Главное меню

  • К списку уроков
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
08.02.2016 565 116 Пак Анар Оразбайқызы


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу және жазу

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Сс дыбысы және әрпі.  33 – бет.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: с дыбысы және әрпімен таныстыру. С дыбысына сөз, сөйлем құратырту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, баспа әріп жазуға жолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға үйрету.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: кеспе әріп кассасы, түрлі түсті суреттер, жұмбақтар жинағы, с дыбысының баспа және жазба түрі, әліпби

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау.

Қостілділік компонент:  сағат-часы, қасық-ложка, бас-голова.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Жылулық шеңбері.  Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Балаларды түгендеп, назарларын іс - әрекетке аудару.

 

 

Ұйымдастыру-іздестіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Негізгі бөлім. 1. Әліпбиден а және с дыбыстарын тапқызу.Кеспе әріптен осы әріптерді тапқыза отырып, текшеге буын құрастыру.А, -ас, -са, -ес, -со, т.б. буындардан сөз, сөйлем құрастыру: тас, кес, сан.

2. «Мен айтайыншы!» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог ауаға кез-келген әріпті жазады. Балалар сол әріпті тауып, педагогтің құлағына сыбырлап айтады. С дыбысының айтылуын, қандай дыбыс екенін түсіндіру. С дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады (хормен дауысты төмен және жоғары көтеріп айту). С дыбысы – дауыссыз дыбыс.

3. «Көкөністер жинау» ойыны. Шарты: педагог жұмбақтар жасырады. Балалар жұмбақтардың шешуі болған көкөністердің суретін не мульяжін себетке салады. Мысалы:

Жаздай інге тығылып,    Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығымен суырып,    Әкелді әжем бір күні.    (Шешуі: сәбіз)

Сәбіз сөзін буынға бөлгізу арқылы с дыбысы қай буында тұрғанын тапқызу.

4. Сергіту сәті:  Бір, екі, үшЖинап алып күш.

                            Қолға қалам аламыз,     С дыбысын жазамыз.

5. Тіл ұстарту жаттығуы.Са-са-са

                                                  Ызыңдайды маса.

6. Дәптермен жұмыс.Асық, сандық, күнбағыс сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы с дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне с дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

7. Жазу жұмысы. Үлгі бойынша с дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі с дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. Сөзжұмбақ шешкізеді. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды.  Сақинаны салғызды, Сарымсақты, сәбізді. Бастап тұрған қай әріп,Сансыз орақ тәрізді? (С)

Балалар тәрбиешімен бірге жұмыс жасайды.

 

 

 

 

 

Ойынды ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптердегі сөздерді оқиды.

 

 

С әрпін

жазады.

Рефлексивті-түзетушілік

ІІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту: С дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіріп, оларды буынға бөлу. Сөйлем құратып оған дыбыстық талдау жасату. 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:С  дыбысымен таныстыру,сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату.

Қандай түсініктерді игерді:балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:балаларды С  дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету.

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.