Главное меню

  • К списку уроков
Баяндама "Сабақта ойын түрлерін пайдалану"
13.03.2015 4160 606 Айтбакиева Зайтунам Тохтахуновна

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі:
Айтбакиева Зайтунам Тохтахуновна
Садыр атындағы орта мектеп

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе
1. Ойын туралы түсінік. Ойын түрлері.
2. Сабақта ойын түрлерін пайдалану.
ІІ, Ашық сабақ
«Біз не үйрендік?»

КІРІСПЕ

Кез келген ұстаздың басты мақсат-міндеті – оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.
Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніміз – халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.
Мектептеде тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі – ойын әрекеті.
Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу – бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын – балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.
Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап – ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді.
Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.
Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, дене шынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл – ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті нашар оқитын балалардың өздері де ойын элеметтері араласқан сабаққа зор ынтамен ,жігерімен араласатыны анық.
«Ұлттық қазақ ойындары: «Қыз қуу», «Орамал тастау, «Асықтар», «Бәйге» ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын. Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін. Мектепте балалар табысты, жақсы оқу үшін баланың тілдік функциялары толық дамыған болуы керек. Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады. Мысалы: «Қуыршаққа қонаққа бару», «Мен кіммін», «Қуршақты киіндіреміз», «Шарбақты құрастыру», «Көлемі бойынша қой» деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Мен кез келген ойын түрлерін сабағымен тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, баланың шығаршашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты – бір нәрсе жайында сұралап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады. Қимыл ойындары – балаға дене тәрбиесін беру құрылды. Балалардың жүгіру, секіру өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке қалыптасуына зор ықпал етеді. Қимыл ойынында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым – қатынасын, баланың мінез – құлқын белгілейді. Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді. Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады. Ойын балаларға сабақта серуенге де өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанын өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде өтеді.
Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақа та , қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті – рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді. «Шаштараз», «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады. Педагог өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс.
Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертегі айтып берсең бар ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын дамытады. Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады.
Дидактикалық ойындар кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық»- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екенін білу. Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарында жиі қолдануға болады. Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт- бағдармен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз.
Сабақта ойын түрлерін пайдалану
Ойын түрлері оқушының ой қабілетін арттырумен бірге сабаққа белсенділігін, қызығушылығын оятып, ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілетін дамытады.
Ойынсыз ақыл- ой қалыпты дамымайды. Ойын арқылы баланың рухани байлығы өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік қалыптасады.
Ойындар — тек денені ғана емес, ойды да жаттықтырушы. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы беруді көздеген.Ойын бала табиғатымен егіз.Өйткені ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес.
Ойындарды бүгінгі педагогикалық ілімдер талаптарына сай іріктеп, ретімен қолданып отырсақ, сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырамыз, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жандандыра түсеміз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған балаға ана тілін оқытудың тиімді әдістеріне көп көңіл бөлген жөн. Ана тілі сабағында ойынды ұтымды пайдалансақ оқу процесі жанданып, сабақтың сапасы артады. Баланың сөздік қоры молайып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға жетіле түседі. Жылдам сөйлеуді үйренеді. Мектепалды оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.
Сондықтан кез-келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысалы «Сауат ашу» оқулығында тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы өткізуге болады. «Ұйқасын тап», «Сиқырлы қоржын», «Анаграмма», «Тауып ал», «Логикалық ойындар» т.б. ойындар. Ал математика сабағында баланың логикалық ойлауында дамытатын ойындар «Құрастыру», «Бөлігін тап», «Көршісін тап», «Ойлан тап» т.б. «Математикалық жарыс», «Математикалық шытырман», « Математикалық пойыз» т.б.ойындарын ойнауға болады. «Математикалық жарыс» – екі команданың немесе оқушыларының бір-бірімен өзара жарысы түрінде өтеді.
«Санамақ» ойынының да түрі көп.

Мысалы:
Бір дегенім білеу,
Екі дегенім егеу,
Үш дегенім үскі,
Төрт дегенім төсек,
Бес дегенім бесік,
Алты дегенім асық,
Жеті дегенім желке,
Сегіз дегенім серке,
Тоғыз дегенім торқа ,
Он дегенім оймақ,
Он бір қара жұмбақ.

Тіл дамыту сабағында жұмбақ шешу ойынын жарыс түрінде өткізуге болады. Бұл ойын балаларды өздігінен ойлауға үйретеді, дерексіз ойлаудан нақты ойлауға жетелейді. Сабақ күрделене түскен сайын оқушының ой өрісі де өсе түседі. Осыған сәйкес ойын түрін де өзгертіп отыру керек. Кейбір оқушылардың Р, Л, С,Ш дыбыстарына тілі келіңкіремейді. Бұл мақсатта халық ойыны жаңылтпашты ұтымды пайдалануға болады.
Мысалы:
Жаңылтпаштар тілді дамытуға, сөзді таза сөйлеуге үйретеді.
Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік, сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін .Сюжетті – рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады.
Қорыта айтқанда, ойын араласқан сабақ тартымды өтеді, балалардың білуге деген құштарлығын арттырады, түсініктерін тереңдетеді.

Сабақтың тақырыбы: « Біз не үйрендік?»
Сабақтың мақсаты: Бағдарлама бойынша балалардың білімдерін тиянақтау,
сандарды (тура, кері) санауға, атай білуге үйрету
мақсаты көзделді.
Балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік беру, түсінік
терін қалыптастыру, ертегі әңгімелеу барысында сөздер
ді байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорларын байыту.
Оқушылардың бойына үлкенді сыйлап тыңдай, көмек көрсетуге,
табиғатты сүйе білуге, оны қорғау ға, ұйымшылдыққа, өзара
сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: суреттер слайд түрінде, түрлі түсті қағаздар мен қарындаштар
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгіме, сұрақ-жауап, ойын
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Отырыңдар
-Балалар, бүгінгі сабаққа бізге қонақтар келіп отыр, сондықтан сабаққа барлығымыз қатысайық. Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Біз не үйрендік?» деп аталады. Бүгінгі тақырыпта сендермен жыл бойы өткен білімдерімізді қайталаймыз. Соларға байланысты ойындар, тапсырмалар орындаймыз.Сабаққа жақсы қатысқандарын үшін жұлдызшалар беріліп отырады. Сабақ соңында кім көп жұлдызша жинағанына сай, сабаққа белсенді қатысқан оқушылар анықталады. Сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге сәттілік тілейік.(бір-бірлерінің қолдарын ұстап, балалар сәттілік тілейді).
-Балалар сендер білесіңдер ме?
-Неше жыл мезгілі бар?
-Кәне, кім маған айтып берем дейді?
-Жарайсыңдар, балалар. Көп біледі екенсіңдер. Ал ендеше әр жыл мезгіліне тоқталып кетелік.
-Қазір бізде қандай мезгіл?
-Дұрыс, көктем.
-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Жақсы, енді көктем мезгілінің математика сабағы бойынша дайындаған тапсырмасын орындайық.
1. Тура, кері санау.
2.Ойын: «Ойлан, тап» есептер шығару
3.Салыстыру

Сергіту сәті:
1,2,3 қарлығаш боп ұш,
4,5,6 қарлығаш боп шалқы,
7,8,9,10 қарлығаш боп қон.
-Жарайсыңдар, балалар. Келесі мезгіліміз?
-Дұрыс, жаз
-Жаз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Күн ыстықта қайда барып шомыламыз?
-Орманға барып, не тереміз?
Ал енді жаз мезгілінің сауат ашу сабағы бойынша тапсырмасын орындайық.
1.Логикалық ойын
2. Анаграмма
Балалар «Не жасырылған?» екенін тауып алу керек. Суретте не бейнеленгенін айту. Қандай дыбыстан басталатынын сөз.Соған сөйлем құрау.
Сергіту сәті: музыка қосылады, балалар би қимылын жасайды.

Жұмбақ жасыру:
Ағаш толы сары шымшық,
Сілкіп көрсең түседі ұшып.
(Жапырақтар)
-Дұрыс,жапырақтар. Сонда келесі мезгіліміз?
-Дұрыс, күз
-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Күзде нелер піседі?
-Жақсы, енді күз мезгілінің көркем әдебиет сабағынан дайындап қойған тапсырмасын орындайық.
1. Рольдік-сюжеттік ойын (музыкалық)
(ертегі кейіпкерлерінің суретін көрсету.) балалар қандай ертегі кейіпкері екенін тауып алу керек. Жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтау, кейіпкерлерге сипаттама беру.
Келесі қандай мезгіл?
-Дұрыс, қыс
-Қыста қандай мереке болады?
Қыс мезгілі туралы көп біледі екенсіңдер?
Ендеше, қыс мезгілінің тапсырмасы. Жапсыру сабағына байланысты. Түрлі-түсті қағаздардан гүл жасау.
Музыка қосылып тұрады, балалар музыканы тындай отырып, түрлі- түсті қағаздардан гүл жасайды. Жасаған гүлдерін үстелдің үстінде тұрған құмыраға салады. (Жақсы істеген оқушыларды мақтап, мадақтау).
Бекіту: Балалар, бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер? Не білдіңдер?
Қорытынды:
Балалар сонымен біз бүгін 4 жыл мезгілін қайталап, соларға байланысты тапсырмалар орындадық.Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар мақтап, мадақталды.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.