Главное меню

  • К списку уроков
Жақсылық жасай білейік
05.06.2013 18028 0


Бердикеева Ж.Қ.

                                                                                         Тараз қаласы,    Д.М.Карбышев

№16 орта мектебі

 

 

Сабақтың тақырыбы: Жақсылық жасай білейік.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

-          жақсылық жасаудың адами қарым-қатынстағы мәнділігін түсіндіру;

-          жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

-          қайырымды, камқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, сюжетті суреттер, ақ қағаз, көк қағаздан қиылған  тамшылар мен дария.

Шаттық шеңбері

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен «Өзін-өзі тану» пәнінің кезекті сабағында кездескеніме өте қуаныштымын. Балалар, шаттық шеңберін құрайық. Осы шеңбер аясында Ө.Ақыпбековтың «Өзін тану» өлеңін бірлесе айтайық.

Өзіңді тану

Жақсы болу-өзіңнен,

Жаман болу-өзіңнен.

                                                 Өзіңді өзің ая да,

                                                 Өзің үйрен, өзіңнен.

           Жақсылық көрсең біреуден,

            «Мен қандаймын?» деп ойла,

 Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңсің-ақыл айнасы.

                                                Тиедісаған мәні бар,

                                              «Өзіңді тану» пайдасы.                                               

  • «Жақсы болу -өзіңнен, Жаман болу-өзіңнен» деген өлең жолдары туралы қандай пікір айта аласыңдар?
  • Ақынның «жақсылық көрсең біреуден, «Мен қандаймын? деп ойла» деген сөзіне көзқарастарың қандай?
  • Сендер кімдерге қандай жағдайларда жақсылық жасадыңдар?
  • Сол сәтте қандай сезімге бөлендіңдер?

 

Әңгімелесу

·         Балалар, жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

·         Жақсылық жасау деген не?

·         Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

·         Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?

·         Өздеріңнің жақсылық істерің туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер?

 

-Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір-біріне деген сыйластығы артады. Жақсылық жасау-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау - биік адамгершіліктің белгісі.

 

Мәтінмен жұмыс

«Жақсылық пен жамандық» ертегісімен таныстыру.

 

·         Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар?

·         «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?

·         «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?

 

-          Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйренеді. Қолынан келгенше ешкімді де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады. Біз де сондай болуға тиіспіз. Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді.

 

Өзіммен - өзім

Балалар, Махаббат жақсылық әлемінен сиқырлы таяқ әкеліпті. Сиқырлы таяқты бір ермесең болғаны, біз жақсылық әлемінде болады екенбіз. Кім жақсылық әлеміне барғысы келеді?

      Олай болса, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Бір, екі, үш біз жақсылық әлеміндеміз. Адамдары қандай сыпайы, мейірімді, бір-бірінен қамқорлығын аямайды. Риясыз жақсылық жасауда. Біздің бойымызға да осы қасиеттер даруда. Осы сезімдермен біз де бұрынғы қалпымықға оралайық Көзімізді ашайық. Балалар, енді біз де бір-бірімізден жақсылығымызды аямайық!

 

                        Тапсырма

Ертегілерді өз ойларыңмен жалғастырып айтыңдар.

1-топ. Қарлығаш пен дәуіт.

          Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп  шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көріп, қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді.

 

2-топ. Аю мен тышқан.

Бір тышқан аңдаусызда аюдың апанына тап болып қалады. Одан адасып жүріп, аюдың құлағына кіріп кетеді.

  Аю шошып оянып, құлағын баса қояды.

- Менің құлағым-сенің інің деп пе едің?-деп ақырады. Өзіңіді жақсылап сабайын ба?

- Сабамашы. Мен де бір керегіңе жарармын.

- Бармақтай болып, не керегіме жарармын дерсің,- деп күледі аю. Дегенмен босатып жібереді.

 

Дәйексөз

                       Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.

                                                                                                                 Халық мақалы.

 

Өзі жақсы адамның айналасы барлық уақытта да, жақсылыққа толы болады. Ол жақсылыққа толы ортада өзін ерекше бақытты сезінеді. Өйткені оны адаимдар, айналасы жақсы көреді, сыйлайды, онымен достасқысы келеді. Осындай жетістіктерге ло өзініңң жақсы істері, жақсылықтары арқылы жетті. Сондықтан халық:«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»,-дейді. Мен де сендердің жақсылықтарың, жақсы істерің туралы жиі айтқым келеді. Сендер де өз сыныптарыңның, достарыңның жақсылықтарын мақтан тұтасыңдар. Сол себепті шамамыз жеткенше, қолымыздан келгенше адамдарға, айналаға жақсылық жасап жүрейік. Өйткені жасаған жақсылық зая кетпейтіні, оның шарапаты өзіңе, жақындарыңа, тіпті еліңе тиетінін сендер де жақсы білесіңдер. Алғычсқа бөленіп, ризашылыққа кенелесіңдер.

 

Жаңа ақпарат

Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.     

 

                        Сергіту сәті

Балдырған баламыз. (Өзін көрсетеді.)

Досты көп табамыз. (Құшақ жаяды.)

Қашан да, қайда да,

Достар бір-біріне (Бір-біріне қарайды.)

Сенімді боламыз. (Қол алысады.)

 

Шығармашылық жұмыс. «Жақсылық тамшысы»

Тамшы үлгісінде қиылған көк қағаздарды үлестіремін.

Біздің дариямыз тамшыларға шашырап кетіпті. Біз дариямызды құрау үшін мына тамшыларға жасаған жақсылықтарымыз бен игі істерімізді жазуымыз керек.Балалар тамшыларға жасаған игі істерін жазады.

Тақтадағы ақ қағазға тамшыны кезекпен ілеміз де, жасағанжақсылықтарымызды жария етеміз.

-Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда        үлкен дарияға айналды. (Дарияны ілемін.) Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

 

Жүректен жүрекке

Балалар дөңгелене тұрып, қолдарына қағаздан жасалған жүрекшені алып, бір-біріне жылы сөздер мен тілек айтып ұсынады.

 

Жаса, жаса, жақсылықты сен жаса.

Жаса, жаса, жақсылықты сен жаса.

Жаса, жаса, жақсылықты сен жаса.

Жақсылықты жасайық біз бәріміз.

 

 

Мейірімділік – ізгіліктің жолы

 

Ермекбаева М.А                                                                                                                                                                                       Жамбыл ауданы

Б. Бесбаев орта мектебі

 

Мейірімділік жүректен,

Мейірімсіздік білектен.

Халық даналығы.