Главное меню

  • К списку уроков
"Зерде" интелектуалды ойын 3 сынып
26.02.2016 485 100 Ембергенова Балжан Амангельдиевна

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.Ой-өрісін,тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу. Өз бетімен еңбектену сезімдерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, мақал-мәтелдер жазылған карташалар, сызба, сандар.
Түрі: зияткерлік ойын.
 Көрнекіліктері: АКТ, нақыл сөздер, суреттер, карточкалар.
Сайыстың жоспары: 
Көңілді тапқыштар,  білгіштер, 
Бар өнерін алдарыңа салады. 
Кім білімді, көп оқыған болса егер, 
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
І бөлім  — " Бәйге”.
ІІ бөлім –"Білімпаз”
ІІІ бөлім –"Полиглот”.
ІҮ бөлім – «Олан, тап»
Ү бөлім – "Кім жылдам?”
ҮІ бөлім – "Суреттер сөйлейді "деп аталады. 

Жүргізуші: Шақырамыз келіңдер жарысуға,
Күш- өнер білімменен алысуға.
Бар өнерді салайық, ортамызға,
Ал, қанеки кім шығады сайысуға!
Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
демекші , топтардың еңбектеріне баға беруші ұстаздарымызбен таныстырып өтейік.
Ал, қанеки сайысты біз бастайық,
Өзімізді таныстырып тастайық,- деп сөз кезегін әр топқа береміз.(таныстыру, Жүргізуші:
Мықты болсаң- алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң- тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң- бөгеттерді бұзып өт,- деп келесі сайысымыз
І бөлім  «Бәйге».
Бұл сайыста «ия» немесе «жоқ» деп жауап бересіңдер, әр дұрыс жауаптарын 10 ұпаймен бағаланады. 
1 топ: 1. Сиырдың сүтінен жасалатын өнім – шұбат (жоқ)
2. Алма суда өседі? (жоқ)
3. Периметрді табу үшін ұзындықты еніне көбейтеміз? (жоқ)
4. 100:100=1 (ия)
5. Зат есім кім?не? сұрақтарына жауап береді (ия)
6. Мұнай пайдалы қазбаға жатады (ия)
7. Қазақ балуаны – Абай (жоқ)
ІІ топ:
Талда жүзім өсе ме? (жоқ)
Етістік Қанша? Неше? сұрақтарына жауап береді? (жоқ)
Қастеев тұңғыш қазақ суретшісі? (ия)
Бір аптада 7 күн бар? (ия)
10+30= 50 (жоқ)
Сын есім қандай? қай? сұрақтарына жауап береді? (ия)
ІІІ топ:
Қардың түсі ақ? (ия)
Судың түсі ақ? (жоқ)
100-80=20 (ия)
1 тәулікте 25 сағат? (жоқ)
22 наурыз – Аналар мерекесі (жоқ)
8 наурыз – Жаңа жыл (жоқ)
Каспий – өзен? (жоқ)
І бөлімді қорытындылау .
Жүргізуші: Күншығыс халқының бір ойшылы « Бір жылдығын ойлаған күріш егеді, он жылдығын бұрын ойлаған ағаш егеді, ал  жүз жылдығын ойлаған бала тәрбиелейді» деген екен. Осы ойдың астарына зер салып, бала тәрбиесіне баршамыз атсалысып, ынтымақтаса жұмыс жүргізейік дегім келеді.Ынтымақ бар жер де, тәрбие де, бірлік те, береке де бар.
Кезекті ІІ бөлімге берейік «Білімпаз» сұрақтарға жауап беру керек.
5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды? (5 минут)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. ( қазақ тілі)
Мемлекеттік рәміздерді ата (ту, елтаңба, гимн)
Басты байлық. ( денсаулық )
Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға нелер жатады? (тас, әктас, фосфорит, мәрмәр, гранит)
Күйді орындаушы адам ( күйші )
Заттың атын білдіретін сөз табы ( зат есім)
Қазақша жылдың басы не? ( тышқан)
Діни мейрам (Құрбан айт, Рамазан айы)
Қ.Р. мемлекеттік тудың авторын ата. (Ш. Ниязбеков)
Жаңа әнұранның сөзін кім жазған?( Ж.Нажмиденов, Н.Назарбаев)
Қ.Р. тұңғыш ғарышкері кім? ( Т.Аубакиров)
Көру мүшесі не? (көз)
100 жыл ( ғасыр)
Заттың қимылын білдіретін сөз табы? (етістік)
9 мамыр қандай күн? (Жеңіс күні)
Абылайдың шын аты кім? ( Әбілмансұр)
Осы жыл ненің жылы? (мешін)
Орман дәрігері? ( тоқылдақ)
Қ.Р. тәуелсіздігі қашан жарияланды? ( 16.12.1991)
ІІІ бөлім «Полиглот»
Жұмбақтардың шешуін тауып, жауабын қазақ, орыс тілдерінде айту.
Мен – ақ қалам, ақ қалам,
Жазған сайын жоқ болам. ( бор – мел)
Қарап тұрсаң өзіне,
сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Дәл қазіргі кезіңе. ( айна – зеркало)
Күні бойы сен оны
екі аяқтап басасың.
Жатар кезде өзіңнен
Аулақтатып қашасың. ( етік – сапоги)
Күндіз бәрі қашады,
түнде аспанды басады. ( жұлдыз – звезда)
Ағайынды бәрі.
Шықса жасыл,
Түссе сары. ( жапырақ – листья)
Шидиген ұзын сирағы,
тастай керең құлағы.
Сөйтіп жүріп көп жерге,
Аспалы торлар құрады. ( өрмекші – паук)
Жазда қыдырады,
қыста тынығады. ( аю- медведь)
Жатып- жатып инелер,
жүгіріп жаныңа тез келер. ( кірпі – ежик)
Қыста ғана болады,
ұстасаң қолың тоңады. ( қар – снег )
Үй ішін аралап,
түнде көп жортады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады. ( тышқан – мышь)
Ән салады чемодан,
ішінде жүр көп адам.
Естімейді сөзіңді,
Сөйлесең де сен оған. ( теледидар – телевизор)
12.Өзі жап-жас, мұрты бар.
етпен сүтке ұмтылар,
тастамайды жылы үйде,
түкті тонын шұп-шұбар.( мысық – кошка)
13.Төрде жатып шалқиған,
дәу қарны қампиған. ( жастық-подушка)
14. еркін самғап ұшсын деп,
мәпелейміз, баптаймыз.
Бейбітшілік құсы деп,
Қайсы құсты атаймыз? ( көгершін – голубь)
15. жерде де мекен етеді,
көлде де мекен етеді. ( бақа- лягушка)
16. жұпар иісі еседі,
жайнап бақта өседі.( гүл – цветок)
17. көкпеңбек еді көктемде,
қызарды күзге жеткенде. ( алма – яблоко)
18. сыртта қапырық болып тұр,
үйде ол селкілдеп тоңып тұр. ( тоңазытқыш – холодильник)
19. жерге тырс- тырс тамады.
Сайға қарай ағады. ( жаңбыр-дождь)
20. жарға шығып ойнайды,
ойынға бір тоймайды.
Болса-дағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды. ( ешкі –коза)
ІІІ бөлім – " Білімпаз”. Кестенің атын, санын атап сұрақтарына жауап беру.
Жауап бере алмаған жағдайда қарсылас ойыншы сол сұраққа  жауап бере алады.
 ІҮ бөлім «Ойлан, тап». Бұл бөлімің сұрақтары арнайы ұпаймен бағаланады.
"Ақындар”.
10-  Бес жақсы, бес жаман әдет туралы жазған ақынды ата.( Абай)
20- Кезінде "қазақ даласының жұлдызы” атанған ақын, жазушыны ата.( Ыбырай)
30- Төрт жасынан бастап мектепке барған ақынды ата. ( Мағжан Жұмабаев)
"Ойлан, тап”
10- 2 сағат 15 минут неше минутқа тең? ( 120+15 )
20-Шанаға қосарланып жегілген екі ат 20 км жүріп өтті. Әр ат қанша км жүріп өтті? ( 20 км)
30-  Сәуле, Әсет, Батыр – туыстар. Сәуле — Әсеттің қызы; Әсет- Батырдың ұлы. Сәуле Батырға кім болады? ( немере)
Табиғат
10- Өсімдіктің мүшелерін ата. (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым)
20- Бұл кітап өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінен жер бетінен жоғалып, құрып кету қаупі төнгенін ескертеді. (Қызыл кітап)
30-"Құс патшасы” деп қай құсты атайды? ( аққу)
 Ү бөлім – "Кім жылдам?” бөлімінде берілген өрнектерді жылдам, дұрыс шешу керек.
1 топ (39:1)+56-5-(80:1)-(12:6*10)-14
2 топ (4*4:1)-(84:1)-(60:10*5)+57-27
3 топ (100:1)+(96:2*2*1:6*10)-(9:3)
ҮІ  бөлім «Суреттер сөйлейді»
Мұхтар Әуезов
М. Жұмабаев
Д. Нұрпейісова
А. Айымбетов
Е. Серкебаев
М. Мәметова
Ж. Жабаев
Қорытынды. Жеңген топты марапаттау.










Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.