Главное меню

  • К списку уроков
Еріген заттың белгілі массалық үлестері бар заттың ерітінділерін дайындау.
22.01.2013 10002 991

 

 Сарамандық жұмыс №6. 

№5 сабақтың тақырыбы:       Еріген заттың белгілі массалық үлестері бар  заттың ерітінділерін дайындау. 

Мақсаты:  Оқу үрдісінде алған білімнің нәтижесін ерітінділер даярлауда  іске асыру. Өлшеу, есептеу дағдыларын дамытып, белгілі концентрацияда ерітінді йындау іскерлігін қалыптастыру. 

Құралдар мен реактивтер: 50мл,25 мл, 100 мл көлемдегі стақандар, шыны таяқша, таразы, гирлер,қалақша, өлшегіш цилиндр, өлшемі бар құтылар 25 мл,50 мл,100 мл.

 

1.Заттың массалық үлесі көрсетілген тұз ерітіндісін дайындау;

1. Заттың массалық үлесі көрсетілген ерітіндіні дайындау үшін тиісті тапсырманы  мұғалімнен   ал.

2. Есептің шарты бойынша қажетті тұздың массасын және судың көлемін есепте;

3.  Таразыға тұзды өлшеп конусты құтыға сал;

4.  Дистилденген судың қажетті көлемін ал (сұйықтықтың көлемін өлшеу ереже сін есіңе түсір) және оны конусты құтыдағы тұздың үстіне құй;

5.  Конусты құтыдағы тұз ерігенше араластыр; 

6.  Есепті төменде берілген  үлгіде жазып шығар;      

                                              

        1-есеп.  Массалық үлесі 5%-дық ас тұзының 50 грамм ерітіндісін дайында.

        2-есеп.  Массалық үлесі 5%-дық ас тұзының 25 грамм ерітіндісін дайында.

        3-есеп.  Массалық үлесі 10%-дық ас тұзының 10грамм ерітіндісін дайында.

Берілгені:                Шешуі:  ;        m(су) = mерітінді·mтұз 

 ω(%)=                                ___________________________________________________

mерітінді(г)=                           ___________________________________________________  

_____________                   ___________________________________________________

Табу керек:                         ___________________________________________________ 

                                             _________________________________________________         

                                                                                                         Жауабы:___________

 

2. Мольдік концентрациясы көрсетілген тұз ерітіндісін дайындау;                     

1.  Мольдік концентрациясы көрсетілген тұз ерітіндісін дайындау үшін тиісті тап сырманы  мұғалімнен   ал.

2. Заттың мольдік концентрациясы көрсетілген ерітіндіні дайындау үшін тұздың массасын  және судың көлемін есепте;

3.  Тұздың  қажетті массасын өлше және құтыға сал;

4.  Құтыға аз ғана су құй, тұзы толық ерігенше араластыр. Содан соң қажетті белгісіне дейін құтыға су құй.

5. Есепті төменде берілген  үлгіде жазып шығар;

 

    1-есеп. Мольдік концентрациясы 0,2 моль/л 50мл ас содасының  ерітіндісін дайында.

    2-есеп. Мольдік концентрациясы 0,5 моль/л 50мл ас содасының ерітіндісін дайында.

    3-есеп. Мольдік концентрациясы 0,1 моль/л 50мл ас содасының ерітіндісін дайында.

 

 

             

 

 

Берілгені:               Шешуі:  CM = ;   ;  

Vер(мл)=                            _____________________________________________________

C(моль/л)=                         _____________________________________________________

_______________          _____________________________________________________

Табу керек:                    _____________________________________________________

mтұз(г)=?                         _____________________________________________________

                                        _____________________________________________________         

                                                                                                             Жауабы:___________

Есте сақта !!! 

    Мольдік концентрация 1 литр ерітіндідегі еріген заттың моль санымен анықталады.

Мольдік концентрацияның өлшем бірлігі – моль/л.

Назар аудар !!! 

       Өлшеуіш құтының мойнында ерітіндінің нақты көлемін шектейтін дөңгелек сақина болады. Бұл жоғарыдағы белгі сұйықтың құйылатын ең жоғарғы шегін көрсетеді.

Үйге тапсырма беру:  Қайталау.

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.