Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі Ашық сабақ Тақырыбы: «Дәрумендер пайдасы» саяхат сабағы
04.02.2016 869 137 Хизат Акмарал

Ашық сабақ мақсаты: Оқытудың озық технологияларын қазақ тілі сабағында тиімді пайдалану.

Сыныбы: 5 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Саяхат сабақ «Дәрумендер пайдасы»

Мақсаты:

1.      Білімділік: дәремендердің пайдасы туралы білімдерін сабақта көрсете алу, тақырып бойынша қазақ тілінде тілдесе алуға үйрету.

2.      Дамытушылық: сөздерді тәуелдей, жіктей, септей алу, сұрақ қойып, оған жауап бере алу дағдыларын арттыру.

3.      Тәрбиелік: дәрумендердің пайдасын білуге, алған білімдерін практикада қолдана алуға баулу.

Күтілетін нәтиже: дәрумендердің пайдасы туралы сөздерін дәлелді жеткізе алады, постер құрып, оны қорғай алады, саяхат сабағы негізінде берілген тапсырмаларды жүйелі орындай алады: тәуелдіе, жіктік жалғаулары, жұмбақталған сөйлемдердің шешуін таба алады.

Топпен жұмыс    ынтымақтастыққа, бір тапсырманы жұмылып істеуге, бір –бірінен үйренуге дағдыландырады,  бірін-бірі тәрбиелейді, бәсекелестік пайда болады., өтілген тақырыптар бойынша нәтиже шығара алады.

Қолданылатын көрнекі құралдар: итерактивті тақта, слайд, таймер, саяхат желісімен тақтасы, ол тақтадағы тапсырмалы қалташалар, «Шаттық шеңбері» тренингісіне арналған жабдық, «Ыстық орындық»

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сыныппен сәлемдесу.

2.Тіл дамыту кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Үйге әр оқушы жеке-жеке жасаған постерлерін мұғалімге тапсырады.

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Ыстық орындық» арқылы оқушылар өтілген материалды пысықтайды

Барлық дәруемендер денсаулыққа пайдалы. Ендеше  бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Біз сендермен саяхат жасаймыз. Саяхат жасамас бұрын бүгінгі сабақтың эпиграфтарына назар аударайық.  5 минут.

. Сабақтың эпиграфы:

1.      Дұрыс тамақтану-денсаулықтың кепілі.

2.      Дәрумендер адамның ағзасына пайдалы.

3.      Денсаулықты сақтау адамға байланысты.

4.      Денсаулық-ең үлкен байлық.

Ендеше біз сендермен денсаулығымызды нығайту үшін,  саяхат жасаймыз. Саяхатымыздың  бағыты мынадай-

1)       «Дәрумендер елі».

2)      «Пайдалы сусындар».

3)      Алма бағы

4)      «Шаттық шеңбері»

5)      Саяжай

6)      Азық -түлік дүкені.

 

 

Тақтадағы ілінген эпирграф сөздерін жеке- жеке оқушыларға таратып беру. Сол сөйлемдегі сөздер бойынша оқушылар топтарға бөлінеді.

 Әр топтың тұсында А, В,С,Д  дәрумендері ілулі тұрады.

1-      тапсырма. Әр топ «Дәрумендердің пайдасы» тақырыбына постер құрады.

6 минут.

Дәрумендер тірегің,

А,В,С,Д,Е деп аласың

А-сы қажет көзіңе.

В жүйкені тоғайтар.

С-дан микроп безінер

Д сүйекті нығайтар

Жетіспесе бірі оның

Ауырып сен қаларсың.

 

2-      тапсырма. Балалар, сендер жеміс-жидек, басқа да азық түліктердің адам ағзасына пайдалы екенін айтып бердіңдер. Саяхатымызды ары қарай жалғастырамыз.  «Пайдалы сусындар»  әлеміндегі  тапсырмаларды  орындау. Тапсырмада жасырылған жұмбақ сөйлемдердің шешуін тауып, тақырып бойынша әгімелеу.

Тапсырма.

1.                      Бұл сусын жылқы сүтінен жасалады. Өте шипалы, қышқыл сүт өнімі. Бұл қандай сусын?

 

2.      Бұл сусын түйе сүтінен жасалатын өте шипалы сусын. Ол өте сіңімді, өте пайдалы сусын. Бұл қандай сусын?

 

3.       

Бұл сусын қан толықтырады, өкпе, асқазан ауруларын емдейді. Бұл қандай сусын?

 

4.      Бұл сусын өкпе, бүйрек, сүйек ауруларын емдейді. Бұл  қандай сусын?

 

 

4 минут

3-      Алма  бағына бару. Алмалардағы берілген тапсырмаларды орындау.

 . «Денсаулық, байлық, тамақ, балық» сөздерін тәуелдеу. 5 минут.

Тәуелденген сөздерді өзара байланыстыру. Менің байлығым-денсаулығым.

Балалар, сендердің байлықтарың -денсаулықтарың.

Ендеше денсаулығымызды күтейік, дұрыс тамақтанайық, зиянды заттардан аулақ болайық.

4-      Сергіту сәті. «Шаттық шеңбері» позитивті сөздер, тілектер айту-адам ағзасына өте пайдалы. Сондықтан қазір бәріміз шаттық шеңберін құрып, жақсы тілектерді айту арқылы өз денсаулығымызды нығайтайық. Мұғалім ортаға шығып, шаңырағын көтереді. Оқушылар позитивті сөздер айтады. 3 минут

.

5-      тапсырма. «Саяжайға»  де келіп жеттік. Еңбектену, дене қимылы да денсаулыққа пайдалы. Ендеше  қимылды білдіретін сөздерді жіктейміз. Ауыспалы осы шақта келесі сөздерді жіктейміз. Әр топ етістіктерді жіктейді.  Тамақтану, ішу, жуыну, жеу сөздерін жіктеу.

5 минут.

 

6-      «Дүкенге» барамыз. Дүкенге барып азық- түлік сатып аламыз. Сен не себепті бұл тағамды сатып алғаныңды түсіндір. Сын есімдерді пайдалан. Сын есім дегеніміз не?

 

 Мен дүкеннен алма сатып аламын. Өйткені мен алманы жақсы көремін. Ол өте дәмді, денсаулыққа пайдалы. 5 минут.

Қорытынды:

 

7-       «Пайдалы кеңестер» тапсырмасына құлақ түреміз. Сөйлемдердің ішінен өзіңе пайдалы кеңесті дұрыс тауып, тамақтанудағы қателіктерді  қоқысқа лақтырамыз. 5 минут

Бірі «Пайдалы кеңестер», екінші  «Олай істеуге болмайды» себетіне лақтырады.

1.      Тамақтанар алдында беті-қолыңды жу.

2.      Тамақты уақытымен іш.

3.      Әртүрлі жасанды сусындарды көп іш.

4.      Теледидар көріп отырып тамақ іш.

5.      Тәтті, кәмпит, шоколадты көп же.

6.      Тамақтанып отырғанда көп сөйлемеу керек.

7.      Тамақты асықпай, әбден шайнап жеу керек.

8.      Майлы тамақты көп же.

Яғни біз дұрыс тамақтану керекпіз. Тамақты дұрыс ішу керекпіз. Жуыну керекпіз.

Кері байланыс. «Алма ағашы» оқушылар егер сабақ ұнаса, жасыл алманы, мүлдем ұнамаса, қызыл аламаны, аздап түсініксіз болса, сары алманы алма ағашына іледі

Үйге: «Дәруменнің пайдасы» тақырыбына шығармаға дайындық. 

Бағалау.Формативті бағалау нәтижесімен оқушыларды суммативті бағалау

Топтардың жұмысына баға беру.

Сабаққа өзіндік талдау.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Хизат Ақмарал Хизатқызы

Санаты: бірінші

Ашық сабақ мақсаты: Оқытудың озық технологияларын қазақ тілі сабағында тиімді пайдалану.

Сыныбы: 5 «Г»

Мерзімі: 20.10.2015

Сабақтың тақырыбы: Саяхат сабақ «Денсаулыққа пайдалы»

Мақсаты:

1.      Білімділік: дәремендердің пайдасы туралы білімдерін сабақта көрсете алу, тақырып бойынша қазақ тілінде тілдесе алуға үйрету.

2.      Дамытушылық: сөздерді септей алу, сұрақ қойып, оған жауап бере алу дағдыларын арттыру.

3.      Тәрбиелік: дәрумендердің пайдасын білуге, алған білімдерін практикада қолдана алуға баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, саяхат сабағы.

Сабақтың типі: қайталау, бекіту.

Күтілетін нәтиже: дәрумендердің пайдасы туралы сөздерін дәлелді жеткізе алады, постер құрып, оны қорғай алады, саяхат сабағы негізінде берілген тапсырмаларды жүйелі орындай алады: тәуелдіе, жіктік жалғаулары, жұмбақталған сөйлемдердің шешуін таба алады.

Топпен жұмыс    ынтымақтастыққа, бір тапсырманы жұмылып істеуге, бір –бірінен үйренуге дағдыландырады,  бірін-бірі тәрбиелейді, бәсекелестік пайда болады., өтілген тақырыптар бойынша нәтиже шығара алады.

Қолданылатын көрнекі құралдар: итерактивті тақта, слайд, таймер, саяхат желісімен тақтасы, ол тақтадағы тапсырмалы қалташалар, «Шаттық шеңбері» тренингісіне арналған жабдық, «Ыстық орындық»

Саяхат жасау бағыты 6 кезеңнен тұрады:

 

1)      «Дәрумендер елі».

2)      «Пайдалы сусындар».

3)      Алма бағы

4)      «Шаттық шеңбері»

5)      Саяжай

6)      Азық -түлік дүкені.

. Сабақтың эпиграфы:

Дұрыс тамақтану-денсаулықтың кепілі.

Дәрумендер адамның ағзасына пайдалы.

Денсаулықты сақтау адамға байланысты.

Денсаулық-ең үлкен байлық.

 

 

Тапсырмалардың мақсаты:

1.      «Ыстық орындық» әдісін қолдану арқылы оқушылардың жауапкершілігін, өзіне деген нық сенімін арттыру, сұрақтарға дұрыс жауап бере алу, дұрыс сұрақ қоя алу дағдыларын қалыптастыру.

2.      Постер қоғау арқылы оқушылардың сөйлеу тілі дамиды, дәлелдер келтіре отырып өз ойын жеткізуге дағдыланады.

3.      Жұмбақтау әдісі арқылы оқушының өтілген материалды жинақтап, дұрыс шешімін таба алуға ынталандырады.

4.      «Сөздерді жіктеп, тәуелдеу арқылы тәуелдік жалғауы мен жіктік жалғауын ажырата алуға дағдыланады.

5.      «Шаттық шеңбері» тренингі позитивті көзбен қарауға, сыныптастарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға бағытталған.

6.      Дүкеннен өзіне қажетті, пайдалы азық- түлік сатып алу, сабақтың өмірмен байланыстылығын, алған білімдерін практикада қолдана алуға баулиды.

7.      Кері байланыс сабақтың оң және сол жақтарын аңғарып, мұғалімінің келешекке жоспар құруына көмектеседі.

8.      Формативті және суммативті бағалау оқушыларды ынталандырады.

9.      Топпен жұмыс істеу ынтымақтастыққа, бір істі жұмыла жүзеге асыру дағдыларын қалыптастырады.

10.  Таймер уақытпен санасуға үйретеді.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.