Главное меню

  • К списку уроков
Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» спорттық сайыс.
15.11.2015 2029 196 Пайдалина Раушан Калдыовна

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» спорттық сайыс 

Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру. 
Түрі: Эстафеталық ойын 
Өтілетін орны: Спорт залы 
Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар,  кедергілер, жалаушалар, ысқырық
. 
Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі 
Шынықсаң шымыр боласың, 
Сауығып айдай толасың. 
Спортты серік ете біл, 
Жақсы азамат боласың. 
Жеңімпаз болу оңай ма, 
Арман болған талайға? 
Болмасаң да ұқсап бақ, 
Жарысқа түсіп қалайда. 
ІІ.Негізгі бөлім 
Құрметті
әріптестер және кішкентай көрермендер бүгінгі «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» спорттық сайысына қош келдіңіздер! 
Көңілді жарысқа
 «Ақбота» және «Ақкөгершін» топ бүлдіршіндері қатысады.
Әр таңды бақытпенен аттырамыз 
Өнерді ой көгінде бақылаңыз, 
Сайысқа қатысуға енді ортаға 
топ бүлдіршіндерін шақырамыз. 
(әр
топ өз орындарына келіп тұрады) 
Ал,құрметті халайық! 
Жарысты енді көріңдер 
Әділ қазы алқасы 
Әділ баға беріңдер! 
Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық. 
1. 
Мухлисова А.
2. 
Байниязова З.
3. 
Давлетбаева А.
Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады. 
Сайыстың бағдарламасы
6 кезеңнен тұрады 

1. «Эстафета» 

2. «Кеңгуру» 

3. «Пингвин»

4. «Алтын қасық» 

5. «Кім шапшаң» 

6. «Кім күшті» 

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! 
Сайысымызды бастаймыз. 
«
Қыран» тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін! 
«Тұлпар»тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты 
Бәрін жеңіп шықты 
І кезең: «
Эстафета» 
Шарты:
Әр топ қатысушылары жалаушаны алып мәреге дейін жүгіріп барып өз орынына келіп өзінен кейінгі қатысушыға жалаушаны тапсыруы қажет, қай топ бірінші мәреге жетсе сол топ жеңімпаз.

ІІ кезең: «Кеңгуру» 
Шарты: Балалардың алдына алжапқыш байлап, жеміс – жидектерді жинап өздеріне тиесіл себетке жинауы тиіс, қай топ көп жинаса,сол топ жеңімпаз.

IІІ кезең: «Пингвин»

Шарты: Допты аяқ арасына қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәреге жетуі тиіс, қай топ бірінші келсе сол топ жеңімпаз.

ІV кезең: «Алтын қасық» 

Шарты: Әр қатысушы теннис добын қасыққа салып алып, мәреге дейін жүріп барып,қайта келуі тиіс, қай топ мүшелері бірінші болып келсе сол топ жеңімпаз.
V кезең: «Кім шапшаң» 
Шарты: Үлкен батуд резеңкі доптың үстіне отырып секіріп жарысу. 
VI кезең: «Кім күшті» 
Шарты: Әр топтар жерде үріліп жатқан шарларды, үстеріне отырып жаруы тиіс қалдығын жинап себетке салуы керек қай топ көп шар қалдығын жинаса сол топ жеңімпаз. 
Қорытынды бөлім 
Жарыс заңы ежелден- 
Жеңімпазды анықтау 
Жеңімпаз болу шарты сол- 
Еңбектену,жалықпау 
Біреу озса сайыста, 
Біреу артта қалады 
Жеңілгендер ренжімей 
Тараса бізге жарады 
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды марапаттауға әділқазы алқасына сөз кезегін берейік.
Уа,халқым назар аудар денсаулыққа! 
Өмірде бақыттысың денің сау да. 
Денсаулық терең бақыт деген сөзді 
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші 
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.