Главное меню

  • К списку уроков
Тақырыбы: «Ана - біздің гүліміз»
22.03.2016 309 92 Кушкенова Алия Тезекбаевна

Тақырыбы: «Ана - біздің гүліміз»
Мақсаты:8наурыз халықаралық аналар мен аруларымыздың мейрамы екенін ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге,қолғанат болуға,әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:түрлі түсті шарлар,слайд,аналар туралы тақпақтар.
Армысыздар,аяулы аналар,құрметті ұстаздар,гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8наурыз Халықаралық аналар күні де келіп жетті.Бір қолымен бесікті,екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік қыздар қауымының төл мерекесі.Мерекелеріңіз құтты болсын!
Бала, бала,бала деп, Түнде шошып оянған Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған. Қаймақты сүттей қалқытқан Су болса жөргегі Қорғасындай балқытқан Айналасына ас қойып, Өзенді көлдей шалқытқан. Қолын қатты тигізбей, Иісін жұпар аңқытқан Бұл кім? Ана,ана,ана!
Құрметті аналар,қадамдарыңа гүл бітсін,сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.
Қолғанат: Мәпедлейді,әлдилейді бағады, «Құлыным»деп құшағына алады. Өзгеге де,өзіне де жауапты, Барлығына қалай уақыт табады. Аружан: Үн қатасың бал тілмен, Еркелеймін әр кун мен. Құттықтаймын анашым, Сегізінші наурызыңмен! Сержан: Той пердесін ашайық, Тойға шашу шашайық. Аналарды құрметтеп, Ән маржанын ашайық. Асылай: Шашымды өріп тараған, Қабағыма қараған. Үлкен,кіші демейді Сыйлайды оны бар адам. Исмаил: Мен гүлдерді жұлмаймын, Торғайларды қумаймын. Айтқан сөзін тыңдаймын, Анашымды сыйлаймын. Ұлдана: Біз доспыз гүлдермен, Текке оны жұлмаймыз. Той күні бір-бірден, Ананаларға сыйлаймыз. Жаннұр: Бүгін наурыздың сегізі, Сұлулықтың егізі. Әдемі сөз адамның Анаға айтар лебізі. Аян: Әр сезімді жаттаған, Жүрегімде сақтаған. Анашым деп мақтанам, Айналайын ақ мамам. Бекзат: Аналарды сүйеміз, Сөзін ойға түйеміз. Әжені де ардақтап, Әдеппен бас иеміз. Жанерке: Ана біздің күніміз, Ана біздің гүліміз. Бізді ана қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз. Ақниет.Е: Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті аналар! Мейрамбек: Бізге қарап елжіреп, Сүйсе беттен күнім деп. Құшақ ашса келші деп, Жүгіреміз күлімдеп. Нұрасыл: Немересін жанындай Әжем жақсы көреді. Қонаққа барса ұмытпай, Кәмпит әкеп береді. Аяжан: Бөбегіңнің сыйлығын, Қабыл алшы анашым. Ұзақ өмір жүз жасап, Ауырмашы анашым. Ақниет: Ақыл құйған санама, Күннен артық расында. Күн алыста,ал анам Ылғи менің қасымда. Жұмазия: Достықты біз ойлаймыз, Бірге күліп ойнаймыз. Мерекеде қыздарға Достық жырын арнаймыз. Қарақат: Ақ анашым,аппағым, Өзің жайлы таппағым. Өзің жайлы әнім де, Арнадым саған бәрін де. Нұрила: Айтсаң болды тіл алам, Әйбат мамам әй мамам. Сені көрсем қуанам, Сен керексің қашанда.

Көңілің Алатаудың ақ қарындай, Мейірімің күннің шуақ шақтарындай. Қалайша аяулы ана тына алармын, Ән болып сағыныштан ақтарылмай
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті.Әлемдегі жақсылық көзі,адамдық қасиет,ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен аттасып жатыр.Ендеше бүлдіршіндеріңіздің ана туралы әсем әнін тыңдыңыздар .Ән: «Ақ мамам».
Теңіздей тербетіліп көл бетінде, Бишілер билеп кетті тербетіле. Аққудай қалықтаған теңіздегі, Бишілер өнерлерін көрсетуде. Би: «Кішкентай үйректер»
Көрініс: «Патша және оның қыздары»
Қариясы бар үйдің,қазынасы деп бекер айтпаған.Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып,әнімізді қабыл алыңыздар!» Ән: «Әжетайым»
Ана десем сезім билер тым ыстық, Жарасады адамдарға туыстық. Бар адамға берсе ананың мейірімін, Орнар еді бар әлемде тыныштық. Би: «Көбелек»
Ойын. Шарты:3 ұл бала музыканың әуені тоқтаған кезде 3 қызға гүл сыйлау.
Алтын анам жасымнан аялаған Мен үшін игілікті аямаған Сабақтан шаршап үйге келгенімде Бал сөзі –жаным деген,сая маған.
Көрініс: «Мақта қыз бен мысық»ертегісі
Аналар қалқып бақыт аралында, Лайым мұң қонбасын жанарыңа Осымен кешімізді аяқтайық Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға-дей отырып бүгінгі «Ана-біздің гүліміз»атты тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын !Сау саламатта болыңыздар!

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.