Главное меню

  • К списку уроков
Сызу пәні бойынша "Геометриялық денелерді проекциялау" тақырыбына технологиялық карта
16.02.2015 1493 273 Омарова Сагдат Бакеновна

Сабақтың мақсаты

1. Жалпы білімділік

В.М.Монаховтың технологиясы негізінде құрылған №4 технологиялық карта бойынша диагностика жүргізе отырып жаңа сабақты игерту.

2. Дамытушылық

Жұмыс барысында шыдамдылық қабілетін, ойлай, қиялдай білуін, икемділігін, өз бетімен жұмыс істей білуін, қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік мәні

Оқушылырдың пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру, сызылған сызбаның мән-мағынасын түciнугe үйрету, оқушының көркемдік талғамын қалыптастыру, тәрбиелеу.

4. Сабактың түpi

В.М.Монаховтың технологиялық картасы негізінде құрылған сабақ, интерактивті әдістері қолданған.

5. Сабактың әдісі

Дамыта оқыту, саралап оқыту, іздестіру - зерттеу.

6. Оқушылардың жұмыс істеу  

    формалары

- ұжымдық

- жекеше

- топтық

7. Мұғалімнің ic-әрекетінің  

    әдіс-тәсілдері

- технологиялық картамен жұмыс істеулерін  

  ұйымдастыру;

- сұрақ-жауап;

- тестілеу арқылы білімді бекіту, тексеру.

 

8. Көрнекіліктер мен кұралдар

- технологиялық карта

- кестелер

- геометриялық денелер

9. Т.С.О.

-  интерактивті тақта

-  компьютер

10. Сабактың барысы.

1. Ұйымдастыру.

2. № 4 Технологиялық карта бойынша жұмыс істеу.

3. Өткенді қайталау. Тест тапсырмаларымен жұмыс.

4. Жаңа тақырып. Кескіндіде геометриялық денелердің

     бетінде жатқан нүктелердің проекцияларын табу.

5. Логикалық тапсырма арқылы сабақты бекіту.

 

11. Оқушы білімін бағалау.

   Жұмыс дәптерлерін тексеру. Ауызша жауап бойынша тақырыптық білім деңгейін бағалау.

12. Үйге тапсырма.

№ 4 Технологиялық картадағы сабақтан тыс өзіндік жұмыстарын орындау. Деңгейлік тапсырмалары:

1.    Қанағаттанарлық. (оқулықтағы 73-беттегі 1,2  

      жаттығулар).

2.    Жақсы баға. (оқулықтағы  73-беттегі 1,2,3,4

     жаттығулар).

3.    Өте жақсы (Оқулықтағы 73-беттегі 1,2,3,4

      тапсырмаларына қосымша № 6 карточкадағы сызбаларды кескіндеу).

 

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.