Главное меню

  • К списку уроков
Сценарий "Ауғанның отты жалыны"
10.03.2015 1703 220 Каражанова Айнур Ерболовна

«Ауғанның отты жалыны» атты Ауған соғысының ардагерлерімен өтетін кездесу кешінің сценарийі, Жұртбай Қалелханұлы атындағы баскетболдан өтетін турнирдің ашылу салтанатының бағдарламасы
Кештің мақсаты: Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу арқылы сол соғыс жайлы мағлұматтар алып, оқушылардың ерлік қабілеттерін кеңейту. Тарихи оқиға туралы мәлімет беру. Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, бейнесюжеттер, сахнаның безендірілуі.
Кештің өтетін орыны: мектеп акт залы.
Түрі: әдеби – сазды тарихи кездесу кеші.
Кештің жүру барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Кештің ашылуы
3. Баяндама «Ауған соғысы: тарих, шындық, тағылым»
4. Ауған соғысында ерлікпен күресе білген жандар өмірінен сыр шерту
5. Кездесу кейіпкерімен сұхбат

Азамат:
- Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі аясында өтіп отырған «Ауғанның отты жалыны» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешіне, Жұртбай Қалелханұлы атында өтетін баскетболдан ашық турнирдің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

Темірлан:
Жауларға қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған .
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық.

1. ------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2. - ----------------------------------------------------------------------------------------------------------
3. ---- -----------------------------------------------------------------------------------------------------
4. ------------------------------------------------------------------------------------------------------------
5. --------------------------------------------------------------------------------------------------------
6. ------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Әдеби монтаж.
Әділжан:
- Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер.
Өлгендердің жәннәтта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!
Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті,
Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар менен бөрікті
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.

Шырын
Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып.
Әндететін кезің еді төс керіп,
Жаудың оғы сан мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып.
Алина:
Ағаларым жаралған ерлік, рухтан,
Оққа ұшып, отқа күйіп, ел қорғаған.
Отан үшін қан майданда жерді құшып,
Бізге күнді, көк аспанды сыйға тартқан.

Ғанибет
Отан үшін оққа тостың кеудеңді,
Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді.
Бірге аттанған бауырларың жер жастанды, жерленді
Жебейді олар әруағымен сендерді.
Аналардың көл боп аққан көз жасы,
Жетім - жесір тағдырларын ойлашы.
Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,
Елі үшін құрбан болған ер басы.

Марат Еркежан:
Келеді қос жанары отша жанып,
Ағалардың ерлігіне елі қанық.
Есімі ешқашанда ұмтылмайтын
Тарихта аңыз болып қалары анық.

Диас Алдаберген:
Жалын жастан зарын татқан Ауғанның,
Тар жол, тайғақ кешіп өскен тарланмын.
Өмір үшін өлімге де сан бардым
Ал, бармауға намыстандым, арландым.

Алмас Алдаберген:
Бір кезде жауыздықпен жүрген сайрап,
Дұшпандар айдалада жатыр жайрап.
Қарайды аға батыр айналаға,
Бойынан лапылдайды жігер, қайрат.

Алтынай:
Оралмай сан боздақтар кетті қанша,
Қалды ау талай ғұмыр тау мен таста.
Ауған жері, ауған елін қорғаймын деп,
Жастары жетпеген ед 20 жасқа.


Азамат:
Ауған соғысы туралы мағлұматтар базасын нығайту үшін сөз Сасан би атындағы орта мектебінің 9 – шы сынып оқушысы Сәкенов Ерсінге баяндама жасау үшін ұсынылады.
Баяндама «Ауған соғысы: тарих, шындық, тағылым»
Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды.
Статистикаға сүйенсек:
10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 - ке жетті. Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761 - і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. 1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды. Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал - лейтенант Б. Громов "Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдеді.
Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар.
Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды.

Темірлан:
Осы даталы күнге орай мектебіміздегі «Ауғанның отты жалыны» атты кешімізді ашу үшін ауыл әкімі Тілеуқабыл Сәкенұлына сөз кезегін ұсынамыз.

Азамат: (Слайд, видео қосып қою)
Батырды батыр ғана алмастырар,
Рухың көкке өрлеумен шарлап тұрар.
Бейбіт күнді қорғайтын жас ұландар,
Өмірін өнеге етіп жалғастырар,- дей келе, ауған соғысының ардагері, Нұрахметов Жұртбай Қалелханұлының ерлікке толы ғұмыры жөнінде білу үшін ортаға 9-сынып оқушысы Әукетаев Айболсынды шақырамыз.

Өмірбаян:
Нұрахметов Жұртбай Қалелханұлы 1960 жылы 15 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылында дүниеге келген. 1969 – 1979 жылдар аралығында Семей қаласының Сәкен Сейфуллин атындағы №1 мектеп интернатының 1 – ші сыныбына қабылданып, сол аталған мектептен 10 – шы сыныпты бітіріп шықты.
1980 жылы Ақсуат ауылынан ДОСАФ – ты оқып шықты. 1981 жылы әскери борышын өтеуге шақырылды. Өскеменде Таврия – 2 деген жерде 3 ай карантинде болып, маусымның 27 - күні Ауған еліне ұшты. Баграм қаласында танковый полкте Зенитный Ракетный Батареяда БМ стрелада оператор болып жұмыс істеді.
Мадақтамалары:
1. Қазақстан ардагерлері қауымдастығы кеңесінің шешімімен 2006 жылы 19 тамызда «Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 20 жыл» медальімен.
2. Қазақстан ардагерлері қауымдастығы кеңесінің шешімімен 2009 жылы «Ауған соғысының ардагері» медальі
3. 2013 жылы 5 маусымда « Ауған соғысының аяқталуының 25 жылдық мерекесі» медальімен марапатталған.
4. 1983 жылдан бастап Ақсуат ауданы, Құмкөл ауылында еңбек етіп келеді. 2001 жылдан бастап «Тәуке» шаруа қожалығын құрып, еңбек етіп жатыр.

Темірлан:
Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлесіміз біздің ортамызда. Ауған соғысының қанды күндерін бастан кешірген, осы сұрапыл соғыстың шын куәгері өзіміздің ауылымызда да бар. Ол – ауылымыздың тұрғыны, ауған соғысының ардагері, интернационалист жауынгер Нұрахметов Жұртбай ағамызға, және де бүгінгі кешімізге арнайы келіп отырған ауған соғысының ардагерлеріне
1. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------
2. --------------------------------------------------------------------------------------------------------- келесі сөз кезегін ұсынамыз.

Азамат :
- Сіздердің құрметтеріңізге Амангелдин Еркебұланның орындауында --------------------------------------------------------- әні. Қабыл алыңыздар.

Темірлан:
«Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет. Аталған тарих беттерін парақтап, бүгінгі күнге жетіп отырған ағаларымызбен сұхбаттасу үшін ардагерлерімізді әңгімеге тартайық.

Еркін микрофон жұмыс жасайды, сауал қоямын деушілерге рұқсат беріледі.
1. Сіз Ауған соғысына барғанда неше жаста едіңіз?
2. Соғыс кезіндегі қиындықтарды айтып берсеңіз?
3. Соғыста жарақат алдыңыз ба? Сол кезде не ойладыңыз?
4. Ауған соғысына аттанар алдында соғыстың мақсат - мүддесі түсіндірілді ме?
5. Бір деректерге сүйенсек, КСРО - дан барған интернационалист - жауынгерлер Ауған халқына соңғы нанына дейін бөліп берген деседі. Осы қаншалықты шындық?
6. Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға жуық Ауған соғысының ардагерлері бар екен. Сіздер бір - біріңізбен майдандас ретінде хабарласып тұрасыздар ма?
7. Мектепте қандай оқушы болдыңыз?
Азамат : Келесі сөз кезегін қонақтарға береміз:
1. --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2. --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Темірлан : Сіздердің құрметтеріңізге Бақайбеков Жақсылықтың орындауында «----------------------------------------------------------» әні. Қабыл алыңыздар.

Азамат:
1. Сіздер бізге қашанда үлгісіздер,
Тым алысты көретін дүрбісіздер.
Адамзатқа жақсылық әкелуде,
Жапырақты, саялы, бүрлісіздер.

Темірлан:
Тұлғаларың әрқашан биік тұрар,
Батыр деген бұл сөзге сиып тұрар.
Ізгіліктің, ерліктің, қайсарлықтың
Өсиетін шүмектеп құйып тұрар.

Азамат:
Қан кешкен он жыл,
Ерлікпен өткен тозақтан.
Баласы елдің құтқарар әркез азаптан,
Еліміз тыныш, батырларымыз аман боп,
Жасасын бірлік, атпасын енді азап таң.
Темірлан:
Құрметті қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет.Сіздерге ашық аспан, өмірлеріңізге тыныштық, бақыт, денсаулық, жастарға патриоттық тәрбие берудей игілікті істеріңізге жеміс, табыс тілеймін.Рахмет!
Азамат : Осымен «Ауғанның отты жалыны» тақырыбындағы кешіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!

«Сасан би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы:«Ауғанның отты жалыны» атты Ауған соғысының ардагерлерімен өтетін кездесу кешінің сценарийі, Жұртбай Қалелханұлы атындағы баскетболдан өтетін турнирдің ашылу салтанатының бағдарламасы

2014 -2015 оқу жылы

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.