Главное меню

  • К списку уроков
Мейірімділік – асыл қасиет.
05.06.2013 28409 0


Қожамбердиева Н

Байзақ ауданы

Н.К.Киікбаев атындағы орта мектебі

 

Сабақтың  мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-          мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-          өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

-          мейірбандыққа тәриелеу.

Көрнекі құралдар: бейнефильм, слайдтар, оқулық, суреттер.

 

Шаттық шеңбері:

Балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Балалар ортаға шеңбер құрып тұрып, «Мен апамның ай мен күні» өлеңін айтайық.

                                               Апам мені: «Айым» - дейді,

                                               Мен мұңайсам, уайым жейді.

                                               Апам мені: «Күнім» - дейді,

                                               Мен қуансам күлімдейді.

 

Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру:

-          Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.

-          Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс-қимылынан табуға болады. Мейірімді адамды барлығы жақсы көреді.

Әңгімелесу

-          Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

-          Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

 

Балалардың жауаптарын түйіндеу:

-          Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады.

 

Тыныштық сәті:

Балалар денелеріңді түзу, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларың жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезініңдер. (Видеокөрсетілім)

 

Мәтінмен жұмыс: Мәтінді әңгімелеу.

 

                                              

 

 

«Сары тауық пен балапандары»

М.Төрежанов

Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.
Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді.Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.
- Оны неге шығармайсыз?- деп сұрады бір ақ балапан.

- Ол тым жас.

- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.

- Cырқаттанып қалады.Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.

- Мен,-деді тұңғышы.

- Мен барайын?-деді оған тетелесі.

- Кезекті маған беріңіз!-деді одан кішісі.

- Мен қалам ба сонда?-деді алғашқы қарсылық білдірген балапан.

- Қатесін түсінген сенің барғаның жөн!- деді сары тауық балапанда тысқа қарай ысырып.

- Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.

Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.

 

Оқушылардың мейірімділік туралы пікірлері әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауаптары тыңдалады.

  • Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
  • Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
  • «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?

 

Дәйексөз:

Тақтаға «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қою.

-          Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да адамды да дүниеге әкелуші ана дейді. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалу өз қолыңда.

 

Ойын-тапсырма:

Мейірімділік сөздерімен гүл құрастырайық.

 

Балалар сендер мейірімді болуды ү           йде аналарыңнан, мектепте ұстаздарыңнан үйреніп жүрсіңдер. Ендеше сол өзіміздің аналарымыз туралы айтайық.

-          Ол қандай адам? (Баяу музыка ойнап тұрады)

Кішіпейіл, мейірімді, сыпайы, әдепті, жанашыр, қамқоршы, кешірімді, бауырмал.

 

Жаңа ақпарат:

 

Видеокөрсетілім: (Мейірімділік туралы)

 

Жүректен жүрекке:

Елжіреп жататын етегіңде,

Есімде балапан күндерім.

Сол айтқан ертегі жетегінде

Керемет түс көрген түндерім.

 

Өзіңнің шапағат нұрыңмен ержеткем,

                        Асылым, анашым сағындым

                        Келеді бесікке қолыңмен тербеткен

                        Қайтадан сәби боп таңылғым

 

Ақ ниет, арайлы келбетіңнен,

Көрдім мен бақыттың ақ таңын

Осынау дөңгелек жер бетінде

Өзіңнен асыл жан таппадым

 

Күн нұрындай көңілім,

                  Даламдай кең пейілім

                  Жүрегім толы мейірім,

                  Бәріне ортақ шуағым,

 

Ата-анаңнан кейінгі

               Екінші адам өмірде.

               Бала бол деп зейінді,

               Мейір құйған көңілге.

 

               Еркелесем, күлімдейтін,

                    Ұрысқаны білінбейтін,

               Мейірімін төгіп маған.

               «Құлыншағым, күнім»-дейтін.

 

               Мейірімді жүрекпен,

               Бөлісетін бақытты.

               Ақ ниетпен шын тілеп,

               Ізгі істерді жақұтты!

 

                     Құшағына кіргенде,

                     Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіне,

Мейірбанды сөзіне.

 

Бір соғып бізбен жүрегің,

Қуанып құстай түледің.

Өмірдің барлық асылың,

Әкешім сізге тіледім.

   

Мен анамды сүйемін,

Сөзін ойға түйемін.

Анашымды ардақтап,

Басымды оған иемін.

 

Мейірімді жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта біз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық ананы,

 Жүрегім оттай жанады.

 Бақыттымыз осы біз,

                        Қасымызда досымыз.