Главное меню

  • К списку уроков
Дүниетану "Жануарлар немен қоректенеді?"
07.04.2015 875 192 Кадырбаева Жумакуль Шакимовна

Мақсаты: Оқушылардың ойын жинақтап, сөйлеуге үйрету, жануарлар туралы алған білімдерін пысықтай отырып, жануарлар тіршілігі туралы мағлұмат беру.
Оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту.
Жануарларды қорғауға, оларды күтіп бағуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жануарлардың суреті, тірек сызбалар, фильм
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, өз бетімен жұмыс
Типі: Жаңа білімді меңгеру
Түрі: Жаңа сабақ
Барысы: І Психологиялық дайындық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ Жаңа сабақ

І Психологиялық дайындық.
Қатар-қатар тізіліп,
Оқушыға лайық,
Түп-түзу боп тұрайық.
1 - қатар жәй отыр,
2 - қатар сен де отыр,
3 - қатар тез отыр.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Жануарлар тобына не жатады?
2. Жануарларға не қажет?

ІІІ. Жаңа сабақ
(1 - слайд)
Орманда көптеген құстар тіршілік
етеді. Олар: көктеке, көкек, тоқылдақ, көкшымшық және басқа көптеген құстар бар. Күніне құстардың сан алуан даусын естиміз. Олар күні бойы қорек іздеп жүреді.
(2 - слайд)
Тоқылдақ – жазда да, қысты да ағаштың діңін тоқылдатумен болады. Ол ағаш қабығының астынан дернәсілдерді жейді. Оның тұмсығы мықты болады, тұмсығымен ағаштың қабығын оңай теседі, сөйтіп саңылаудағы жәндіктерді құртады. Оны «орман дәрігері» деп атайды.
(3 - слайд)
Құмырсқалар - илеуде тіршілік етеді. Олар зиянды жәндіктермен қоректенеді. Бір илеудің құмырсқалары тәулігіне 20 000 зиянкес жәндікті құртады. Олар бір - біріне көмектеседі.
(4 - слайд)
Аю - қоңыр түсті, аяғы күшті, тырнағы өткір, тісі мықты, ірі аң. Аю алуан түрлі азықтармен - шөппен, ағаш тамырымен, жидек, саңырауқұлақ, жәндіктердің дернәсілімен, балықпен қоректенеді. Бірақ аюдың негізгі азығы - ұсақ аңдар.
(5 слайд)
Бұлан - Қазақстандағы ең ірі тұяқты жануар. Оның биіктігі 2 метрге, салмағы 600кг-ға дейін жетеді. Еркегінің күрек тәрізді орасан зор мүйізі болады, ұрғашысы мүйізсіз болып келеді. Жазда шөппен қоректенеді, ал қыста ағаш пен бұтаның бұтақтарын жейді.(Фильм көрейік)
(6 - сдайд)
Түлкі - Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Түлкінің терісі ашық сары, сұрғылт қызыл түс болады. Негізінен тышқандармен, тоқалтіспен қоректенеді. Жерге ұялайтын құстардың ұясын іздеп тауып, жұмыртқасы мен балапандарын жейді.
(7 - слайд) Түлкінің терісі бағалы. Одан баскиім, тон тігеді.
Тапсырма
1. Сүтқоректі жануарлардың немен қоректенетінін айт.
2. Олай болса жыртқыштар немен қоректенеді екен, фильм көрейік.

Қорытындылау
Үйге тапсырма ( Ұнатқан жануарларыңның суретін салу)
Бағалау

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.