Главное меню

  • К списку уроков
Ашық сабақ жоспары
22.02.2018 249 57 Кусмиденова Гульзат Беимбетовна

Математика 4 – сынып

Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға көбейту және бөлу.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу жайында түсінік беру;
Дамытушылық: Баған түрінде көбейту мен бұрыштап бөлу жағдайларын негіздеу. Ой - өрісін, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру. Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.

Әдісі: ойын, сұрақ - жауап, түсіндіру, іздену.

Түрі: ойын сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.
Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.

ІІ. « Тездет, бірақ қателеспе!» ойыны
Топтық жұмысқа арналған «Мозговой Штурм» тапсырмасы: A4 парақтарында 3 мысал жазылған. Топтағы оқушылар өздерінің шешімдерін қағазға жазады, талқылайды, бір-бірін түзейді. Оқушылар өздерін көрсете алу үшін,есептерді өз кезегінде орындайды.
88101+9870: 35 = 88101+282 = 88383
49469 - 14382: 47 = 49469 - 306= 49163
51643 - 22320: 36 = 51643 - 620= 51023
ІІІ. Математикалық диктант.
85 - ті 10 есе арттыр
85 - ті 11 - ге көбейт
935 - ке 85 - ті арттыр
8700 - ді 100 есе кеміт

ІҮ. « Тез жауап бер» ойыны.
‹А) Мына сандардағы әр цифр нені білдіреді? 306, 698, 540
Б) Әр сандағы 7 цифры нені білдіреді? 753, 78, 407, 777
В) Сандар қатарын жалғастыр:
1 5 25 125.........
254 250 246.........

Ү. Жаңа сабақ.

Тахтада екі мысал жазылады. Біреуі үш таңбалы санды көбейту 5x457, екіншісі 2285: 457 үш таңбалы санға бөлу. Оқушыларға осы мысалдарға сұрақтар қою арқылы үстелге карталарды тарату: 1. Осы мысалдарда қандай әрекеттерді орындау қажет? (Көбейту және бөлу) 2. Бірінші мысалда екінші көбейткіш қандай сан? (үш таңбалы) 3. Екінші мысалда екінші көбейткіш неше разрядттан құралған? (үш, үш таңбалы ) 4. Қалай ойлайсындар , бүгін біз не үйренеміз? (біз үш таңбалы сандармен көбейту мен бөлуді үйренеміз)
Олай болса 2285 - ті 100 – ге бөлеміз. Енді 22 - ні 4 – ке бөлеміз, 5шығады. Бөлінді мәнінің
Байқау цифры 5, тексереміз сәйкес келеді. 2285 - тің 457 - ге бөліндісі 5 - ке тең.
ҮІ. «Кім жылдам?» №3 тапсырманы 3 оқушы тақтада орындайды.

ҮІІ. «Ойлан тап». №5 тапсырманы өз беттерімен орындау.

ҮІІІ. «Қатесі болса, түзет».
3781: 465 = 8(қалд. 60)
2698: 319 =7(қалд. 154)
5693: 927 =6(қалд. 31)

ІХ. Рефлексия
Ұсынылған 6 карточкадан әрбір оқушы 1 картаны таңдап алады. Оның тапсырмасын шешу үшін уақыт беріледі. Содан кейін шешімнің шеңбері сол жағындағы көршісіне беріледі. Оқушылар шешімнің дұрыстығын тексереді. Содан кейін «Мен - менің көршімін» бағасын толтырылады

Х. Бағалау.
Үйге тапсырма

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.