Главное меню

  • К списку уроков
Ыбырай Алтынсарин "Бай баласы мен жарлы баласы"
06.01.2017 315 58 Абишева Майрамбике Туякпаевна

Ыбырай Алтынсарин «Бай баласы мен жарлы баласы»
Сабақтың мақсаты: Әңгіме сюжетімен тереңірек танысып,әңгіменің тақырыбы мен жазушының негізгі идеялық мұратын шығармасына сүйіне отырып ашу.Кейіпкерлер жүйесін талдауға жаттықтыру.
Дамытушылық: оқушыларды өзіндік талдау ,жинақтау жасауға ойлай білуге дағдыландыру, өз ойын анық толық жеткізе білуге төсілдіру.
Тәрбиелік: әңгіме арқылы оқушыларды адамгершілікке ,достыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ –жауап, талдау, жинақтау.
Көрнекіліктер:Ыбырай портреті, шығармалары жинақталған көрме, сабақтың эпиграфы слайд.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру бөлімі 2.Ой шақыру
-Балалар, біз Ыбырай Алтынсарин туралы өткен сыныптарда таныстық. Енді кім, қандай адам болған,қандай игілікті істер атқарады, қазақ халқы үшін қандай оның тарихтан алар орны қандай? Міне ,осы туралы ойымызды жинақтап, бір парақ қағазға өз ойымызды жинақтап, бір парақ қағазға өз ойымызды жазып шығарайық.(Оқушылар,ақ қағазға бәрі өз ойларын жазады. )
Мектеп ашты Топтастыру әдісі ақын
1841-1889
оқулық авторы жазушы
педагог
аудармашы
ағартушы
«Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі боиынша. Жұмыстар. (Әңгімені өз беттерімен оқып келу тапсырылады) Моно-әңгіме –топтарға бөліп, оқушылардың атқаратын жұмыстарын бөліп беремін.
1-ші топ кезектесіп әңгіме мазмұнын толық әңгімелейді.
2-ші топ толықтырып ,коментарий жасайды.
Кейіпкер жүйесіне талдау.
Асан
Кейіпкелер Үсен
Үсеннің әкесі
Қойшылар
Венн диаграммасы. Асан мен Үсеннің ерекшеліктері мен ортақ қасиеттерің жазады.
Асан Ұқсастығы Үсен


Сөздікпен жұмыс.
Түртіп алу стратегиясы. Әңгімедегі түсініксіз сөздерді дәптерлеріне жазып тұсына қарандашпен төмендегідей белгілер қояды.

Жұрт-көшіп кеткен ауылдың орны, қын-аттың жалы, құйрығы. Сүрлеу жол-ұзақ ,анық жол, ертеректеп қалыптасқан жол.
Шортан-балықтың аты алабұға-балықтың аты сәске-түс ауған жоқ бесін-кешкі мезгіл шегіртке-жәндіктің аты
Орысша –қазақша сөздік жұмыс.
Жұрт-становище қыл-волос сүрлеу жол-тропинка шортан –щука сәске-полдень бесін –сумерки шегіртке-саранча
Семантикалық картамен жұмыс. Бұл жұмысқа түгел қатысады. Әрбір оқушының әңгіме мазмұнымен таныспаған, танысқанын білу мақсатында жүргізіледі.
«Бай баласы мен жарлы баласы»
Үзінді
Кейіпкерлер «Жылағанмен ешнәрсе өнбес» «Елді жердің ұрысы далалы жердің бөрісі» «Сендердің жұрта қалғандарыңды біліп іздеудеміз» «Үйректі тірі ұстап алып ойнайық»
Асан
Үсен
Үсеннің әкесі
Қойшылвр
Әр үзіндіні қай кейіпкердің сөзі екенің сәйкестендіріп тұсына қосу (+) белгісін қояды.
Әңгімені бекітуге арналған мақал-мәтелдермен жұмыс.
Мақалдың алғашқы жолы оқылады Келесі жолын оқушылар табады.
1.Еңбек етсең ерінбей,... (Тояды қарының тіленбей) 2.Досы көпті жау алмайды... (Ақылы көпті дау алмайды) 3.Еңбек түбі- береке... (Көптің түбі –мереке)
4. Еңбегің қатты болса... (Татқаның тәтті болар)
5.Еңбек еткен емеді... (Еңбексіз не өнеді)
6.Жүз сом ақшан болғанша... (Жүз жолдасын болсын)
7.Жолдастың мыңын алма... (бірін ал)
Бес жолды өлең
Зат есім (жалқы) Үсен Сын есім. ақылды Синоним есті Жалпы зат есім. бала Етістік. болып өсті Тұжырымды сөйлем Үсен есті, ақылды бала болып өсті.
Жаңа сабақты бекіту.
Ойтолғау.
1топқа. Әңгімеден бойларыңызға , қасиет жинадындар, нені ұғып, нені үйрендіндер ? Әңгіме бізді неге қандай қасиеттерге тәрбиелейді деп ойлайсыздар. Сол туралы өз ойларыңызды қысқаша жазыңыздар.
2 топқа.Әңгімедегі нақыл, өсиет сөздермен жұмыс жасап ,мағынасын түсіндіріңіздер.
Үйге тапсырма.
1) Асан мен Үсеннің іс-әрекетін бейнелейтін сурет салу.
2)Асан мен Үсеннің портретін жазу.
Бағалау.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.