Главное меню

  • К списку уроков
Тәу етерім-тәуелсіздік!
02.02.2016 506 113 Силам Еркежан

Тақырыбы: Тәу етерім-тәуелсіздік!

Мақсаты: Ел мен жерді сүю, құрмет тұту.

Міндеттері:

Тәуелсіз Қазақстанды мақтан етіп, өзге ұлттар мен ұлыстар достығын сақтауды үйрену.

Еліміздің тарихы мен дамысындағы үрдістерді  дамыта түсу.

Отанды, ел мен жерді құрметтеуге ел рәміздерін мақтан тұтуға тәрбиелеу.

 

   16 желтоқсан - Қазақстанның  тәуелсіз  ел  болған  күні.

Міне,  биыл  Қазақстанның  тәуелсіздік  алғанына  24  жыл, яғни  16-17  желтоқсан  күндері  тәуелсіз Қазақстанның тойы.

Бұл күн; біздің ата – бабамыздың талай жылдар бойы үмітін үзбей, арман еткен күн. Бірақ бұл тәуелсіздіктің қолымызға оңай келмегені шындық.

      Қазақ халқының бүгінгіге дейінгі қат қабат тарихы азаттық үшін қанын төгіп, жанын қиғандар, азап шеккендер қанша ма?

Қазақтың ержүрек ұлдары мен қыздары 1986 жылдың желтоқсанда жүректерін алау етіп жағып, ұлтының намысын қолдан бермей, халқының сағын сындырмау үшін бел буып шыққан мына жастардың есімі халқның жүрігінде. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Сыпатайұлы Ербол, Асанова Ләззат, Мұхаметжанова Сабира т.б. Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Міне, осындай жастарымыздың арқасында 1991 жылы тәуелсіз ел болдық. Содан бері 24 жыл болды.

   Адамзат қоғамының тарихы үшін 24 жыл деген ұзақ мерзім емес. Дегенмен Қазақстан үшін бұл жылдар аса маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы жылдар ішінде тәуелсіз  қазақ мемлекетінің жүйесі бес ғасырлық үзілістен кейін қайтадан қалпына келтірілді, еліміз өз билігін өз қолына алды.

   Сөйтіп халқымыз 1991 жылы  желтоқсанның 1-інде Н. Ә. Назарбаевті Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент етіп сайлады. 2012 жылдан  бері осы күнді «Тұңғыш президент күні» ретінде тойлап келеміз.

    Мемлекетімізді жүзден аса ел таныды, олардың көбімен елшілік және өкілеттік дәрежесінде дипломатиялық қатынас орнатылды. Әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына қосылдық. Ана тіліміз мемлекеттік мәртебе  алды. Шекарамыз, Әнұранымыз, Елтаңбамыз, Туымыз бар және Ата заңымыз қабылданды. Өз теңгесі –ұлттық ақша айналысқа енгізілді.

   Қазақстан Республикасы БҰҰ на мүшелікке қабылданды.

Өзіміз тәуелсіз ел болғанан кейін тұңғыш қазақ ғарышкерлері:

Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев аспан көгіне яғни ғарышқа самғады.

Биылғы жылдың 4 қыркүйегінде үшінші ғарышкеріміз Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты. Семей  ядролық полигоны жабылды. 1997 жылы 11 шілдеде

«Тіл туралы» заң қабылданды. Осы жылы 20 қазанда Ақмола қаласы

Қ. Р. – ның астанасы болдыруға байланысты жарлық шығып, 1997 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының астанасын  тәуелсіздіктің тал бесігі Алматы қаласынан Ақмолаға көшірілді. Ақмола қаласын «Астана» деп жариялады. Көптеген қазақ мектептері мен балабақшалар жоғары оқу орындары, колледждер ашылды. Еліміздің экономикасы жақсарды.

Шет елдерде шашырап жүрген

Елім деп елжіренетін ,

Жерім деп тебіренетін... қандас бауырларымыз, атаға өкініш, балаға арман болған туған елге атбасын бұрып, өз Атамекеніне оралып жатыр. Міне, бүгін алыста жүрген ағайынға артыңда арқа сүйер елің бар деп айта аламыз.

24 жыл  дегеніміз мемлекет үшін аз уақыт болса да, біз үшін әжептәуір уақыт. Мәселен сол жылдары туған бала, міне 24 жасқа толған ер азамат!

Енді тәуелсіздік туралы слайд таныстырылымдарды тамашалайық!

1-сынып оқушысы Жолдыбаев Д. Ә. «Шығыс биі»

3-сынып оқушылары Елеусіз Т. пен Ерболқызы Б. Хамитбек Мұсабаев,  ҚР Мәдениет қайраткері. «Тәуелсіздік толғауы» өлеңінен үзінді оқып береді.

 

Ел болып шырқар –басты әнім,

Ел болып жырлар –дастаным.

Бір өзің десем, артық па?

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНЫМ !

Толғанда өзің әр жасқа,

Әрине, жасар той басқа.

Артық па, шапсақ тәубелеп,

Әдейі арнап бозқасқа.

Тағдырдың бұл да бергені,

Көз жасымызды көргені.

Көрген жоқ қазақ мұндай той,

Бұл дүниеге келгелі.

Қайран да қалдық...Таңқалдық,

Содан соң барып аңғардық.

Осынау күнге жеткенше,

Аз шалдық пе екен, құрбандық?!

 

Мұхиттай болып мұң-шерлер,

Аз төгілді ме, қан-селдер?!

Азаттық үшін алысып,

Еңіреп  кетті қанша ерлер...

Асылдың анық –азбасы,

Тектінің анық – тозбасы

Жеткізген бізді бұл күнге,

Солардың қаны ...Көз жасы!

Ел болып шырқар –басты әнім,

Ел болып жырлар –дастаным.

Сен самға енді, аяулым-

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНЫМ !

 

Біріккен хор: «Алға Қазақстан»  әні

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.