бізге біреу – ақ
Ол – біздің Қазақстан!
Жастан сүйе аңсаған
Тәтті күй мен кәусар ән. «Көк тудың желбірегені» әні, орындайтын Салықов Дастан.

Осымен бүгінгі «Елбасы - ел тірегі» атты сыныптан тыс ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Жабық деп жариялаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.