Главное меню

  • К списку уроков
Туған жер ғажаптары
29.01.2019 29 14 Мейрамова Светлана Сейтжановна

Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы
«Смирнов №2 орта мектебі» КММ





3 – сынып.
Өзін – өзі тану пәні

Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі
Мейрамова Светлана Сейтжановна

Мектеп: «Смирнов №2 ом»КММ
Мұғалім:Мейрамова С.С.
Сынып: 3 «а» Оқушылар саны:12
Тақырып: Туған жер ғажаптары Сабақ №27
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Табиғатты қорғау,табиғатқа қамқорлық ,табиғатты жақсы көру

Сабақ мақсат: Сүйіспеншілік құндылығы негізінде оқушылардың туған жер ғажаптары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
1.Туған ел,табиғат аясы, туған жердің адам өміріне табиғатты қорғау маңыздылығын түсіндіру
2.Гүлдерге қамқорлық жасау қасиеттерін дамыту
3.Туған жерін және табиғатты сүюге,табиғатты жақсы көруге тәрбиелеу Ресурстар:интерактивтік тақта бойынша суреттер, слайдтер, кестелер.

Диалогты оқыту, формативті бағалау, критериалды бағалау, АКТ-ны қолдану, топтағы бірлескен жұмыс. Сілтеме: Өзін-өзі тану оқулығы,адамгершілік-рухани тәрбие бойынша хрестоматия, i.Mektep ресурсынан «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Әлем»бейнефильмі http://imektep.kz/adep, бастауыш мектеп әдебиеттік оқу айдарындағы шығармашылық жұмыстарда берілген өз ойыңды білдір тапсырмасы бойынша шағын әңгіме http://imektep.kz/shygarmashilik-zhumis
.
Сабақтың өтілетін уақыты 40 минут
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезең. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену


Ыңғайланып отырыңдар, денелеріңді дұрыс ұстаңдар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға балады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қа-рай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналас-қан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңызды, тілек қалауыңызды шайып жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын қарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ойша осы нұрды қолдарыңызға бағыт-таңыз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі.
Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі Нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңізде шын-дықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.
Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз.Құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз де жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туыстарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын. Нұр осы бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға,өсімдіктерге, тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын...Нұр менің ішімде... Мен – Нұрмын»
Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Ойша нұрға бөленгеннен кейін, жайымен көзіңізді ашуға болады.
2.Үй тапсырмасы тексеру
№26 сабақтың 110 бетіндегі суретпен жұмыс
Сабақ барысын талдау:

Тыныштық сәті арқылы ынтымақтастыққа жұмылдыру,
жағымды ахуал орнату.
3.Дәйексөз.
Туған жердей жер болмас,
туған елдей ел болмас.
Халық мақал
3/1. Дауыстап оқыту (хормен)
3/2. Жатқа жазу
3/3.Мағынасын ашу

1. Әңгімелеу.
Күн мен гүлдер. Ж.Саин
Асқар таудың төбесінен бәрі асқан күн нуға бөккен қалың қатпарлы қапталға алқызыл шұғыласын себеледі.Шөптің бетіне,жапырақтың алақанына тұнған тұнық шықтың тамшылары інжудей жылтылдайды.Күннің күміс сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп,тербей оятады.
-Оу,шоқтай Шұғынық,түрегел!Әлемге жарық жайылды.Құстар да оянды.Шырылдап сайрап жүр.
Ұйқысын аша алмай басы қалтылдаған Шұғынық ұйқысырай дыбыс береді:
-Қазір,Күн көке,...қазір, ақ Сәуле.
Бұдан кейін Сәуле шілтиген көк гүлге барды.
-Көкжелкен! Аш, көк аспандай көгілдір көзіңді! Қойнауға тұнған тұман да сейілді. Жәндіктер қыбырлап,құмырсқалар шапқылап жүр.
-Қазір,ашайын көзімді,қазір...
Сәуле әрі сырғиды. Тағы бір әсем гүл тербелді.
-Гүлбадан,көтер басыңды,аш алтын қауашағыңды! Көрсін қалың жұрт.
Жарайды,- деп керіледі сары басын сілкіп Гүлбадан: «қазір қауашығымның алтын бүрін жарқыратып ашамын»!
Ақ Сәуле сорайған көк бас қурайға барды.
-Атқұлақ,шапақтың жылуы молайды,бүріспе!
Гүлдердің бәрі ұйқыдан оянды.Сен де көрсет көркіңді!
-Қазір,алтын Күн!
Атбұлақ керіліп-созылып,бойын жазды да,мүлгіп тұрған басын қалт жоғары көтерді. Қап-қазір тізілген түймедей көгілдір гүлдері салтанатпен шайқалды.
Осылайша Күн сәске түске дейін тау салалары мен шатқалдарға үңіліп,ұйқыға шомып,манаураған гүлдерді оятады. Дүние жүзіндегі шуаққа бөленген Гүлдердің бәрі шоқтай жайнат,Жер бетін сәндендіріп жіберген

Сұрақтар:
1.Мәтін не туралы ?
2.Сен өзің қандай гүлді сүйесің?
3.Туған жерің несімен көрікті?
2. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
5/1 Жеміс арқылы топқа бөлу.
5/2 Топқа берілетін тапсырмалар
1-топ
Берілген сөздерге тиісті сөзді сызықпен көрсет:
Құстар суарамын
Жер қорғаймын
Ағаштар жыртамын
Гүлдер күтемін
2-топ
Берілген торкөздердің ішінен жануарлардың атауларын теріп жаз:
А П Е Н Т О Қ О Я Н
Ф Т Ү Л К І П У І Ң
И Р О А Б Г О Л Щ Т
Ұ І Ы Қ Т Ә И Т Ғ Ы
А Р Л Д С А Т Я Қ Ш
Қ А С Қ Ы Р У А О Қ
Ң П И О Л Қ Т Ю Ь А
Й І Ы И Б А Я Г А Н
А Р Р Б Ш Р І Ү Қ Ө
П І Л Ч М Р Б Ұ Ғ Ы

3-топ
Мақал-мәтелдерді аяқта:
1.Орманға сен қалай қарайсың,
...... ............(Орман саған солай қарайды)
2.Балығы жоқ көл қысыр,
...................(Басы жоқ гүл қысыр).
3.Гүл баққан гүл таныр,
....................(Ер жігітті ер таныр).
4.Тау бұтағымен сәнді,
...................(Көл құрағымен сәнді).
5.Күнсіз гүл өспес,
...................( Күтусіз ұл өспес).
6.Жер – ана,
..................(Ел – бала).
5/3 Тапсырманы талдау
http://imektep.kz/adep ресурсынан «Әлем»бейнефильмінен үзінді көру (3.30 дейін), кластер құру
5/4 Тапсырманы қорытындылау
i.Mektep ресурсынан бастауыш мектеп әдебиеттік оқу айдарындағы шығармашылық жұмыстарда берілген өз ойыңды білдір тапсырмасы бойынша шағын ертегіні тыңдау http://imektep.kz/shygarmashilik-zhumis

6. Топпен ән айту. Ертегілер әлемінде


Сөзі: И.Сапарбаев
Әні:Ж Қыдырали
1.Ғажайыпты көрдім,Таң ата мен бүгін.
Ертегі әлемнің,
Қызығымды жидым.
Нұрына шомылдым бүгін,
Жұлдыз да айым көркем.
Әждемі етті неткен.
Құстары сөйлейді,
Бұлттары билейді,
Мен оянып кеттім әттең.
Қайырмасы:
Ертегілер,ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер.
Әлемдегінің ғажап күйін,
Шертпедіңдер сендер.

7. Үй тапсырмасы
1.Туған жер, табиғат туралы 5 мақал-мәтелдер жазу
№ 28 «Армысың Алатау» мәтінін оқып келу

8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті


Тыныштық сәті. (жағдаят) (Суретті музыка)
(Музыка ойналып, мұғалім сөйлеп тұрады).
Балалар, денелеріңді дұрыс ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар
Біздің табиғатымыз тап-таза.Міне,қуанышымыз қойнымызға сыймай барады.Біздің осы қуанышымыздан жан-жағымыздағы құстар да, гүлдер де көңілденіп кеткендей. Гүлдің жұпар иісі шаршағанымызды басып,денемізді лезде сергітті, бойымызға ерекше күй, күш – қуат берді. Гүлдер біз үшін қаншалықты пайдалы екенін түсінеміз.. Айнала қандай тамаша! Жайнап өскен гүлдер, сылдырап аққан су.Аспанда тамылжыта сайраған құстардың дауысыБалалар, қарандаршы, сулар тазарып, табиғат жайнап, гүлдер гүлдеп бастады. Сендерге рахмет.
Енді ақырын көздеріңді ашуға болады.
Рахмет, сау болыңдар!

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.