Главное меню

  • К списку уроков
Дүниетану "Бізді не қоршап тұр? (топсеруен)" 2 сынып
17.05.2015 865 8 Кабакаева Айгуль Уалхановна


Сабақтың мақсаты: оқушыларды қоршаған әлемнің алуан түрлілігі және әдемілігімен таныстыру; тірі және әлі табиғат заттары мен құбылыстарын бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығару сияқты зерттеу жұмыстарының қарапайым дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: альбом, қарындаштар, табиғи материалдар жиналған папка.
Сабақтың барысы:
Тонсеруенге дайындық.
а) Топсеруеннің мақсаты мен міндеттері қойылады.
ә) Сынып оқушылары бірнеше топқа бөлініп, зерттеу нысанын тыңдайды.
Зерттеу, бақылау жұмысы.
Ағаш, бұта, шөптерді бақылау жоспары:
а) Қандай ағаштарды көріп түрсыңдар? Ағаштың діңіне
қарай, . Ағаштардың діңдерінің жуан-
дығын салыстырыңдар. Жапырақтардың түстері қандай? Пі-
шіндері кандай?
ә) Бүталарға қараңдар. Олардың ағаштардан қандай айыр-машылығы бар? Олардың сырт көрінісінен қандай өзгешелік байкадыңдар?
б) Өсімдіктердің ішінен шөптерді тауып, оларды ағаш және
бүталармен салыстырып, айырмашылығын табады.
Олар несімен ерекшеленеді? Шөп қандай бөліктерден тұрады?
Оқушыларды 3 топқа бөліп, әр топқа зерттеуге тапсырма беру.
1-топ ағаштарды зерттейді. Көргендерін және ағаш туралы алған жаңа мәліметтерін пайдаланып, әңгіме күрастырады.
2-топ бұталар туралы әңгіме құрастырады.
3-топ шөп туралы әңгіме құрастырады.
Тыныштық минуты.
Оқушылар үн-түнсіз аспан, күн, құстарды бақылайды. Сонан кейін көргендерін әңгімелейді.
Әңгімелесу.
Оқушылармен мынадай сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі.
1. Тірі және өлі табиғат бір-бірімен калай байланысты?
2. Адамдар табиғаттан не алады?
3. Қандай сезім мүшелері табиғатты және оның сұлулығын сезінуге көмектеседі?
4. Өз өлкеңнің табиғи байлығы туралы әңгімеле.
Сурет салу.
Өз өлкесінің табиғатының сұлулығын бейнелеу.
Пікірталас.
Қоршаған әлемге калай карау керек?
Топсеруенді қорытындылау.
1. Топсеруенде көргендеріңнен неге қуандыңдар, ал неге
ренжідіңдер?
2. Сен қоршаған әлемге қамқоршы, жақсы дос бола аласың ба?