Главное меню

  • К списку уроков
Ашық сабақ «Бақ, Дәулет және Аман. Ақселеу Сейдімбек»
28.09.2015 1321 0 Майлыбаева Жазира Багдатовна

Сабақтың мақсаты:

1. Бақ, Дәулет, Аманның түп мағынасын түсіне отырып, әр оқушы өз алдына қойған мақсатқа жету жолында осы үш таңдаудың қайсысын өзіне жолсерік ететінін анықтауына мүмкіндік жасау. Яғни, дұрыс таңдау жасауға жағдай туғызу. Әңгімені оқып таныса отырып, мазмұнын ашуға, кейіпкерлерді салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алу арқылы өздерінің іс- әрекетіне баға беруге үйрету.

2. Әңгімедегі басты кейіпкерлерге сипаттама беру арқылы әрқайсысының ісіне талдау жасай отырып, дұрыс баға беру, бағалау, түйін сөз айту, қорытындылау әрекеттері арқылы өзін- өзі іштей дамытуға, қызығушылығын арттыруға тырысу.

3. Өздерінің алдына қойған мақсаттарына жету жолы тек еңбек қана екенін ұғынуға жол салу.

Сабақтың көрнекілігі: Қуанышты сәттер бейнеленген әртүрлі тақырыптағы сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
І. Қызығушылықты ояту.
Ой қозғау.
Бақыт іздеп.
Аспан астын, жер үстін шиырлаған,
Бақыт жүр біреулерге бұйырмаған.
Білемін, бақыт табу қиын маған,
Несіне бақыт іздеп құйын болам!

Ырыстың дастарқаны жиылмаған,
Бірақ ол біреулерге бұйырмаған.
Білемін, бақыт табу қиын маған,
Әйткенмен, бақыттан да қиын бағам!

- Өлең не туралы?
- Неге бақыт ешкімге бұйырмай тұр екен?
- Жалпы, бақыт дегенді қалай түсінесің?
«Топтастыру» стратегиясы арқылы беру.
- Жалпы, бақытты адам бар ма екен?
- Бақытқа қол жеткізу үшін не істеу керек деп ойлайсың?
Жұмыс түрі: 1. Жеке ойлау.
2. Көршіңе айту.
3. Көршіңнің ойын топқа айту.

ІІ. Мағынаны тану.
- Сонымен бақытқа қол жеткізудегі басты қажеттіліктерне екен? Біз қазір осы тақырыпты тереңдейұғыну үшін Ақселеу Сейдімбектің «Бақ, Дәулет және Аман» әңгімесін оқып танысайық.
- Онда оқиға не туралы болады деп ойлайсыңдар? Олай ойлауларыңа не себеп?
І бөлімді оқу, яғни бірінші жолаушыны кездестіру.
Сөздік жұмысы.
Сұрақ- жауап.
- Мәтін не жайында?
- Басты кейіпкерлер кім?
- Ары қарай не болар екен?
Жұмыс түрі:
1. Жеке.
2. Жұпта.
3. Топта.
4. Ортаға салу. (Жауаптарын тыңдау)
ІІ бөлімді оқу, яғни екінші жолаушының келуі.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Сұрақ- жауап:
- Әңгіме қалай жалғасын тапты?
- Атасы неліктен екінші жолаушыны да қабылдамады?
- Оқиға қалай шиеленісер екен?
ІІІ бөлімді оқу.
Сөздік жұмысы.
Сұрақ- жауап:
- Оқиға немен аяқталды?
- Көңіліңе не түйдің?
- Әр кейіпкерге баға бер. Осы жерде «Кубизм» арқылы кейіпкерлерді топтарға бөліп беру. (Топпен жұмыс.) Жұмыс түрін орындаудабалаларға еркіндік беру.
Топ жұмыстарын тыңдау.
Пікірталас туғызу. Сұрақ- жауап.
Ортақ түйінді ойды әр топөз жұмыстары бойынша айтып өту.

ІІІ. Ойтолғау.
- Сен өзің осы үшеуінің қайсысын таңдар едің?
Әркім өз ойын қағаз бетіне түсіру. Эссе жазу. Оқушыны өз ойымен жеке қалдыру, мәтінді оқып, талдағаннан кейін, өзіне түйін түйіп қорытындылату керек.
Жазған эсселерін өз қалаулары бойынша «Сиқырлы орындыққа» шығып, оқып беру.
- «Сиқырлы орындыққа» шығып оқығаннан кейін өзің қандай әсер алдың, ішкі жан дүниеңде өзгеріс болды ма?
Мәтін соңындағы сұрақ- тапсырмалармен жұмыс.
- Қалай ойлайсыңдар, әңгіменің мазмұнын ашатындай қандай мақал- мәтелді таңдап алуға болар еді?
Сабақты қорытындылау мақсатында сабақтың басындағы жұмысымызға қайта оралу.
- Бақытқа қол жеткізудегі негізгі шарттар қандай екен?
- Мәтіннен түйген ойың бойынша бақытты қандай түрде көруге болар екен?
Сюжетті суреттермен жұмыс. Әртүрлі тақырыптағы қуанышты адамдардың бейнесі. Сол арқылы бақыт дегеніміз әрбір қуанышты сәттеріміз, ата- анамызбен, достарымызбен, т.с.с. бірге өткізген әрбір ұмытылмас сәттер екенін ұмытпауымыз керек, соны бағалай білуіміз керек.

ІҮ. Үйге тапсырма.
Басты үш кейіпкердің суретін қалай бейнелер едің?