Главное меню

  • К списку уроков
Парыз-азаматтық арқауы Сынып: 11
17.01.2016 1701 172 Укенова Роза Габбасовна

Өзін-өзі  тану  сабағының  жоспары

Мектеп:Қарағанды  орта  мектебі.

Мұғалімі: Үкенова Р.Ғ.

Мерзімі: __________             №11          Сынып: 11            Оқушылар саны: 3

Тақырыбы: Парыз-азаматтық  арқауы.

 

Құндылық:Ақиқат

Қасиеттер:өз бойынан  ақиқат  іздеу;  те

к  жақсы  және  қажет заттарды ғана айту;  мәңгілікті  уақытшадан,  шындықты  жалғаннан  ажырата  білу; білім іздеу;  өз өзіне есеп беру; барлық  дінге  құрмет көрсету; өзіне-өзі сену; жауапкершілік  және т.б.

Сабақтың  мақсаты: Өз бойынан  ақиқат  іздеуді;  тек  жақсы  және  қажет заттарды ғана айтудың  мәнін  түсіндіру.

Міндеттері:

1.Оқушыларға уақытты  үнемдей  білуді  ұғындыру.

2.Оқушыларға мәңгілікті  уақытшадан,  шындықты  жалғаннан  ажырата  білу қасиеттерін  дамыту.

3.Оқушыларды  өз өзіне есеп беру; барлық  дінге  құрмет көрсету; өзіне-өзі сену; жауапкершілік  және шынайлықпен  жұмыс  істеуге  тәрбиелеу.

Сабақ  барысы:         

1.      Ұйымдастыру  кезеңі.         

Тыныштық сәті. Нұр сәулесі. (5 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет. 

2.      Үй  тапсырмасын  тексеру. № 10 сабақ. 1-тапсырма, 22 бет. Тапсырма  дәптерде  орындалады. «Ар-ұжданыма  саяхат» тақырыбына эссе жазу.

3.      Дәйексөз.«Ел үмітін  ер ақтар, Ер атағын ел сақтар»мақал сөз. Оқушылардын нақыл  сөздің  мағынасын  қалай  түсінетіндері  сұралады. (дәйексөзді жаттау, дәптерге жазғызу).

4.      Мұғалімнің сыйлығы.Бейнебаян «Бабушка Русси».

Сұрақтар:  

1.Бейнебаянан  қандай ой  түйдіңіздер?                                                 

2.Қалай  ойлайсыңдар, адамға  құндылықтар қажет деп ойлайсың?

3.Өздерінде осындай жағдайдың куәсі болдыңдарма?

5.Шығармашылық   жұмыс

Шығармашылық  жұмыста  ұсынылған «Азаматтық айқындама»,«адамгершілік айқындама», «азаматтық парасаттылық»  ұғымдарына сипаттама беріп, «Менің азаматтық айқындамам» атты  жоба (мақсат, әрекет, құрал, уақыт, нәтиже) құру ұсынылады

6.Топпен  ән  айтуМ.Өрісбаев «Өмір сыры»

1)Өмір деген –

Жанымның шуағындай жарқырайды.

Көңіл деген –

Бар кезде шарықтап шалқымайды.

Арман деген –

Жүректің жұбанышы үзілмейтін.

Үміттің серігің ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.

                  Қ/ы

Бұл дүниені

           Жарығым қайта оянып көрер болсам

           Өмірге қайта айналып келер болсам

             Сезер – ек бақыттың шын бағасын

2)Бақыт деген –

Уақыттың сүйіп өткен ақ самалы

Уақыт деген –

Өзгермес сұрапыл соқса тағы

Ақымақ деген –

Жүректің жұбанышын көз ілмейтін

Үмітің серігім ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың

                  Қ/ы

Жүректің жұбанышы үзілмейтін.

Үміттің серігің ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.

                 Қ/ы

7.      Үй   тапсырмасы. №11. 1-тапсырма 25 бет.

8.Тыныштық  сәті: Соңғы тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар.

Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден

қайталаңыздар (баяу әуен ырғағымен).

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.