Главное меню

  • К списку уроков
Дүниетану "Суды қорғау" 4 сынып
16.02.2015 1093 188 Койлышева Айкумис Курманкуловна

Сабақтың мақсаттары: 1) білімділігі: су экологиясы туралы түсінік беру; судың ластану жолдары туралы тоқталып өту; халықтың салт-дәстүрлерге негізделген экологиялық тәрбие беру; 2) дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын кеңейту, ойлауын, көз алдына елестету қабілетін және өзіндік ойын айтып жеткізу мүмкіндігін дамыту; 3) Тәрбиелігі: табиғатты қорғай білуге, аялауға баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы.
Сабақтың көрнектілігі: Балқаш көлі, Арал теңізі – плакаттары, Қазақстанның физикалық картасы, Арал және Балқаш туралы жазылған рефераттар, бейнекассета; синтетикалық жуғыш «заттар».
Сабақтың ұйымдастыру түрі:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Қазақстандағы өзендер мен көлдерді ата; ә) Картадан ірі өзендер мен көлдерді тап; б) Адам тіршілігі үшін өзен мен көлдің қандай маңызы бар? в) Көл суының қасиеттері, Қазақстанда кездесетін көлдер.
ІІІ. Қорыту. «Өзен» өлеңімен таныстыра отырып, сабағымды қорытындылап өткіземін.
ІV. Жаңа тақырып.
а) Суды пайдалану;
ә) Суды ластайтын заттар;
б) Ластанған суды тазарту жолдары;
в) Арал тағдыры – адамзат қасіреті;
г) Балқаш көлінің ластануы, таяздануы
д) «Су» туралы нақыл сөздер, наным түсініктер, тыйым сөздер.
Есептеулерге қарағанда қаланың бір адамы алуан түрлі қажеттігін өтеу үшін тәулігіне 700 литрге дейін суды тұтынады. Пайдаланылған су шайынды суға айналады. Ол – ластанған су.
Суға құйылатын ластаушы заттар көп. Олар: өнеркәсіптің, шахтаның, кен орындарының, мұнай өнеркәсібінің, су, темір жол және автомобиль көліктерінің т.б. шайындылары. Шайындылар арқылы судағы тірі ағзалар, жәндіктер, өсімдіктер, балықтар қырылады немесе ауру таратады. Шаруашылыққа орны толмас аса үлкен зиян келеді.
Қазіргі кезде лас суды тазартатын арнайы қондырғылар орнату қажеттілігі туды.
Мұхиттар мен теңіздердің суы да үздіксіз ластануда. Оларға орасан көп мөлшерде мұнай және өндіріс қалдықтары төгіледі.
Адам баласы ғасырлар бойы табиғатты пайдалануды ғана білді. Ірі-ірі құрылыстар салды. Өзендерге бөгеттер жасады. Суды шамадан тыс пайдаланудың нәтижесінде көлдерге құятын өзен сулары азайды. Оны тартылып қалған Арал теңізі мен Балқаш көлінен анық көреміз.
V. Кітаппен жұмыс.
VІ. Қорыту: а) тірек схемасы; ә) нақыл сөздер; б) су туралы тақпақтар.
VІІ. Үйге тапсырма: а) түсінік оқу; ә) су туралы нақыл, наным түсініктерді, табиғат туралы түсініктермен байытып жазып келу.
VІІІ. Бағалау.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.