Главное меню

  • К списку уроков
Қазақтың салт-дәстүрлері
19.02.2018 204 29 Аяганова Айдынгул Тельмановна

«Корнеевка гимназиясы» КММ жанындағы шағын орталық
Мини центр при КГУ «Корнеевская гимназия»

Қазақтың салт-дәстүрлері
(бесікке салу)

Қазақ тілі мұғалімі Аяғанова А.Т
2017-2018 оқу жылы







Бесікке салу қазақтың салт-дәстүрі
Мақсаты: Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып, келе жатқан салт дәстүрлерін дәріптеу; оқушылардың өз халқына, ұлтына, туған жеріне, ұлттық әдеп ғұрпына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

«Бесікке салу» дәстүрін көрсету.

Керекті жабдықтар: киіз үй, ұлттық киімдер, бесік, ұлттық тағамдар..

Егеменді еліміздің болашағын қалыптастыру үшін халқымыздың қаһармандық тарихын ғасырдан ғасырға жалғасып жинақталған ұлттық мұрасын, озық мәдениетін, ұлттық мінез құлқымен әдет ғұрпын білуіміз керек.

«Қазақ халқы бесіксіз үйде береке жоқ»-деп өмірге келер сәбиді асыға күткен. Себебі бала өмірдің гүлі, жалғасы. Жас нәрестенің өмірге келуі, отбасы мүшелеріне әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген. Жас нәресте өмірге келгенде арнайы адам жіберіп сүйінші сұратқан.

Қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынова осы дәстүрді өзінің «Бабам қазақ» өлеңінде былай суреттейді:

Бабам қазақ қаншама бала сүйген

Мұрагерім болсын деп мақсат қылып

Ұл даусы шыққанда қараша үйден

Атан сойып, той қылатын ат шаптырып.

Қазақ баласын ағаш бесікке салып баққан. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бесікті қазақтың құрмет тұтуы соншалық, кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатқан. Қазақтың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бесікті ардақтаудан шыққан. Балаға деген ана махаббаты «бесік жырлары» арқылы берілген.

Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор. Бесіктегі сәбидің бойы, қол-аяғы түзу, ширақ болады. Сондай-ақ бесік баланы кездейсоқ құлаған заттан, суық пен ыстықтан да қорғайды. Пәле-жаладан сақтасын деп ырымдап, оған тұмар, бүркіт тұяғы, жыланның бас сүйегі, кірпі терісі сияқты заттар тағып қояды. Бесік ағаштан, негізінде талдан иіп жасалады. Себебі, тал басқа ағаштай емес иілмелі морт сынбайды, құрт түспейді, жат иісі болмайды.

Бесік – қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. «Ел іші – алтын бесік», - деген сөз бесіктің құдыретін көрсетеді. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады.

Бесіктің мынадай құрал – жабдықтар болады: жастық, мамық, жөргек, түбек, шүмек, қолбау, тартпабау.

Ең алдымен бесікке салушы әйел бесіктің өзін жын – шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін бесікті отпен аластап, «тыштырма» рәсімін жасайды.

Тыштырма

Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, тәттілер өткізіп, «тышты, тышты» деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.

«Тыштырманы» әйелдер ырымдап алып, бала-шағаларына үлестіріп береді, содан кейін баланы бесікке бөлейді.

Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады.

«Бесікке салу» дәстүрін көрсету.

Бесік жырын айту

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем

Жылама, бөпем, жылама

Жілік шағып берейін,

Байқұтанның құйрығын

Жіпке тағып берейін.

Арша ма екен бесігі

Алар ма екен әкесі

Өрік пе екен бесігі

Сүйер ме екен әкесі

Жиде ме екен бесігі

Жігіт пе екен әкесі

Әлди-әлди, аппағым

Қойдың жүні қалпағым...

Бата

Шашу шашу

Шай мәзірі

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.