Главное меню

  • К списку уроков
Күннің көзіне қонақта (ертегіні сахналау
21.02.2016 508 108 Жұмабекова Сағыныш Бақытжанқызы

Күннің көзіне қонақта
(ертегіні сахналау)

Ертегіші: Бірде 3 күн бойы аспанды қара бұлт қаптап күннің көзі болмады. Аулада балапандар жүрді. Күннің көзі болмағандықтан олар мұнайды.
Балапандар: Күннің көзі қайда кеткен? Тезірек оны аспанға қайтару керек.
Тауық: Қайдан оны табасыңдар? Сендер оның қайда тұратынын білмейсіңдер ғой.
Балапандар: Саяхатқа барамыз, жолда кездескеннен сұраймыз.
Тауық балапандарына бидай дайындады.
Балапандар: (қоштасады) Сау болыңыз, ана!
Тауық: (балаларды құшақтайды) Сәттілік тілеймін!
Балапандар: (бір-бірінің соңынан тату –тәтті жүгіріп кетеді, жолда Ұлуды кездестіреді) Ұлу, Ұлу сен күннің қайда тұратынын білесің бе?
Ұлу: Жоқ, білмеймін. Мүмкін сауысқан біледі. Әне діңнің үстінде отыр.
Сауысқан: (ұшып келіп) Балапандар, қайда барасыңдар? Қайда? Қайда? Қайда?
Балапандар: (күрсініп) Үш күн бойы аспанда Күн болмай? Соны іздеп барамыз.
Сауысқан: Мен де сендермен барамын (3 рет айтады)
Балапандар: Ал сен Күн қайда тұратынын білесің бе?
Сауысқан: Мен бе, білмеймін? Ал Қоян мүмкін білед шығар, ал жүріңдер Қоянға барайық
Қоян: (мұртын дұрыстап) Қонақтар келді
Балапандар: Қоян! Қоян! Сен, Күн қайда тұратынын білесің бе?
Қоян: Мен бе? Білмеймін, ал көрші Үйрек біледі, ол қамыстарда тұрады.
Барлығы Үйрекке барады
Қоян: Әй, көрші, сен үйдесің бе?
Үйрек: Үйдемін, үйдемін! Мамықтарым кеппей жатыр, күннің көзі 3 күн жоқ қой.
Балапандар, Сауысқан, Қоян: (бірге) Біз күнді іздеуге бара жатырмыз, ол қайда тұратынын білесің бе?
Үйрек: Мен бе? Білмеймін, ал анау көшектің артында, еменің жанында Кірпі тұрады. Ол біледі
Қоян: Кемеге отырайық, Кірпіге жүземіз! (жүзіп бара жатыр)
Балапандар, Сауысқан, Қоян, Үйрек: (бірге) Кірпі, Кірпі, сен күннің көзі қайда тұратынын білесің бе? Ол ауырып қалған жоқ па?
Кірпі: Білемін, Күнің қайда тұратынын. Үлкен таудың артында, үлкен бұлттың артында. Бұлттың үстінде жылтыр ай бар, ар жағында Күн жақын.
(Кірпі таяғын алады, бас киімді киеді, алдына шығады)
Кірпі: Тауға шығамыз (тауға жақындап). Анда бұлт бар, бұлтқа отырып, айға барамыз (бұлттың үстінде ұшып барады)
Ай: (таудың арғы жағынан шанымен шығып) Достарым, сендерге не керек?
Барлығы: (бірге) Күн қайда тұратынын көрсетші. Көрінбегеніне 3 күн болды.
Ай: (бәрін қақпаға апарып). Міне, мында Күн тұрады.
Бәріміз қақпаға соғайы (тарсылдатады)
Бәрі: (бірге) Күн, кәнекей шықшы, аспанда жарқырашы!
Күн: (ұйықтап тұрған дауысымен) Кім бұл? Терезенің астында айғайлап жатқан?
Барлығы: (бірге) Бұл біз ғой: Балапандар, Сауысқан, Қоян, Үйрек, Кірпі,
Ай сені оятуға келдік, таңатты.
Күн: Ох, ох 3 күн мені бұлттар жауып жүрді (шықты). Мен енді жарқырамайтын шығармын
Қоян: Қазір, мен су әкелейін (шелекпен суға кетеді)
Үйрек: Қазір, қымбатты Күн мен сені жуамын (күнді жуады)
Сауысқан: Ал мен сені сүртемін.
Балапандар: Біз сенен бүкіл шаңды қағамыз
Күн: Міне, енді мен ояндым. Рахмет сендерге достарым, енді мен жап-жарық болып жарқыраймын.
Барлықтары бірге өлең айтады:
Күннің көзі, күннің көзі
Жарқыра
Күннің көзі, күннің көзі
Бәрімізге жайна
(Күн жарқырап аспанға шығады)
Тауық: Күн туралы ертегіні сендер көрдіңдер
Күн туралы ертегіні біз қойдық.

Тауық – Наргиз
Ұлу – Санжар
Сауысқан - Дамир
Қоян – Сафия
Үйрек – Рустем
Кірпі – Қасымжомарт
Ай – Аида
Күн – Сабина
Балапандар – Тамирлан, Нұрдаулет

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.