Главное меню

  • К списку уроков
Ашық сабақ "Туған елім -Қазақстан"
15.11.2016 58 6 Бегалинова-Исабаева Ажар Кадровна

Тақырып : Туған елім -Қазақстан.
Мақсаты: Басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын ,туған
жеріне ,еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Мұғалім тыс шараны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен бастайды.Мұғалім топты 2 топқа бөледі.1 топ-«Жұлдыз», 2топ-«Тамшы».Ол балаларды сайыс ережелермен танысады.Мұғалім дұрыс жауап берген топқа 1 ұпай береді.(жетон)

1 тапсырма: Сұрақтарға дұрыс жауап беріңдер.
1.Біз қай елде тұрамыз?
2.Қазақстан Республикасының елбасшысы кім?
3.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін атаңыздар!
4.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тіл қандай тіл?
5Қазақстан Республикасының астанасы қандай қала?

2 тапсырма: Енді жұмбақтарға көшеміз.Мен жұмбақтарды оқимын,ал сендер оларды шешесіңдер.Маған дұрыс жауаптарын айтасыңдар.

*Көк лағым көгенде * Көкпеңбек еді көктемде ,
Жатып семіреде.(қарбыз) Қызарды күз жеткенде .(алма)

*Адасқан ал қолына, *Қыс бойы жатады,
Бағыт берер жолына.(компас) Тәтті ұйқыға батады.(Аю)

*Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.(түйе)

Сергіту сәті (Балалар өздері үш тілде сергіту сәттерді өткізеді)
Б-балалалар.
3тапсырма: Берілген сөздерді буындарға бөлу.
.
1 топ 2 топ
Адам,сурет,дүкен,терезе. Жер,тақта,немере,ағаш.

4 тапсырма: Берілген сөздерге схема жасау.
1топ 2 топ
Отан,мектеп Жер,қала

«Ғажайып қоржын» ойыны.
Балалар қоржыннан жануарларды алып,қазақша аттарын айтады,сөз тіркестерін құрастырады.
Сайыстың соңында балалар мұғаліммен бірге жетондарды санап,жеңімпаз-дарды құттықтайды.Сайысты «Астана» өлеңімен аяқтаймыз.Қоштасу.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.