Главное меню

  • К списку уроков
Өзін-өзі тану. Тақырып: Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар. Қиянат жасамау – рухани деңгей
28.12.2014 21417 1315 Кульжабекова Актолкын Бутамбаевна

 

Мазмұны

КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------3

МАҚСАТЫ---------------------------------------------------------------------------4

ӨЗЕКТІЛІГІ--------------------------------------------------------------------------4

НЕГІЗГІ БӨЛІМ---------------------------------------------------------------------5 -12

ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------13

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ--------------------------------------14

 

Кіріспе

        Тұлға мәдениетінің негізі оның жалпыадамзаттық құндылықтарының негізінде көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам өмірінің өзегі-құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі - құндылық бағдар.

     Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу, жемқорлық, өлтіріп кету, өз- өзіне қол салу, т. б. толып жатыр. Адамзаттың ең асылы –«адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме?-деген сұрақтар туындайды. Көпшілігі «заманына қарай адамы » деген принциппен өмір суруде. Ал, заманды құрайтын адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден- бір жол  рухани адамгершілік білім екені даусыз. Ал, адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол – ұстаз.       Рухани- адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін- өзі тану»  жобасының  авторы С. А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек  жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті. Сонымен қатар: «Алланың алдында бәріміз бірдейміз. Әрқайсысымыздың жолымыз, өмірлік міндетіміз бар, бірақ бәрімізге ортақ міндет – жан дүниеміздегі  махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, Адам боп қалу!» деп адамшылықты бірінші орынға қояды.


  Мақсаты:

Оқушының өмірлік айқындамасын анықтауы; түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешуі; өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге қиянат жасамау.;

   Міндеті:

—  өзін танып-білу, өзінің өмірдегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;

—  күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде қиянат жасамай белсенділік таныту.

 

  Тақырыптың өзектілігі:

—  «Қиянат жасамау»ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.

—  Болашақта адамгершілікті басты назарда ұстайтын азаматтардың көп болуы;

 Негізгі бөлім

 

Қиянат жасамау қағидаттары

—  Өзіңе қатысты қиянат  жасамау- бұл өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау, өтірік айту, дөрекі сөйлеу – тілге қиянат.

—  Жаман сөз есту – құлаққа қиянат.

—  Жамандық көру – көзге қиянат.

—  Жаман иіс – мұрынға қиянат.

—  Жаман әрекет – тәнге қиянат.

 

Қиянат жасаудың себептері

—  Сүйіспеншіліктің жетіспеуі.

—  Рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі.

—  Өзгеріске қарсылық ретіндет қиянат.

—  Әлем туралы өзіндік түсінігіне сәйкес келмеу.

 Қиянат жасамаудың міндеттері

·         Әрқашан көмектесу, ешқашан зиян келтірмеу,ешкімді ренжітпеу,

Жан-жануарларға қамқорлық жасау, қауіпті заттармен ойнамау, топпен жұмыс істеу, бірлік.

·         Басқа мәдениеттің құндылығын түсіну,  толеранттылық, ақжарқындылық, татулық. Мәдени мұраны құрметтеу, қоғам меншігін қамқорлау,  қоршаған ортаны қорғау.

·         Дін мен мәдениетті құрметтеу, оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу. Әлеуметтік, әділеттілік, жақсы азамат болу.

 Жүрек жарасы – жамандықтан

     Баяғыда бір үйде жалғыз ерке  бала болады. Ол адам баласына тек жамандық жасап өседі. Бір күні әкесі баласына  37 шеге береді де былай дейді: «Сен бір адамға жамандық істеген соң, есік алдындағы  шарбаққа бір шегеден қағып отыр», дейді. Бала жамандық  істеген сайын, бір шегеден қағып отырады, әсіресе, бірінші шегесін бар ашумен түгел қағады.  33 шеге қаққасын,  4 шегені әкеп әкесіне  береді де,  былай дейді: «Әке, мен  енді  ешкімге   жамандық істемеймін, маған енді шегелердің керегі жоқ».

     Сонда әкесі былай дейді: «Балам, енді адамдарға жақсылық істеген сайын бір шегеден жұлып отыр»,-дейді. Біраз уақыт өткен  соң әкесі мен баласы  шарбаққа қараса, ол  тесік-тесік болып қалыпты. Сонда әкесі баласына былай депті: «Балам, адамдардың  жүрегінде де біреулер жамандық істесе осындай  тесіктер қалады,», дейді.

 Қорытынды бөлім

        Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез - құлық және жан тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс.
    "Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.   

                                                                                                                Абай

 

Жасамайық қиянат                    

Арамызда өкпе, реніш болмасын,
Әрқашанда әділдікті қолдасын.
Адамдарға түсінікпен қарасақ,
Сонда ғана,  гүлденеді болашақ.
Жасамайық адамзатқа қиянат,
Осының бәрін санаңызға ұялат.
Ізгіліктің жолында біз жүрейік,
Бәрін  естен шығармайық, білейік.
Қиянат жасамайық адамзатқа,
Қиянат жасамайық табиғатқа.
Қиянат жасамайық ата-анаға,
Қиянат жасамайық туған Отанға.


Пайдаланылған әдебиеттер 

1. Мен – Адаммын , жеке тұлғаның рухани- адамгершілігін дамыту сабақтарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік құрал, Игенбаева. Б. Қ. Алматы - 2000

2. «Өзін – өзі тану» мен басқа пәндердің ықпалдасуының мазмұны мен тәсілдері , мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал, Мұқажанова Р. А. , Омарова Г. А. , Алматы – 2013

3. «Самопознание. кz» журналының жинағы, 2013 – 2014 жж.

4. «Өзін өзі тану» пәнінің мұғаліміне арналған әдістемелік құрал, Алматы қаласы: ҰҒПББСО «Бөбек» 2010 ж

5. Ізгілік педагогикасы туралы ойлар, Амонашвили Ш. А. ,Москва - 1996 6.

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.