Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі сабақтарында құзыреттілік тапсырмаларды жетілдіре түсу әдісі
06.06.2016 354 96 Есетова Құралай Закарияқызы

Қазақ тілі сабақтарында құзыреттілік тапсырмаларды жетілдіре түсу әдісі
Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі бүкіл әлемде талқыланатын сұрақ. Қазіргі қазақстандық білім беру үрдісінің модернизациясына байланысты бұл мәселе өзекті болып табылады.12-жылдық білім беруде оқытудың негізгі келістерін жүзеге асырады: жеке тұлғаға бағытталған, денсаулық сақтау, қызметтік және құзыреттілік.
Қазақстандық оқушының құзыреттіліктері:
• мәселені шешу құзыреттілігі;
• ақпараттық құзыреттілік;
• қарым-қатынастық құзыреттілік.
Бұл құзыреттіліктерді қалыптастыру үрдісінің динамикасын мұғалім оқу процесі барысында бағалайды. Бұл мақсатты көздей отырып, оқушының зерттеу қызметін ұйымдастырады, баланың басқалармен қарым-қатынас жасай білу қабілетін дамытуға жағдайлар жасайды. Пән оқытумен қатар өмір жағдайында түрлі мәселелерді шешу үшін өз білімдерін қолдану дағдыларын дамытатын тапсырмалар енгізеді.
Оқу барысында оқушылар құзыреттілігін қалыптастыру және дамытуда оқу пәнінің мазмұны мен түрлі мәселелерді шешуге бағытталған құзыреттілік тапсырмалардың орны ерекше. Қазіргі мұғалім оқушылардың білім, білік, дағдысының деңгейін анықтау үшін бақылау өлшемдерін кеңінен қолданады. Қазақстандық білім берудің жаңа парадигмасына сай, орындалатын тапсырмалар оқушылардың құзыреттіліктерін өлшеп, дамытуға мүмкіндік беру керек.
Алдымен құзыреттіліктің мағынасын ашып кетейік.
Құзырлық дегеніміз – белгілі сападағы жақсы мәліметке ие болуының терең білімі, іскерлік, жеткілікті деңгейдегі білімділік. Ал хабардарлық, жете білушілік, жетіктік, терең білу құзырлықты білдіреді.
Қазақстан Республикасының әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан өзінің лайықты орын алуы, Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, бәсекеге қабілетті азаматтарды тәрбиелеумен байланысты.
«Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытынды аямау» деген екен белгілі философ Жан Жак Руссо. Құзіретті мұғалім әрбір ісін нәтижелі, сапалы орындауды мақсат етеді. Ол білгенің қанағат етпей біле бергісі келеді.
Қазіргі білім беру стандарттары компетенция, компетенттілік ұғымдары арқылы дайындауды ұсынады. «Компетенция» ұғымы латын сөзінен шыққан, ол адамның мәселелерге жақсы хабардарлығын, танымдар мен тәжірибелерді меңгеру аумағын білдіреді.
Отандық, ТМД және шетел тәжірибелерінен «жалпы компетенция, түйінді компетенция, базалық компетенция, пәндік компетенция» ұғымдарының анықталып, талқыланғаны айқындалады. Мысалы, Францияда «компетенция» мен «біліктілік» ұғымдары синоним болып табылады.
Қазіргі уақытта педагог – зертеушілер бұл ұғымдардың мазмұнын, мәнін, категориялар арасындағы орнын, жалпы білім берудегі мақсатын ашып көрсетумен шұғылдануда. Осы орайда педагогика ғылымдарының жетістіктеріне сәйкес «компетенция», «компетенттілік» ұғымының мазмұныны анықтау мақсат етілді. Атап айтқанда педагог ғалымдар мынадай анықтамалар берген:
- компетенция – оқушының меңгерген білімін, оқу біліктері мен дағдыларын, әрекет тәсілдерді өмірде тәжірибелік және теориялық міндеттерді шешу үшін пайдалана алуы;
- компетенттілік – пайда болған мәселелер мен міндеттерді жедел түрде шешуге мүмкіндік беретін, түсініктілік жүйесінің және соған сәйкес түсінудің, сыни ойлаудың болуын талап ететін, тәжірибелік әрекеттреді жүзеге асыруға қабілеттілік;
- компетенция – тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс - әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы;
- компетенция – адамның өзінің іс - әрекет саласына сай компетенцияларды меңгеруі.
Ж. Аймауытов «баланың ынтасын артыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек» деген екен. Салыстыру, қорытынды жасау, өз түсінігін, пікірін жазу, сызба, жоба жасау, болжамдар ұсынып, оны дәлелдеу оқушылардың шығармашылық деңгейі артады.
Мәселені шешу құзыреттілігі келесі әрекеттер жасауға мүмкіндік береді:
- түрлі жағдайларда мәселені анықтап, шешу жолдарын тауып,өз шешімдерінің нәтижесін бағалауға;

- өз қызметінің мақсатын қоя білу, мақсатты жүзеге асыру жағдайларын анықтау, мақсатқа жету үрдісін жоспарлап, ұйымдастыруға / яғни мәселеге сай технологияларды жасай білу /;

- өз жұмысына рефлексия жасай білу, өз қызметі мен жеткен нәтижесін бағалай білуге;

- жағдаятқа байланысты өз қызметінің нормасын таңдауға;

 мәселеге сай технологияларды таңдауға.
Ақпараттық құзыреттілік келесі әрекеттер жасауға мүмкіндік береді:
- ақпаратты саналы түрде қабылдап, саналы шешімдерді табуға;
- жеке өз бетінше мақсат қоя білу, бұл мақсатқа жету үшін танымдылық қызметін жоспарлап, жүзеге асыруға;
- қазіргі ақпараттық-қарым-қатынастық технологияларды пайдалана отырып, өз бетінше ақпаратты тауып, талдап, таңдап, өзгеріс жасап, сақтауға, басқа жерге жеткізуге;
- логикалық операцияларды қолдана отырып, ақпаратты өндеуге /талдау, синтез, қорытындылау, жүйелеу, дәлелдеу/
- өз қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға.
Карым - қатынастық құзыреттілік келесі әрекеттер жасауға мүмкіндік береді:
 нақты өмірлік жағдайларда өз мәселелерін шешу үшін қарым-қатынастың түрлі ауызша және жазбаша құралдарын қолдануға;
 қарым-қатынастық міндеттерін шешуге сай стиль мен жанрды таңдап қолдануға;
 әдепке сай өз көзқарасын білдіруге;
 басқа мәдениет өкілдерімен өзара әрекеттестік жасай білуге;
 жалпы нәтижеге жету үшін топтағы адамдармен қарым-қатынас жасай білуге.
Құзыреттілік тапсырмалардың құрылысы:
1. Мәселені, мақсатты қою.
2. Мәселе ішіндегі әрекетті анықтау (теріп жаз, дұрысын қой, т.с.с)
3. Бірнеше нақты ақпараттарды көрсету (тыңда, оқы, т.с.с)
4. Соңғы нәтижені көрсету (нұсқау, ереже, ЭССЕ т.с.с)
Құзыреттілік тапсырмаларды орындау нәтижесін бағалау түрлі деңгейлердің қызмет әдісі арқылы жүзеге асырылады. Бағалау нәтижесінде оқушының құзыреттілігін қалыптастыру деңгейін анықтау болып табылады.

Оқушылардың құзыреттілік қалыптасуын бағалау

Құзыреттіліктің қалыптасу деңгейі Критерийлер Көрсеткіштері
(оқушының күтілетін әрекеттері)
Мәселені шешу құзыреттілігі

Минималды
Мәселені анықтау - мұғалім берген тапсырма бойынша мәселені шешу жолын түсіндіреді
- қалайтын жағдайды суреттеп береді
Жеткілікті Мақсатты қоя білу, қызметті жоспарлай білу - мәселені / міндетті/ шешу қадамдарын анықтайды
Технологияларды қолдану - технологияны нұсқамаға сай жүзеге асырады
Ресурстарды жоспарлау - қызметті орындау үшін қажетті ресурстарды атайды

Оптималды
Қызметті бағалау - өз қызметін бақылау үшін арнайы алгоритмін орындайды

Нәтижені бағалау - жоспарланған және жасалған өнімнің сипаттамасын салыстырып, өнімнің сәйкестігі туралы қорытынды жасайды
- өз қызметінің өнімін арнайы критерийлер бойынша бағалайды

Жоғары Өз қызметін бағалау - өз қызметінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді
- өз қызметінің себептерін атайды
Ақпараттық құзыреттілік

Минималды
Ақпарат іздестіруін жоспарлау - ақпаратты белгілі және белгісізге бөлу
- қойған мәселені шешу үшін қандай ақпараты бар екенін анықтай біледі
- ұсынылған ақпараттан қажетті ақпаратты таңдай біледі
- энциклопедия мен анықтағышты қолдана біледі, кітапта мазмұны бойынша бағдарлай біледі

Жеткілікті
Бастапқы ақпаратты алу - қойған мақсатына сай эксперимент пен бақылауды өткізеді
- сұрақтар қоя біліп, адамнан ақпарат алады
- көркем шығармалардан ақпарат алады
Қайталама ақпаратты алу - бірнеше ақпараттан алынған материалды алып, жүйелейді
Оптималды
Ақпараттың бастапқы өндеуі - алған ақпаратты құрылымы бойынша жүйелейді
- бірқұрамды ақпаратты графикалық түрінен мәтіндік түрге айналдырады

Ақпаратты өндеу - алған ақпаратты дәл жеткізе біледі
- ақпараттың жетіспеушіліктеріне немесе ақпаратты түсінбегенін көрсетеді
- ұсынылған ақпаратта қорытынды табады

Жоғары
Ақпаратты өндеу үшін логикалық опрецияларды қолдану
- ақпаратты түсіндіреді, бағалайды, негіздеме жасай біледі
- тапсырмаға сай ұсынылған ақпаратқа қорытынды жасайды
- тапсырма бойынша жүйелейді
- ұғымның, объектінің, құбылыстың сындарын белгілейді
- сәйкестігі мен сәйкес келмеуін табады





Тапсырмалар

Құпиясы мол телефон.
БІРІНШІ ХИКАЯТ.
Үйде телефон шырылдады. Жаслан бала телефонның құлағын көтерді:
- Алло, тыңдап тұрмын.
- Алло, маған анаң керек еді,- жіңішке дауыс.
- Анам жоқ, жұмыста.
- Ал,әкең қайда:
Әкем де жұмыста.
-Ә, сен үйде жалғыз отыр екенсің ғой:
Мыстан кемпірді енді таныған бала дереу:
- Үйде ағам бар, шақырайын ба? - деді қорққанын сездірмей.
- Жоқ, ағаңның керегі жоқ! -деп Мыстан телефон құлағын тастай салды.
Жаслан бала бұл жолы Мыстаннан айласын асырып кеткеніне мәз болды.
Тапсырма
1. Бөтен адам телефон шалса, қалай сойлесу керек? Оған үйде жалғыз екеніңді сездіруге бола ма?
2. Дұрыс жауапты белгіле:
-Иә, үйде ешкім жоқ. Анам мен әкем жұмыста.
- Анам үйде, қолы бос емес. Телефоңыздың нөмірін қалдырыңыз, өзі хабарласады.

ЕКІНШІ ХИКАЯТ.
- Телефонның ақшасы неге сонша көп? - деп анасы үйге сөйлей кірді. -
Мына нөмірмен біреу ұзақ сөйлесіпті.
Анасы нөмірді айтып еді, баланың жүрегі зырқ ете қалды.
- Біз Сәуле екеуміз ертегі тыңдағанбыз.
- Сендер бізден рұқсат сұрадыңдар ма?
- Жоқ, - деп Жандос бала күмілжіп төмен қарады.
Тапсырмалар
1.Ақылы телефондармен неліктен сөйлесуге болмайды?
2. Жандос балаға көмектес, төмендегі телефондар не үшін қажет?
01-----------------------------------------------------------------
02-----------------------------------------------------------------
03-----------------------------------------------------------------
04-----------------------------------------------------------------
051----------------------------------------------------------------

Мына телефондар да көрнекті жерде жазулы болсын, қажет болатын кезі болады.

ата- анаңның жұмыс телефондары..........................
мектептің телефоны..................................................
сынып жетекшісінің телефоны...................................
дәрігердің телефоны...................................................
туыстардың телефоны...............................................
досыңның телефоны.................................................
көршілердің телефоны............................................

6.Жаңа жыл мерекесіне отбасыңдағы жақын адамдарға сатып алынатын сыйлықтар тізімін жазып, таңдауыңды түсіндір.
Мысалы:
Менің анам детективтер оқуды өте жақсы көреді, сондықтан мен оған «Білім» дүкенінен Дарья Донцованың жаңа кітабын сатып алдым.

7.Дәмді болғанымен , адам ағзасына зиянды тағамдарды айт.
Кола, чипсы, алма, хотдог, гамбургер, шырын, айран, сүт, қаймақ, ет, пияз, лимон, пияз, алмұрт, шие. Кестені толықтар.
Пайдалы тағамдар Зиянды тағамдар



8.Сен асханаға келдің. Зат сатып алғанда берген ақшаны санап ал.
400 теңге 500 теңге 300 теңге

шелпек
шоколад чебуреки
25 теңге
35 теңге 15 теңге

9.Кестеде берілген тапсырмаларды орындаңдар.
1 Мәтін бойынша мамандықтардың атауларын аудар, қажет болса, сөздікті пайдалан.

2 Әр маманның іс-әрекетін сызық арқылы көрсет.

3 Сабақтың тақырыбы бойынша «Синквейн» тәсілін қолдан.

4 Үлгі бойынша өз отбасы мүшелерінің мамандықтары туралы диалог құрастыр.

5 Жазылған мамандықтардың айырмашылығы мен ұқсастығын анықта. Оларды кестеге жаз.

6 «Барлық мамандықтар өмірде маңызды».Осы пікірді дәлелде

10.Берілген киім және аяқ киім қатарынан әрбір жыл мезгіліне сәйкес сөздерді топтастырып, қазіргі заманға сай олардың бағаларын жазыңдар.
Тон, ішік, күрте, жейде, пима, бәтеңке, етік, шалбар, көйлек, телпек, құлақшын, тымақ, орамал, жемпір, туфли, қолғап, пальто, тақия, қалпақ, шұлық.
Мысалы:
Қыс мезгілі:
тон – бағасы 70000 (жетпіс мың) теңге,
ішік – бағасы 120000 (жүз жиырма мың) теңге және т.б.

11.Ата- анасымен Анар демалуға көлге келді. Ата- анасы Анарға көп қыздырынбауды, күн көзінде бас киімсіз жүрмеуді, көлдің суын ішпеуді, қыздырынғанда арнайы майларды жағуды ұмытпауды, міндетті түрде көзәйнекті киюді қайта-қайта тапсырды. арнайы медициналық ақпараттарды пайдаланып, Анардың ата- анасының айтқан ескертпелерінің мағынасын біліп ал және төмендегі сызбаға түсір.

Анардың ата-анасының ескертпелері Медициналық ақпараттардағы мағынасы
1. Күнге көп қыздырынбау керек Ол дененің қалыпты температурасының көтеріліп, қызуына әкеліп соғады.
2.
3.
12.Ойлан, тап.
Жазда саяхатқа бару үшін қажетті заттарды дайындау керек. Ол үшін сол заттардың тізбегін құрастыр және сол заттар не үшін керек түсіндір

13.Сіз азық-түлік дүкенге келдіңіз. Барлық азық-түлік ішінен сүт
тағамдарын сатып алуға керек. Сатып алған сүт тағамдарының атауларын қазақша дұрыс айтыныз. Әр бір сүт тағамнын казіргі заман сай прейскурант бағаларын жазыныз. Сандарды сөзбен жаз.
Мысалы: Сүт тағамдары: сүт, қатық, айран, йогурт, балмұзақ, ірімшік, май,
кілегей, қаймақ.
Сүт тағамдарынын прейскуранті
Сүт тағамдары бағасы
Сүт 1 литр 150 тенге Жүз елу теңге
Айран 1литр 200тенге Екі жүз теңге
Қаймақ 05 250 тенге Екі жүз елу теңге
Йогурт 50 тенге Елу теңге
Қатық 05 100 тенге Жүз теңге
Балмұздақ 35 тенге Отыз бес теңге
Ірімшік 600 тенге Алты жүз теңге
Май 1 кг 470 тенге Төрт жүз жетпіс теңге
Кілегей 1литр 300 тенге Үш жүз теңге

14.Ойлан, тап
Қаладағы бір көп қабатты үйді салу үшін қандай маманның көмегі керек?

15. Логикалық сұрақтар:
1.Жанұяда 5 ұл және әр ұлдың бір әпкесі бар. Барлығы неше бала бар?
2. Мұхтар 28 қаңтарда туған күніме екі апта қалды деді. Мұхтар қай күні туған?
3. Бір баланың жасы үш жылдан соң одан бұрынғы жасынан екі есе артық болады, бала қанша жаста?
4. Арай көп қабатты үйде тұрады. Ол астынан санағанда да, үстінен санағанда да алтыншы қабатта тұрады. Үй неше қабатты?
5. Үстелдің төрт бұрышы бар, егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
6.Үш тілім нанды табада қарып алу керек. Табаға екі тілім ғана нан сияды.Нанның бір жақ бетін қару үшін бір минут уақыт кетеді. Үш тілім нанның екі жағын да қару үшін, ең аз дегенде қанша уақыт кетеді?
7. Бір топ торғай ұшып келіп бұтаққа отырды. Біріншіде әр бұтаққа бір-бірден отырды. Бір торғайға орын жетпей қалды. Сосын әр бұтаққа екі торғайдан отырды. Бір бұтақ артық қалды. Барлығы неше торғай?

Не қалай дыбыстайды? деген сұраққа жауап беру үшін, керекті сөздерді кестеге дұрыс жазыңыз.
Керекті сөздер: мөнірейді, маңырайды, боздайды, кісінейді, үреді, мияулайды.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.