Главное меню

  • К списку уроков
Тәрбие сағаты "Анамның тілі-ардақтым менің"
06.03.2015 1379 0 Тулендиева Гульназ Мукатаевна

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сбақ, жарыс сабақ.
Әдіс –тәсілдер: сұрақ –жауап, жинақтау, талдау.
Көрнекілігі: қанатты сөздер
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
1. Ұйымдастыру: Оқушыларды іс-шара өтетін жерге жинақтау.
2. Жарыс қонақтарын қарсы алу орын ұсыну.
3. Дайындық кезеңі.
Мұғалімнің сөзі:
Сүйемін туған тілді-анам тілін,
Жөргекте жатқанымда –ақ берген білім, -деп Сұлтанмахмұт
Торайғыров бекер жыламаған. Ана тілі ананың ақ сүтімен, ананың әлдиімен, бесік жырымен құлаққа сіңіп, бойғңа дариды. Ана тілі деп аталуының өзі де сондықтан болса керек. ана тілім-ардағым. Ана тілі жайлы толғанбаған ақын жазушы да жоқ шығар.Менің ана тілім қазақ-тілі. Қазақ тілі әлемдегі 16 миллон қазақтың ұлттық тілі аталып келген болса, тәуелсіздік алғаннан кейін ана тіліміздің мәртебесі өсіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі деп ата Заңымызбен бекітілді.
Ана тіліміздің щұрай мен шырайына сонау ерте замандардан –ақ шетел саяхатшылары, ғалымдары ерекше мән берген.
Қазақ тілі-ұлы Абайдың, шоққанның, Әуезовтің, Ғабит, Сәбиттің тілі! Менің тілім! Мен осынау ғажайып сырға толы ана тілімде сөйлей алатыныма, осы тілмен өз ойымды жеткізе алатындығыма қуаным.

Оқушы: Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім-ардақ тұтар алтыным.

Оқушы: Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Оқушы: Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның

Оқушы: Сенің әрбір тынысыңмен тілдесем
Сен арқылы тіршілікпен үндесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім,
Егер сені білмесем?

Оқушы: Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің мені қасіретім , шаттығым,
Сенсің менің тазалығым пәктігім.

Оқушы: Қазақ тілін ардақтаған ел асыл,
Асыл елге абырой боп қонасың,
Қазақ тілін жақсы білсең ең жақын,
Жолдасыңмен сырласқандай боласың,

Оқушы: Әлемнің құты,
Шешемнің сүті,
Сіңірген тұла бойыма.
Бар асылын халықтың
Туған тілім, өркенде,
Бола бер күшті көркемде!