Главное меню

  • К списку уроков
Өзiн-өзi тану 6 сынып. Тақырыбы: Денің сау болсын десең
09.12.2014 2843 587 Саттарова Гулдана Жандилдакызы


Сабақ мақсаты: Денсаулықтың тазалықтан, адалдықтан тыныштық  құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

·         оқушыларға көңілдің тазалығы  арқылы мейірімділіктің мәнін ұғындыру;

·          Оқушылардың  бойында  рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту;

·          Оқушыларды  сабырлылыққа,еліне абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық, дәптер

(аудио жазбалар)

Сабақ барысы:

 1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.

 Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

2.Тыныштық сәтi.

«Күннің нұры» (3 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.  

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.  

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын»... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.  

 

Үй тапсырмасын тексеру:

Тапсырма :

  "Денсаулықтың он құпиясы". атты мәтінмен танысып келу

·         Қоршаған ортаның адам денсаулығына тигізетін әсері қандай?

·          Адамзатқа күлкінің қажеттігін қалай ұғындырар едің?

·         Дұрыс тамақтанудың тигізетін пайдасы қандай?

 

1.Сабырлылықтың адам  денсаулығына тигізер әсері қандай?

2.Мейірімділіктің денсаулықты сақтауға ықпалы қандай?

3.Адамның ұзақ, белсенді өмір сүруі адамгершіліктің ықпалы.

 

Сабақ барысын талдау:

·         Дәйексөз.

 « Сау дене,азат ақыл,адал көңіл-үшеуімен болады бақытты өмір..»

Әйтеке би

 

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу

Бәріміз қосылып айту.    /Дәптерімізге жазып аламыз./

 

Әңгімелеу.

Екі қасқыр

(Аңыз)

       Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіңіре береді екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр екен:Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі – сенім, шындық, мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып, өмір бойы күресумен  болады.     Сонда    зерделі  немересі  атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты:                                                  -     Ал ең соңында қай қасқыр жеңеді?         Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті:                                                         -     Сен қайсысын көбірек қоректендірсең, сонысы жеңеді.

1.Ертедегі қарттар немерелеріне не айтты?

2.Екі қасқырдың айқасын қалай түсінуге болады?

3.Немересі атасының сөзін қалай ұғынды?

1.Аңыз бойынша қандай мейірімділік қасиеттерді ұғындың?

2.Адам бойындағы тыныштықты қалай түсінесіздер?

3.Сабырлылық  деген ұғымды қалай түсіндірер едің?

 

·         Шығармашылық жұмыс.

/түсті стикерлер арқылы топқа бөлінеді./

 "Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі"-тақырыбын сахналап көрсету.

 

 

 

·         Топпен ән айту.

"Бала тілегі" Сөзі:С.Молдасанұлынікі

                         Әні:Ф.Лұқпанованікі

 1.Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.(2 рет)

 

2.Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2 рет)

 

3.Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен  көркейсін,

Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.(2 рет)

 

·         Үй тапсырмасы.

Дәптердегі 22-сабақ, 46 беттен 1-тапсырманы орындап келу.

·          

23-сабақ.Денсаулыққа  байланысты даналардың жазған нақыл сөздерін оқып келу.

 

 

 

·         Соңғы тыныштық сәтi.

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды.

 

 

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.