Главное меню

  • К списку уроков
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Менің Отаным Қазақстан»
15.03.2016 1343 133 Магамадиева Жадыра Аскаровна

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Менің Отаным Қазақстан»
Тәрбие сағат мақсаты:
Білімділік:Білім күні мерекесіне орайластыра отырып балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекілігі: ҚР рәміздері, карта, қанатты сөздер
I. Кіріспе.
- Құрметті ата-аналар, оқушылар, қонақтар сіздерді «Алғашқы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер мектепке күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер. 1 қыркүйек білім күнін пайдалана отырып бүгінгі «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбы аясында өтетін тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
-Балалар мен сендерге бір ертегі оқып бергім келіп тұр.
- Көгілдір өзен жағасында, жап- жасыл көкорай шалғында Ақ ботақан өмір сүрген екен. Ол көкте жүзген бұлттай ақшаңқан болыпты. Күнде таңертең әжесі Үлкен Үнген ішкізетін сүт секілді аппақ болыпты. Барлық Ботақандар сияқты ол да қиялдағанды жақсы көретін. Ол күндердің бір күнінде саяхатқа тартып кетуді армандайтын. Сондықтан да таңның атысынан күннің батысына дейін түрлі кітаптар оқитын еді. Ол әліппе мен дүниетану туралы кітаптарды мектеп кітапханасынан тауып алатын. Сонымен қатар оның Құлын, Балапан, Қошақан сияқты өте сенімді достары бар еді. Ол достарын қасынан, арман- қиялынан еш уақытта қалдырмайтын.
Бір күні Құлын, Балапан, Қошақан үшеуі Ақ Ботақанға бара жатқанда күннің көзін бұлттар жауып тастапты.
- Оқушылар, қазір тақтаға жасырын күн шығады .Күннен шыққан сәулелерді бұлт жауып тұр.Сол бұлттарды ашу үшін ,сендер әр-түрлі сұрақтарға жауап бересіңдер.
II. Негізгі бөлім. -1.Балалар, біздің туған өлкеміз,Отанымыз қалай аталады?
-Қазақстан
-2. Қазақстан қандай мемлекет?
-Тәуелсіз,егеменді мемлекет.
-3. ҚР-сының мемлекеттік тілі қандай?
-Қазақ тілі
- 4. ҚР рәміздерін ата?
-Елтаңба, Ту, Әнұран
-5. ҚР еліміздің тұңғыш президенті кім?
-Н.Ә. Назарбаев
-6. ҚР астанасы кай қала?
- Астана
- Ал енді міне күнімізді бұлттардан құтқардық.Біздің күніміздін ортасынан «ҚАЗАҚСТАН» сөзі шықты.Оңың шуақтарынан Қонақжай- қазақ елі қонақжай халық. Көп ұлтты- біздің елде әр түрлі ұлт өкілдері бейбіт өмір кешуде. Өнерлі- қазағымыз сегіз қырлы, бір сырлы халық. Табиғаты тамаша – еліміздің табиғаты керемет.Бурабай, Баянауылға барсан таулары, ағаштары, көлдері қандай ғажап.Қазақстанымыз қарқынды даму үстінде, баршамызға қымбат және бақытты ел.
Ойын:«Туған жерді гүлдендір»
- Қазақстанның жері - кең-байтақ.Батыстан шығысқа қарай үш жүз мың
шақырымға,солтүстіктен оңтүстікке қарай бір мың жеті жүз шақырымға
созылып жатыр. Қазақстанның табиғаты әр түрлі.Мұнда тау да,өзен де,шөл де бар. -Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіз ел болып жарияланды. –Тәуелсіз мемлекетЕшкімге тәуелді емес,дербес,яғни өз мәселелерін өзі шешетін, өз байлығын өзі басқара алатын мемлекет.
(Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып, әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.
- Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл - қызы міне, сендерсіздер.
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.
III.Қорытынды бөлім.
Сендер де ертең еліміздің көркеюіне өз үлестеріңді қосасыңдар,бірің
сәулетші, бірің, дәрігер, бірің құрылысшы, тағы да басқа маман иесі болып, елді гүлдендіре түсесіңдер деген сенімім мол.Сонымен, «ел болам десең бесігіңді түзе» демекші, мәңгілік ел болу үшін осы отырған бүлдіршіндеріміз аман болып, болашақтары жарқын болсын деп тілейік!
Сонымен балалар Отан деген не?
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.
- Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз керек.
Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
– дей отырып, құрметті қонақтар, балалар осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.
- Сау болыңыздар!

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.