Главное меню

  • К списку уроков
Қышқылдардың, жіктелуі алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы
22.01.2013 8902 799

Сыныбы: 8 сынып

Күні:

№4-інші сабақ тақырыбы:             Қышқылдардың, жіктелуі алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы

Оқыту мақсаты: :              Оқушылардың қышқылдар жайлы алған білімдерін еске түсіру арқылы жіктелуін, алу жолдарын қорытындылау және олардың жалпы химиялық қасиеттері жайлы меңгерген білімдерін жүйелеу.

Реактивтер мен құралдар:     Темір, алюминий, мырыш, мыс түйірлері, мыс оксиді,күкірт немесе тұз қышқылы, натрий карбонаты,сынауық,лабораториялық тұрғы,спирт шамы,сіріңке.

Лабораториялық тәжірибе:                                          Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі.

Көрнекі тәжірибелер:                        Индикаторларға әсері,металдарға қатысы,негіздік оксидпен әрекеттесуі,натрий карбонатымен әрекеттесуі,бейтараптану реакциясы. Тірек-сызба.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

 Білім мен біліктерін тексеру:Үй тапсырмасын және бұрын алған білімді дамыту мақсатында тексеру жұмыстарының үлгісін ұсынамыз. Тақтаға үш оқушы шақырылады.  

1. Негіздік оксидтерге тән қандай химиялық қасиеттерді білесің? Әрбір қасиетін дәлелдейтін реакция теңдеулеріне мысал келтіріп жаз.

2. Қышқылдық оксидтерге тән қандай химиялық қасиеттерді білесің? Әрбір қасиетін дәлелдей-   тін  реакция теңдеулеріне мысал келтіріп жаз.

3. Ақ түсті ұнтақ – оксид берілген. Іс жүзінде оның қышқылдық немесе негіздік оксид екенін қалай дәлелдеуге болады? Тиісті теңдеулерін жаз.

Сыныпта отырған оқушыларға жалпылама тапсырма беріледі:

1-нұсқа.1. Мына қосылыстардың:калий, көміртек(IV), кальций, күкірт(VI)оксидтерінің сумен әрекеттесу реакция теңдеулері жаз.

2. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын тиісті реакция теңдеулерін жаз:

                                                                    K2SO3

                                                                        ↑

                                                            S  →  SO2 →  H2SO3           

2-нұсқа. 1. Күкірт(IV)оксидінің натрий гидроксидімен, фосфор(V)оксидінің кальций гидроксидімен реакция теңдеулері жаз.

2. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын тиісті реакция теңдеулерін жаз:

                                                         KNO3 → K2O →  KOH

Жаңа сабақ: Оқушылардың тақтада жауаптарын талдаймыз,содан кейін тақырыпты жазып, әңгіме жүргіземіз:

1. Көміртек(IV),күкірт(VI),фосфор(V) оксидтеріне қандай қышқылдар сәйкес келеді?

2. Қышқылдар құрамында қандай ұқсастық бар?

3. Тұз қышқылы мен азот қышқылының құрамындағы айырмашылық қандай?

4.Қышқылдардың негіздігі қалай анықталады?

5.Қышқылдарды қандай белгілеріне қарап топтауға болады?

               Оқушылар қышқылдарды жіктеу сызба-нұсқасын өзбеттерімен толтырады. 





        бір негізді                                         екі негізді                                               үш негізді
 

  оттекті  оттексіз                     оттекті  оттексіз                               оттекті   оттексіз                      

Оқушыларға қышқылдардың химиялық қасиеттері бойынша көрнекі тәжірибелер көрсе- тіледі және тірек-сызба бойынша қасиеттері мен алынуы түсіндіріледі.

Түсіндірілген тақырыпты толық бекіту үшін оқушылар лабораториялық тәжірибені орындайды,  қорытындысын жазады, соңынан сұрақтар  қойылады:

  1. Бейтараптану реакциясы дегеніміз не?
  2. Хлорсутек пен натрий гидроксидін іс жүзінде қалай бейтараптауға болады? Реакция теңдеуін құру.
  3. Егер магний, мыс(ІІ) оксиді, калий гидроксиді, күкірт қышқылы,фенолфталейн берілсе, қышқылдарға тән қандай реакцияларды жүргізуге болады.Сол теңдеулерді жаз.

Оқытудың жоспарланған нәтижесі. Оқушылар оттекті және оттексіз қышқылдарды өзара салыстырып,ұқсастығы мен айырмашылығын танып біледі.

Дамытудың жоспарланған нәтижесі. Оқушыларметал мен қышқыл,карбонат пен қышқыл т.б. арасындағы реакцияның жүру себебін өз түсінігімен дәлелдеп бере білуі керек.

 

Үйге тапсырма: §47(1-11). Жұмыс дәптері

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.