Главное меню

  • К списку уроков
«Жақсылық жасауға асығайық!» атты сабақтан тыс жұмыс
15.05.2017 295 20 Джалбырова Гульназира Таласовна

Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасының жоспары

Мектеп: Хмельницкий ЖОББМ
Сынып: 7«а» Оқушы саны -8
Мерзiм: .10.2016
Мұғалім: Джалбырова Гүлназира Таласқызы
Оқудан тыс іс-әрекеттерді өткізу орны: № 5 Шарбақты арнайы жалпы білім беру мектеп интернаты
Тақырыбы:«Жақсылық жасауға асығайық!»
Мақсаты:
Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.
Міндеттері:
1) Оқушыларға жақсылық жасаудың адами қарым-қатынстағы мәнділігін түсіндіріре отырып, іс-шараға қатысатын интернат оқушыларын да жақсылық жасауға шақырту;
2) Оқушылардың жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
3) Оқушыларды қайырымды, камқор болуға тәрбиелеу.
Ресурста:Интерактивті тақта, тыныштық сәті әуені, күй, би, өлең, тамшылар

Оқудан тыс іс- әрекеттердің жобасын өткізудің даярлық жоспары:
1. «Жақсылық жасауға асығайық» атты сынып сағатын өткізу.
Негізгі ой: Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйренеді. Қолынан келгенше ешкімді де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады. Біз де сондай болуға тиіспіз. Көрші мектепте оқитын оқушылардың сендерден ешқандай кемшілігі жоқ. Бірақ, ол балалар ата-анасының қамқорынан мұқтаж болып келеді. Сондықтан, олардан өз мейірімізді аянбайық! Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді.
«Жақсылық пен жамандық» ертегісі
Ертеде Адам ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты, сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық “істе” десе, жамандық “істеме” деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді.
Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып:
- Адам, ана балыққа көмектесіп жібер, - десе, Жамандық:
- Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма, - дейді.
Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп. Суда ойнақшып, секіріп, құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді. .
Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр – шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық:
- Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит – құсқа жем боласың ғой, - дейді.
Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық:
- Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, - дейді.
Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ – шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады.
Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәнінен айырып тастағысы келіп оқталады да, шыр – пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол:
- Әй, адам – ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кеуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда, қол ұшыңды көрсетіп жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп – кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе? – деп налыған екен.
Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады. Сөйтіп Адам ата ұрпағын алдына шақырып алып:
- Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол, - деп батасын береді.
Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді екен.
- Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар?
- «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?
- Жақсылық жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
2. Оқудан тыс өтетін іс-әрекетімізге байланысты концерттік бағдарлама құру. 7 «а» сынып оқушыларының бәрі домбыра үйірмесіне қатысады, өздері бір күй тартушы топтың мүшесі болғасын бірінші номер күй тартады. Айдана би билейді, Тілеубек пен Нұржан ән айтады. Оқушылармен кеңесіп тағы басқа номерлар құрамыз.
3. Жоспарланған іс-шара өтісімен «Маралды» аудандық газетіне мақала жазуға дайындалу. Оқушылар өз атынан газетке мақала жазғанда өздерінің жасаған қайырымдылығымен бөлісе отырып, басқа адамдарды да жақсылық, қайырымдылық жасауға шақырады. Талдау

Іс-шараны өткізудің жоспары:
1. Тыныштық сәтін өткізу. Жақсылық жасаудың маңыздылығы туралы айту. «Жақсылық жасасаң алдынан келеді» (Бумеранг добра)бейнежазбасын көріп, талқылау. https://www.youtube.com/watch?v=6xUjLDCChlY
2. Концерттік бағдарлама көрсету.
3. Шығармашылық жұмыстар орындау.
4. Іс-шараны қорытындылау «Жақсылық тамшысы».
Іс-шараны оқушыларым өздері менің көмегіммен жүргізеді.
1. Тыныштық сәті /музыка ойнап тұрады/
Балалар көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, қайырымдылық пен ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.
Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісі аңқыған көгінде күн күлімдеп, әлемге жылы шуағымен, мейірімділік шашуда. Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз, олар ерекше адамдар, олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз. Себебі , бұл жердегі тіршілік атаулының барлығы бір-біріне мейірімділікпен назар аударады. Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан-дүниемізді осы жақсы сезімге толтыруда. Ал енді балалар осындай жылы сезімді жүрегімізге орнатып, мәңгі есімізге сақтаған қалпымызбен, терең дем аламыз, көзімізді ашамыз.
Қандай күйде болдыңдар? Қандай әсер алдыңдар?
Адамдар осы әлемдегідей бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап, қайырымдылық жасап жатса, қандай жақсы болар еді.
- Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір-біріне деген сыйластығы артады. Жақсылық жасау-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау - биік адамгершіліктің белгісі.
«Жақсылық жасасаң алдынан келеді» (Бумеранг добра) бейнежазбасын көру. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген халық даналығын қалай түсінесіңдер?

2. Концерттік бағдарлама.
1. Тарт күйіңді, домбыра!
Төгіл, төгіл тәтгі күй,
Тау суындай сылдыра,
Желпін, желпін жел соқтыр!
2.Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма
Өскеніңді өшіресің.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа. Ортада Габдулгазизова Айдана, қарсы алыңыздар!
3.Құлақтан кіріп,бойды алар
Жақсы ән ментәтті күй.
Көңілге түрлі ойсалар,
Әнді сүйсең,менше сүй. – дей келе Марат Тілеубек пен Бауыржанов Нұржанның орындауындағы әнді қабыл алыңыздар!

3. Шығармашылық тапсырма. (Біздің мектеп оқушылары интернат оқушыларымен бірге араласып, түс таңдау арқылы екі топқа бөлінеді)
Ертегілерді өз ойларыңмен жалғастырып сахналаңдар.
1-топ. Қарлығаш пен дәуіт.
Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көріп, қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді.
2-топ. Аю мен тышқан.
Бір тышқан аңдаусызда аюдың апанына тап болып қалады. Одан адасып жүріп, аюдың құлағына кіріп кетеді.
Аю шошып оянып, құлағын баса қояды.
- Менің құлағым-сенің інің деп пе едің?-деп ақырады. Өзіңіді жақсылап сабайын ба?
- Сабамашы. Мен де бір керегіңе жарармын.
- Бармақтай болып, не керегіме жарармын дерсің,- деп күледі аю. Дегенмен босатып жібереді.

4. Қорытындылау. «Жақсылық тамшысы»
Тамшы үлгісінде қиылған көк қағаздарды үлестіремін.
Біздің дариямыз тамшыларға шашырап кетіпті. Біз дариямызды құрау үшін мына тамшыларға жасаған жақсылықтарымыз бен игі істерімізді жазуымыз керек.Балалар тамшыларға жасаған игі істерін жазады.
Тақтадағы ақ қағазға тамшыны кезекпен ілеміз де, жасағанжақсылықтарымызды жария етеміз.
-Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналды. (Дарияны ілемін.) Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.