Главное меню

  • К списку уроков
2014-2015 оқу жылыдағы 3 сыныптың тәрбие жұмысының сараптамасы
23.05.2015 1831 0 Габбасова Гулгул Алмуханкызы

Оқу жылына келесі мақсаттар қойылған:
Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету, еңбекқорлыққа баулу, патриоттық сезімдерін ояту, әр түрлі халықтар ұлттарының кепіліне қамқорлықпен қарау сияқты тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.
Міндеттері: оқушыларды еңбекке және еркін өмір сүруге үйрету, өзінің ұлттық мәдениетінің сұраныстарын қанағаттандыруға, өмірлік саласын еркін шешім қабылдауға мүмкіндік беру, мектепте интеллектуалды, тұлғалық, эмоционалды-психикалық жағымды жағдай жасау.
1. Сыныпқа мінездеме
Сыныптағы оқушылар саны: 14
Жыл басында – 16
Жыл соңында - 14
Қыз бала – 6
Ер бала - 8
Сыныпта балалар жан-жақты көзқарастары дамыған, мектептегі іс-шараларға қызығушылықпен қатысады. Сыныпта тәртіп жақсы. Оқушылар ұжымы қалыптасқан деп айтуға болады. Сыныпта балалар жеке бөлінбейді, әрқашан бірге жүреді, бір-бірімен достық қарым-қатынаста. Бір-біріне қиын жағдайда көмек беруге даяр тұрады. Мектептегі өтетін әс-шараларға бірігіп қатысады, әрқашан жауапкершілікпен қарайды. Сыныптағы әр оқушы – жеке тұлға. Сыныпта бірнеше лидер болса да, олар әрқашан бірігіп шешім қабылдайды.
2. Оқып-тану жұмысын ұйымдастыру.
Оқу үлгерімінің жылдық сараптамасы сыныптағы барлық 14 оқушының 4-сыныпқа көшірілгенін көрсетті.
Сыныпта оқу озаттары: Абжанова Аружан, Бекали Ергелді, Гизатуллина Зарина.
Екпінділер: Амангелдыев Д., Бекмұхан А., Қайыргелдин Б., Кожахметов А., Тулюов Д., Уралбаева Д.
Жалпы сыныпта оқып білуге деген қызығушылықтары жақсы қалыптасқан. Оқушылар жиі кітапханадан қосымша кітаптар алып оқиды. Сыныпта оқу үлгерімі нашар, көмекті қажет ететін оқушылар бар, олар егіз қыздар Талғатбековалар. Біздің сыныпқа комиссия шешімі бойынша екінші жылға қалдырылғандықтан келді. Аделяның оқуға деген талпынысы бар, ал Анеляның оқуға деген қызығушылығы төмен. Қыздар жеке көңіл бөлуді қажет етеді.
Оқу үлгерімінің бақылауы және оқу тәртібі жеке әңгімелесу арқылы, ата-аналармен консультация, психологпен жұмыс арқылы асырылады.
Келесі оқу жылы оқушылардың «өзін бақылау» әдетінің қалыптасуына көп көңіл бөлу керек.
Оқу үлгерімін сынып жетекшісі бақылайды. Сыныптағы оқушылар сабақты себепсіз босатқан жоқ.
3. Сыныптағы ұйымшылдықтың дамуы.
Оқушылардың тәртібі, тәрбиелігі жақсы. Сыныпта бейбіт, ұйымшыл климат қалыптасқан. Балалар мектепалды даярлық топтан бірге оқиды, сондықтан қарым-қатынастары жақсы. Балалар бір-бірімен тез тіл табысады. Сынып өте ұйымшыл және еңбекшіл. Мерекелерге жаппай қатысады. Бір-бірін әрқашан қолдайды.
Сыныпта балалар арасында ерекше сыйластыққа бөленген балалар: Бекали Ергелді, Тулюов Данияр, Абжанова Аружан, Гизатуллина Зарина, Амангелдыев Диас.
Ұйымшылдықтың арқасында балалар тәрбие жұмысына қойылған мақсаттарға жетті. Сыныпта, мектепте өтілген барлық іс-шараларға жаппай қатысты. Мектепте өткен пәндер апталықтарында өз білімдерін көрсете білді.
«Менің отбасым», «Спорт-денсаулық кепілі», «Қысқы өрнектер» т.б. сайыстардан жүлделі орындарға ие болды.
Халықаралық ЭМУ олимпиадасына қатысып, барлық балалар мақтау қағаздарын алды.
«Ақбота – 2015» интеллектуалды марафонға сыныптан 6 оқушы қатысты.
Қалалық өзін-өзі тану пәні семинарында 3 «В» орыс сыныбымен бірігіп ашық сабақ өткіздік. Сабақтың тақырыбы: «Достықты қадірлей білейік». Сабақ «өте жақсы» деп бағаланды. Балалар өте қуанышты болып, өздерінің білгірліктерін көрсете білді.
Мектепте өткен барлық іс-шараларға қатысты «Алтын күз», « Денсаулық- зор байлық», «Күзгі сыйлық» (жемістер композициясы), «Қош келдің, Жаңа жыл!», « Қыздарики», «Наурыз думан», «Біз ұлы жеңістің мұрагерлері» т.б. Көптеген мақтау қағаздарымен марапатталды.
Осы барлық өткізілген шаралар оқушылардың бірлікте болуына, ұйымшыл болуына, жеке творчестволық қабілеттерінің дамуына, сөйлеу мәдениетінің дамуына әсер етті.
Сынып оқушыларының қосымша ұйымдарға қатысуы – 42 % . («Батыр» БЖК- 1, «Арман» клубы- 5 оқушы)
4. Ата-аналармен өзара педагогикалық әрекет жасау.
2014-2015 оқу жылы 4 ата-аналар жиналысы, 4 ата-аналар комитетінің отырысы өтті. Жеке отбасыларымен баланың оқу үлгерімі және тәртібі жайлы әңгімелесулер өтті.
Жыл бой өткен ата-аналар жиналысына түгел қатысты деп айтуға болады. Ата-аналармен келесі тақырыптарды жиналыстар өткізілді:
1. Мектептегі оқушылардың міндеттері мен тәртіптері, оқушылардың мінез-құлықтары.

2. «Отбасының бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі» әңгімелесу.

3. «Баланың рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі отбасының рөлі» әңгімелесу.

4. 2014-2015 оқу жылындағы балалардың оқу үлгерімі.

«Балалар және жаз: Тәрбие мен жауапкершілік»

Ата-аналар комитеті: Изатова А.С. – ата-аналар комитеті төрағасы, ата-аналар комитеті мүшелері: Гизатуллина Д. К., Кожахметова Г.К.
Олар жыл бойы сынып жетекшісіне, балаларға көмек көрсетті. Көп балалы отбастарына бару, мерекелер өткізу, «Тәтті үстел» ұйымдастыру, мерекелерде балаларға сыйлықтар жасау т.б. Ата-аналар сыныптағы жөндеу жұмыстарына көмек көрсетеді.
Жеке ата-аналармен әңгімелесу, анкета жүргізу барысында мынадай тұжырым жасадым, барлық балалар ата-аналарымен жақсы қарым қатынаста. Кей отбасы балаға қатал тексеріс, көтеріңкі талаптар қояды. Кейбірінде керісінше ата-аналар тарапынан бақылау қажет. Осы жағдайлар жайлы ата-аналарға жиналыста айтылып, көңіл бөлу талап етілді.

Келешектегі мақсаттар:
1. Оқуға деген қызығушылықты арттыру.

2. Сыныпта өзін-өзі басқару жұмысын жалғастыру.

3. Оқушылардың бойында лидерлік сапасын дамыту.

4. Сөйлеу және тәртіп мәдениетін дамыту.

Оқушылардың сыныптағы, жалпы мектептік іс-шараларға қатысуы өз
қатарын нығайтуға және ұжымның қалыптасуына әсер етеді.

Сынып жетекшісі: Габбасова Гүлгүл Алмуханқызы
21.05.2015 жыл.