Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы:Наурыз батасы.
22.02.2016 540 123 Сатубалдина Куралай Дастановна

Сынып: 4 «А» « Б» « В»
Сабақтың тақырыбы:Наурыз батасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақтың ұлттық салт-дәстүрлер туралы білімдерін бекіту және қазақ халқының мәдени мұрасымен таныстыру.
Дамытушылық: өзге ұлт оқушыларының қазақ тілінде сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру; оқушыларды тез ойлап, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздерді өзара дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру
Тәрбиелік: қазақ халқының салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: жеке карточкалар, компьютер арқылы басылған сөздік сөздер, суреттер, плакатта жазылған ереже.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдерi Мұғалiмнiң iс-әрекетi Оқушылардың iс-әрекетi
1. Ұйымдастыру кезеңi Сәлемдесу, отырғызу.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. Сөздерді жеке карточкалар арқылы тексеру. Оқушылар сөздерді карточкаға жатқа жазады.
3. Жаңа тақырыпқа дайындалу кезеңі Тіл дамыту:
Сұрақ-жауап өткізу:
- Қазір жыл мезгілі қандай?
- Көктем айлары қандай?
- Көктемде күндер қандай болады?
- Құстар не істейдә?
- Қармен не болады?
- Ағаштар не жарады?
- Көктем қандай жыл мезгілі?
- Көктемде қандай мерекелер болады? Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

4. Жаңа тақырып Жаңа сөздермен танысу:
- сөздерді оқу және аудару;
- сөздерді хормен және жеке қайталау;
- жаңа сөздермен жай сөйлемдерді құрастыру;
Сөздер:бата-благословения,ежелге дәстүр-своеобразный обряд,той-праздник.пир,қадірлі-уважаемый,кісі-человек,ынтымақ-солидарность,бірлік-единство,,мереке-праздник, береке-изобилие,достаток
Мәтінді оқу, аудару және әр сөйлембойынша сұраулық шылау арқылы сұраулы сөйлемдерді құрастыру.
Наурызда берілетін бата.
Бата беру-қазақ халқының ежелгі дәстүрі.
Жасы үлкен қадірлі кісілер тойда,қонақта бата береді.Әр тойдың өз батасы болады.Наурыз мерекесінде де бата беріледі.Батада жақсылық,ынтымақ,бірлік,құт берекетілейді. Оқушылар жаңа сөздерді хормен және жеке қайталайды, содан кейін сөздікке көшіріп жазады.

Оқушылар жаңа сөздерді пайдаланып ауызша сөз тіркестер мен сөйлемдерді құрастырады.

Оқушылар мәтінді оқиды және орыс тіліне аударады.

5. Бекіту кезеңі Бата сөзіне бес жлды өлең құрастыру.
Бата.
Бірлік,жақсылық
кісілер тілейді.
Бата-ежелгі дәстүр.
Наурыз батасы.
Фонетикалық талдау жасау. Оқушылар өз бетінше бес жолды өлең құрастырады.

Оқушылар дәптерге мереке ,көктем. сөздеріне фонетикалық талдау жасайды.
6. Үй жұмысын беру Сөйлесуді жаттап алу, ынтымақ., бірлік сөздердің фонетикалық талдауын жасау. Күнделіктерді ашып, үй тапсырмасын жазады.
7. Бағалау Сабаққа белсендi қатысқан оқушыларды бағалау.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.