Главное меню

  • К списку уроков
Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
01.04.2016 793 122 Тоқтархан Сұңқар

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Қазақстан жерін мекендеген тайпалар, оның ішінде ғұндар тарихымен таныстыру, білімдерін арттыру.
б) дамытушылық: оқушыларды ғұндар тарихын, мемлекет құрылымын түсіндіре отырып тарихты білуге деген құштарлығын арттыру және сұрақтар қою арқылы ойлау қабілетін дамыту.
в) тәрбиелік: оқушыларға ғұндардың жауынгерлік қасиетін таныстыру арқылы, елін сүюге, тарихты құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау-сұрау, сұрақ-жауап әдісі
Сабақтың көрнекілігі: карта, слайд
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырма § 19. Қаңлылар шаруашылығы мен тұрмысы. Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:
1. Қаңлылар жерді өңдеу үшін қандай құралды қолданды? (Тас және металл кетпенді).
2. Қаңлылар қандай елдермен сауда байланысын орнатты? Сирия, Қытай, Египет, Иранмен, Қара Теңіз жағалауы
3. Қаңлылардың діни сенімдері, олар қандай табиғи күштерге сенді? (күнге, айға, жұлдызға табынды).
3. Жаңа сабақты түсіндіру.

§ 20 Ғұндар тарихы
Жоспар:
1. Ғұндар тарихының ерте кезеңі
2. Ғұндар мемлекетінің құрылымы
3. Ғұн тайпасының бірлестігі

1. Б. з. б 1 мың жылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігінен Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның кең-байтақ кеңістігін әр түрлі тайпалар мекендеген. Қытай деректерінде, «ғұн» атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. «Ғұн» сөзі «гун» руқ, хун ю т.б. атаулармен берілген.
Қытайлар ғұндар басшысын «Шаньюй» деп атаған.
Ғұндар кезеңі б.з.б 4 ғасыр мен б.з – дың 3 ғасыры аралығын қамтиды.

2. Ғұндар мемлекеті әскери жүйеде құрылды: сол, орталық, оң қанатқа бөлінді.
Шаньюйдан кейінгі басты тұлға «түменбасы» деп аталды. Олар 24 руды басқарды. Түменбасы 10000 астам атты әскер болды. Ол мыңбасын, жүзбасын, онбасын тағайындады. Ер азаматтардың бәрі белгілі бір жасаққа тіркеліп отырды. Ақсақалдар кеңесі жылына үш рет Аспанға, жерге, ата-баба аруағына құрбандық шалу үшін жиналды. Олар мемлекеттік істерді талқылады.

3. Қытай жылнамаларында айтылғандай б.з.б. 4 және 3 ғасырда Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген ғұн тайпалар бірлестігі құрылған.
Ғұндар мен Қытай елі арасында соғыс 300 жылдан астам уақытқа созылған.
Б.з.б. 3 ғасырдың аяғында Цинь патшалығы өзінің шекарасын қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды.
Ғұн тайпаларының күшейген кезеңі б.з.б 2 ғасыр мен 1 ғасыр аралығында Мөденің билік жүргізген кезі.
Ғұн мемлекеті б.з.б. 55 жылы оңтүстік және солтүстік ғұндар боп бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар өз тәуелсіздігінен айырылып, Хань әулетінің қол астына түсті.
Солтүстіктегі ғұндар Чжи-Чжи Шаньюйдің басқаруымен өз тәуелсіздігін сақтау үшін батысқа жылжыды.
Сонымен ғұн тайпаларының шығыстан батысқа жылжуы б.з.б 2 ғасырда басталып, б.з-дың 4 ғасырына дейін созылды.

4. Бекіту сұрақтары:
1. «Ғұн» атауы нешінші ғасырда Қытай деректерінде кездесе бастады? (б.з.б 3 ғасырдың аяғы).
2. Ғұн тайпасы кімнің тұсында күшейді?(Мөде).
3. б.з.б 55 жылы ғұн мемлекетінде қандай өзгеріс (оқиға) болды? (2-ге бөлінді).
4. Ғұндар неше рудан тұрады? (24).
5. Ғұн билеушісі қалай аталды? (Шаньюй)

Венн диаграммасы

5. Бағалау
6. Үй тапсырмасы: § 20 Ғұндар тарихы

§ 21. Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Сабақтың мақсаты:
а) Ғұн тайпаларының тарихымен, қоныстарымен таныстыру
б) ғұндардың әскери өміріне сипаттама беру арқылы оқушыларды қатыстыра отырып таным деңгейін дамыту
в) оқушылардың қазақ халқының негізін құраған тайпалардың бірі ғұндар тайпасының өмірімен таныстыру

Сабақтың әдісі: ауызша – баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
2. Үй тапсырмасын тексеру.
§ 20 Ғұндар тарихы.
Балалар дайындаған сұрақтар, тестті, сөзжұмбақпен жұмыс.
Бекіту сұрақтары:
1. Ғұн билеушісі? (Шаньюй)
2. Гумилев айтуы бойынша ғұн мемлекеті қашан қалыптасты? (209 жылы Мөде)
3. Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша қалай бөлінді?
4. Ғұндар Қытай арасындағы соғыс неше жылға созылды?
5. Қытай деректерінде қандай атаумен кездеседі?
6. Ғұндар кезеңі б.з.б 4 ғасыры мен б.з – дың 3 ғасыры

3. Жаңа сабақты түсіндіру

§ 21. Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Жоспар:
1. Халықтардың ұлы қоныс аударуы
2. Ғұн жорықтарының маңызы
3. Тарихтағы ғұндар сипаттамасы

1. Ғұн тайпаларының жылжуы басқа да ірі тайпаларының жылжуына әсерін тигізді. Бұл тарихта «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» мезгілі деген атпен белгілі.
Ғұндар Рим империясына үлкен қауіп туғызды. 5 ғасырдың 30-жылдары ғұндардың басшысы Еділ (Аттилла) Румыния және Венгрия елдеріндегі ғұндарды өзінің қол астына жинап, Рим империясының аудандары. Панномия мен Мезияны басып алған соң, Франция жеріне өтті. Аттила қаһарлы ел билеуші болған. Еділ патшаның кезінде Ғұн империясы өз дамуының жоғары сатысына жетті. Бұл империя Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті. Еділ жауынгерлері 451 жылы Галлиядағы Каталаун даласында римдіктердің, франктердің т.б. біріккен күштерімен шайқасты. 453 жылы Аттила қайтыс болған соң ғұн мемлекеті ыдырап кетті.
2. Ғалымдар ғұндардың ролін әр түрлі бағалайды.
Ғұндардың жеңу себептері әскери техникалық басымдылығына байланысты еді. Әскердің негізгі құрамы шапшаң атты әскерден құрылды. Ғұндар соғыс кезінде қорған бұзғыш машинаны, тас атқыш техниканы қолданды. Оларда жылжымалы жақсы бекінкен қамалдары да болған. Аттила шамамен 400-453 жылдары өмір сүрді.

3. Ертедегі тарихшылар ғұндарды әр түрлі сипаттайды. А. Марцелмен олардың жауынгерлерін ерекше сипаттады: «Ертелі – кеш ат үстінен түспейді. Маңызды істер туралы кеңесетін болса, кеңесті де ат үстінде отырып өткізді».
Византия әміршісі Прииск ғұндар туралы айта келіп «олар соғыстан кейін тыныш әрі қамсыз тіршілік етеді, әркім қолында барымен қанағат етеді».
Ал Аттиланы бір замандасы былай деп жазыпты: «Аттила таңертең үйден шығысымен, есік алдында тұрып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады, күні бойы әлемнің әр түрлі елдерінен келген емшілерді қабылдады, ал кешке бізбен бірге тамақ ішті. Бәрі күміс ыдыстан ас ішті, ал Аттила ағаш ыдыстардан тамақ жеді».

4. Бекіту сұрақтары:
1. Ғұндардың жауларын жеңу себептері
2. Аттила өмір сүрген жылдар?
3. Ғұн мемлекеті қашан ыдырады және себебі?
4. Ғұндар соғыста қолданған қару-жарақтар
5. Каталаун даласындағы шацқас қай жылы болды?
6. Аттила туралы жазған Византия елшісі?
Қорытындылау: міне балалар бүгінгі тақырыбымыз арқылы ғұндардың мықты мемлекет болғанын көре отырмыз. Олардың әскери өнерді қалай меңгергенін және Еуропаны римдіктерден азат еткенін білдік.
5. Бағалау.
6. Үй тапсырмасы. § 21. Халықтардың ұлы қоныс аударуы. Мәтінді оқу және қосымша Аттила туралы қарастыру.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.