Главное меню

  • К списку уроков
Сутегі. Қышқыл. Тұз тарауын қайталау және қорытындылау
22.01.2013 5954 845

 

                           Сабақтың тақырыбы.

 Сутегі. Қышқыл. Тұз тарауын  қайталау  және қорытындылау

 

              Сабақтың мақсаты. Оқушылардың  осы тақырыпта  алған білімін  белгілі  жүйеге  келтіріп,  қорытындылау.  Сутегі  мен  қышқылдардың  химиялық  қасиеттерін, тұздардың  формуласын   құрастырып,  қышқылдардың  қатысындағы  химиялық  реакция теңдеулерін  жаза білуге  үйрету. Оқушыларды  сарамандыққа  дайындау.

            Құрал –жабдықтар.  Тұздардың, қышқылдардың  ерітінділерді, оксидтер,  метелдар, индикаторлар. Оқушылар  үстелінде  эксперименттік  есепке  арналған  заттар; мырыш,  тұз қышқылы,  шыны,  сіріңке,  спиртшам, индикатор, темір /ІІІ/ оксиді, темір, алюминий, сүзгіш заттар,  бейорганикалық заттардың  жинақтамасы.

           Тірек білім мен біліктер. Сутегі, оксид, қышқыл, тұз окидтері.  Олардың   индикаторға  әсері. Масса, мольдік   массамен есептер шығару.

           Сабақты  эксперименттік  есептер  шығару үшін  тақтаға оқушылар  шақырылады.

1.      Үстелде  бар  реактивтерді  пайдаланып, сутегін  алыңдар. Сутегі  жанғанда  су  түзілетінін  дәлелде.  Реакция  теңдеуін жаз.

2.      Ыдыста  тұз қышқылы  бар екенін  бірнеше  жолдармен  анықта. Реакция  теңдеуін жаз.

3.      Қышқылдың  химиялық   қасиетін  түсіндіретін  реакциялар жаса,  олардың маңызын түсіндір. Реакция  теңдеуін жаз.

4.       Темір /ІІ/ сульфатын  алу  реакциясын  жүргіз және жеке  бөліп ал.

Оқушылармен  әңгімелесу  мына  сұрақтар  арқылы  жүргізіледі

1.Бейорганикалық  заттардың  қандай кластарын оқып  үйреңдіндер? Олардың  қандай ұқсастығы  және ерекшелігі бар.

2.Окидттерге, қышқылдарға  тұздарға  анықтама беріңдер.

3."Бейорганикалық қосылыстар"  жинақтамасын  пайдалана отырып, қосылыстардың   аттарын ата,  қай  класқа  жатқызасын,  мысал келтр.

4. а/ оксидттерді;  ә/ тұздарды  алудың  екі түрлі  жолын  реакция  теңдеуімен  көрсет.

5.Төмендегі  сызбанұсқа бойынша жүретін  реакция  теңдеулерін жаз:

                              Нg

 

 

           Химиялық  теңдеулер  бойынша  есептер  шығару. Масса, малекулалық  масса ұғымдарын  қайталауға  тапсырма  беруге болады:

                                  40г                х моль

                                  СиО+Н2S4 = Си SО4 2О

             Есептің берілгенін көрсетіп, шығар.

            Оқушыларға  белгілі  реакция  теңдеулерін  пайдаланып, әр түрлі  есептер  беруге болады  "моль –г ", "моль –моль",  "г –г ".

            Сабақты  қорытындылау ретінде  оқушыларға өзіндік  жұмыс тапсырамыз. Сызбанұсқа бойынша  реакция  теңдеулерін жаз.

 

І нұсқа

                                    Мg→MgO→MgCI2

ІІ нұсқа

                                   Си         СиО→Си SО4

                        

 

            Үйге тапсырма. §32, 33 /қайталау/.    4, 6 –жаттығу, 4 –сарамандық жұмысқа дайындалу.

 

 

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.