Главное меню

  • К списку уроков
Бердібек Соқпақбаев шығармаларын бастауыш сыныптарда оқыту
17.12.2015 619 124 Бекбатырова Нұргүл Болатқазықызы

Өмірде адамға не қымбат десек, әрине «бала»-деген жауап алатынымыз сөзсіз. Ендеше әдебиеттің ең құрметтісі балалар әдебиеті .

Ал Б. Сққпақбаев балалар әдебиетінің классигі.

Б.Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол селосында туған. Ата-анасынан ерте айырылған. Отан соғысы жылдарында ФЗО мектебінде оқып, Совет армиясы қатарында қызмет етіп, содан кейін ауылда мұғалім болған. Кейіннен баспасөз орындарына ауысып, «Қазақ әдебиеті» газетінде,»Балдырған» журналында , Ш.Айманов атындағы Қазақфильм» студиясында істеген.Б. Соқпақбаевтың 20 астам әңгіме , повесть, роман кітаптары бар. 1952 жылдан Б.Соқпақбаев Қазақстан жазушылар одағының басқармасына мүше болып, 1992 жылы дүниеден озды.

    Балалар әдебиетімен шұғылданғанбарлық жазушылардың қолынан келе бермейтінін де Б.Соқпақбаев шығармаларынан айқын көреміз. Бұл әдебиетпен шұғылдану әрі қиын,әрі қызық, әрі жауапты міндет. Ол үшін өмір тәжірибесі мол, балалар арасында көбірек қызмет еткен, балалардың психологиясын жақсы білетін, педагогикалық ғылымнан мәліметі бар ірі талант иесі екендігіне де шығармалары дәлел бола біледі. Кеңестік дәуірде жазылып, қазақ қара домалақтарының болмысы, іс әрекеті, мінез ерекшелігі, қиял арманын барынша көрсете алған Б.Соқпақбаев шығармаларын мектеп оқушыларына оқытуда бүгінгі талап деңгейдегі әдіс-амалдары, жаңа инновациялық технологиямен оқытудың элементтерін қолдандым.

Соқпақбаев шығармалары арқылы бастауыш буын оқушыларына шағын шығарма жаздыруға мүмкіндігі өте мол. Төртінші сыныптың Ана тілі оқулығындағы «Ағаштар неге ашуланады?» әңгімесі бойынша талдау жұмыстарынан соң ең бірінші осы шығарма арқылы оқушылардың ішкі жан дүниесін аша отырып , Алмабек бейнесі арқылы оқушыға өзін-өзі тануға үйреттім , яғни дәл осы әңгімедегідей мен Алмабектің орнында болсам не істер едім, мен қандай боламын?- деп оқушылардың өз ойларын тыңдау арқылы мұғалім шәкіртін бұрынғыдан да жақсы танып біле алады. Осы арқылы мұғалім шәкіртін бұрынғыдан да жақсы танып біле алады . Осы арқылы оқушының әңгімені қалай түсінгені , тақырыпқа қызығушылығы, шығарма идеясын анықтауы, яғни шығармадағы ең негізгі роль Алмабектің іс әрекеті екенін оқушының көзі жетеді. Шығармаға жоспар жасату, яғни шығарма жұмысын орындаудағы ең күрделі дағдылардың бірі болып табылады және ойланып жазылған жоспар оқушы ойының танымының бағдары тәрізді бағыт сілтеп тұрады және шығарманы жазу үстінде оқушы бейне бір жас сыншы ретінде көрінеді , ендеше жас сыншы жазған шығарма ғылыми және көркем түрде болады.

Оқушылардың құрған жоспары:

Жоспар

Кіріспе:

А)Келді көктем далаға.

Ә)Мектеп тынысы

Негізгі бөлім

А)Алмабектің алғашқы ойы, іс әрекеті

Ә)Алмабек еккен ағаштар.

Б)Табиғаттың реніші.

В)Алмабектің өз қатесін түсінуі.

Қорытынды бөлім

Саялы орманның қуанышы.

Міне осындай ойлана отырып жазылған жоспар арқылы оқушылар үш төрт

беттік шағын шығарманы еркін жаза біледі және шығарманы аяқтаған соң мынадай талаптар қойдым .

Шығарманың мазмұны Б.Соқпақбаев көксеген ойға сәйкес келе ме ?

Идеясы қандай , шығарманың барлық бөлімі оның идеясына бағындырылып жазылған ба ?

Шығарма сауатты, көркем жазылған ба ?

   Бұл әңгіме арқылы автор нені көксеген, расында да ең бастысы адами қасиет қалыптастыру , адам бойында болатын өсекшілдікті қай жолдардан көреміз десек, оқушылар бірден мына жолдарды ойланбастан тауып, оқып береді. «Осындайда, осындай, Алмабек дейтін бала алып барып отырғызған сіщдердің туысқан шыбықтарыңыздың халі мүшкіл екен»  деп бұталардың  бір бірріне сыбырлай айтуы. Ауыздарына сөз тұрмайтын бұталар сыбдыр қағып, оны талдарға, талдар қайыңдарға, қайыңдар дереу теректерге жеткізеді.Осы орман ағаштарының мысалы арқылы адам бойындағы Абай атамыздың атап көрсетіп кеткен өсекшілдік қасиеттерінен оқушыларды арылту мақсаты тұр. Б.Соқпақбаевтың бұл әңгімесі адамның ең қас жауы еріншектік, жалқаулық екенін бірден адамгершіліктің төресі екеніне әңгіменің түйінінде көз жеткізеді .ЯғниАғаштар түзеліп,бойларын жазып Алмабекке жол ашты» деген жолдар арқылы «Еңбексіз жалқауеріншек, көрінгеннен тілемсек» деген мақалды түп төркінін дәлелдеп тұр.

Ендеше орта мектептің бастауыш сыныптарындағы ана тіілі пәндеріндегі «Менің атым Қожа»,Космос», «Ағаштар неге шулайды?», «Бурыл ат»,Шынықсын денеміз» тақырыптары шәкірттерді тек жан-жақты дамуға үдеп жазылған шығармалар. Оған әр ұстаз өз шәкіртіне жүйелі талдау мен баяндау арқылы көз жеткізері сөзсіз.

      Шәкірттердің сезімдерін, санасын және мінез құлқын бірлі, ынтымақта қалыптастыруда балалар әдебиетінің классигі Б.Слқпақбаев шығармалары өте қажет, өте маңызды да мәнді. Бұндай қаламгер әр шәкірттің жүрегінен орын адатыны да сөзсіз.

 

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.