Главное меню

  • К списку уроков
начальные классы казахский язык
24.04.2017 213 49 Шайхина Гаухар Антайбековна

Сабақтың тақырыбы: Көктем айлары.
Мақсаты:
а) Етістік шақтары туралы білімдерін дамыту, лексикалық тақырыппен байланыста сөйлеу, жазба тілін дамыту, сөздік қорын молайту;
б) Жұмыс үстінде танымдық, білімділік қабілеттерін байқау, ойлау, ой қорытындысын жасау мүмкіндіктерін дамыту.
ә) Қоршаған ортаны қорғау, оның байлықтарына ұқыптылықпен қарау, экологиялық мәдениет қалыптастыру;
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, көктемнің суреті, аннаграмалар, тест, тапсырма слайдтары ,флипчарт.
Әдіс - тәсілдері: кестемен, жұппен, жекелей жұмыс, интерактивті тақтада жаттығу жұмысын орындау, тест, кластер, синквейн, постер құрастыру.
Технология: модульдік оқыту, ақпараттық технология.
Сабақ түрі: модульдің сөйлесім бөлімі
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Топтарға бөліну.
Қалтаға салынған түрлі түсті жүрекшелерді бір бірден алып, жазылған сөздерге назар салып оқу. Сендерді не күтіп тұр?
қуаныш, күтпеген кездесу, қонаққа бару, қонақ келеді, сыйлық,бес, тәтті тағам, жаңалық, демалыс,танысу. (жүрекшелердің үш түсі бойынша 3 топқа бөліну)
3. Формативтік бағалауды түсіндіру.
Тапсырма Топтағы оқушылардың аттары

Үй жұмысы
Аннаграманы шешу.
Кластер құру
Мәтінмен жұмыс
Етістіктің шағын табу
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Жануарлар туралы екі минуттық хабарлама.
III. Жаңа сабақ.
1. Тақырыпты анықтау.
Әр топқа анаграммадан таратып, артық сөзді табуды тапсыру.
ықс ққлұа рызаун
рқа раммы юа
рсіуә зыау ілп
зяа ақя
рекік
(сәуір, мамыр, наурыз)
2. Интерактивтік тақтадан «Көктем» тақырыбына видео көру.
- Диалог құру.
3. Сөздікпен жұмыс.
- Көктемге байланысты кластер құру.
4. Мәтінмен жұмыс.
3- тапсырма.
Сөйлемдерді оқу.
Наурыз – көктемнің бірінші айы. Бұл ай парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген сөз. Сәуір – көктемнің екінші айы. Бұл айда күн жылы болады. Мамыр – көктемнің соңғы айы. Бұл ай – ең әдемі ай.
- 3 топ көктемнің үш айының бірі бойынша флипчартқа әңгіме құрастырып жазады.
- синквейн бойынша төрт шумақты өлең құрастыру.
5. Грамматикалық тақырып бойынша тапсырма:
Үш сөйлемдегі етістіктерді тауып, үш шақта қолданып жіктеу.
- Көктемде көктемгі каникул болады.
- Көктемде құстар ұшып келеді.
- Көктемде бірнеше мереке тойланады.

IV. Қорытынды: Тестті шешу.
1.Көктем айларын тауып алыңдар.
А) наурыз, сәуір, мамыр
Б) қазан, қыркүйек ,қараша
В ) маусым, шілде, тамыз
2.Көктемде нелер ұшып келеді ?
А)сиыр
Б) құстар
В) қоян
3.Көктемде не ериді ?
А)жер
Б) су
В) қар
4.Көктемде ауа райы қандай болады ?
А) ыстық
Б) жылы
В) суық
5.Қандай гүл бірінші гүлдейді ?
А) бәйшешек
Б) бақбақ
В) түймедақ
6.Адамдар қалай киінеді ?
А) жылы
Б) жеңіл
В) тон
7.Көктемде не жауады ?
А) қар
Б) жаңбыр
В) мұз
8.Көктемде қандай мереке тойланады ?
А) Тәуелсіздік күні
Б) Наурыз мерекесі
В) Білім күні
9.Өзендерде не жүреді ?
А) қар
Б) мұз
В) балық
10.Ағаштарда нелер шығады ?
А) жапырақтар
Б) бүршіктер
В) шөптер
10-9 дұрыс жауап «5»
8-6 «4»
5- «3»

Бағалау: Топтағы бағалау парағы және тесттерінің бағалануы бойынша суммативтік бағалау.
Рефлексия. Бүгін сабақта мен білдім ... .
Қызықты болды ... .
Қиын болды ... .
Білгім келеді ... .

Үйге: 2- тапсырма 193 бет. Сурет бойынша әңгіме.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.