Главное меню

  • К списку уроков
"Шана-қыс қызығы"
23.03.2016 309 87 Кушкенова Алия Тезекбаевна

Тақырыбы : «Шана-қыс қызығы» Мақсаты:Білімділігі:Қыс мезгілінің ерекшеліктерін балаларға түсіндіру.Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды,сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету. Дамытушылығы:Сурет бойынша әңгіме құрату,ойлау,көру қабілеттерін дамыту. Тәрбиелігі:Балаларды ұқыптылыққа,ептілікке,адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақта пайдаланатын көрнекті құралдар:қыс мезгілін бейнелейтін суреттер, шанамен сырғанап жүрген балалар суреті,слайд. Пайдаланатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру. Күтілетін нәтиже:Жұмбақтарды шеше алады,мақал-мәтелдерді айта алады.Сурет арқылы қыстың бейнесін сипаттайды. Психиологиялық ахуал: Өсті қызық көп күндер, Алты жасқа жеткендер. Өсті ақыл ойларың Өсті,міне,бойларың. Иіліп сәлем береміз, Әдепті боп өсеміз. Өткенді пысықтау:Үй тапсырмасын сұрау: -Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен ерекшілігі қандай? -Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды? «Біз тебеміз сырғанақ»жаттау. Топқа бөлу: Ітоп: Қол созсаң,ақ күміс Алақанға толады. Ашып-жұмсаң,іс-түзсіз Лезде жоқ болады. «Қар» ІІтоп:Шелек қалпақ басында, Сәбіз екен танауы. Қыста қардан туатын Тауып көрші сен оны «Аққала» ІІІтоп:Жасыл ине киімім, Жайлаймын тау биігін. Жаңа жылды тойласаң Төріндемін үйіңнің. «Шырша» Қызығушылықты ояту: Жаңа сабақ:Жұмбақ жасыру. Қыста үйге кірмейді, Көктем шықса жүрмейді. «Шана» жауабын айтып,сипаттайды.Оқулықпен жұмыс. Тақырыбы: «Шана».Жалпы мәтінін түсіндіру.Қыс туралы тақпақтар және мақал-мәтелдер сұрау.Жаңа материалды меңгергенін тексеру. -Бала ұйқысынан тұрып,қайда қарады? -Ол терезеден кімді көрді? -Әкесі мен шешесі не істеп отырды? -Бала ата-анасына қандай сөз айтты? -Әкесі баласына не әкеліп берді? -Анасы баласына қандай ақыл айтты?Анасы неліктен олай айтты? -Баласы не деп жауап берді? Мағынаны тану:Сурет арқылы әңгімелеу. Ребус шешу. Ш
Сергіту сәті:Боран соғар оң жақтан, Боран соғар сол жақтан. Қар лақтырып ойнасақ, Су өтеді қолғаптан. Ой толғаныс: «Қандай қимыл жасағанын тап ойыны» Шарты:Түрлі қимылдар жасау (шаңғы,хоккей,коньки,шана)Балалар қандай қимыл жасағанын табуы керек. Қорытынды: -Қыста қандай қызықтар болады? -Қысқы ойындарды ата? –Шанамен не үшін қыста ғана сырғанайды? Бағалау:Мадақтау смайликтер арқылы.Бағалау парақшасын толтыру.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.