Главное меню

  • К списку уроков
Жер қабықтары
10.05.2016 370 93 Толеуова Асель Манаповна

Сабақтың тақырыбы: Литосфера. Жер қабықтары.
І.Мақсаты:
1. Жердің сыртқы құрлысымен таныстырып, оларға жеке тоқтала отырып, сипаттама беру, жердің ішкі және сыртқы құрлысының ерекшеліктерін анықтап, себеп-салдарын түсіндіру;
2. Оқушылардың ізденіс қабілеттерін дамыту, ойлау белсенділігін арттыру,оқушылардың өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыту;
3. Жерің сыртқы және ішкі құрлысының маңыздылығын түсіндіре отырып, оны қорғауға бағыттау.
ІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
ІІІ. Сабақтың типі: Жаңа сабақты игерту.
ІҮ. Әдісі: Сұрақ-жауап, проблемалық іздендіру, ой шақыру стратегиясы, топтастыру стратегиясы, талдау, жинақтау;
Ү. Сабақтың формасы: жеке жұмыс.
ҮІ. Көрнекілігі: жұмыс дәптері, оқулық, карта, кесте, үлестірмелі кестемелер
ҮІІ. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
(Слайд арқылы таблицамен сұрақтар беріледі, оқушылар дайын параққа жауабын жазады.)
3. Сабақтың мақсатын қою: Балалар бүгін біз- Жердің сыртқы құрлысымен және ішкі құрлысымен танысамыз.

4. Жаңа сабақ:
1.Атмосфера жер қабаты.
Мұғалім: - Егер ғарыштан жерге қарайтын болсақ, оның шар тәріздес екенін көреміз. (Слайдтан Жердің ғарыштан түсірілген бейнесі көрсетіледі)
- Жердіңбуалдыр, көп жерін Ақ шарбы бұлттар жауып жатқанын көреміз.Ал ақ шарбы- ондағы бұлттардың көрінісі. Ауа Жер шарын қалың қабат түрінде ең сыртынан қоршап тұрады. Оны Атмосфера деп атайды.

Ой шақыру стратегиясы. Балалар сендер өткен сабақтарда Атмосфера не екенін және ол қандай қабаттардан тұратынын білдіңдер. Солай емес пе, балалар? Ендеше, ми қыртыстарымызды іске қосып,еске түсірейік.

Практикалық кезең:
1. Атмосфера қабаттары.
(Слайдтан жердің қорғаныш қабығы көрсетіледі және олар санмен белгіленеді оқушылар оларды атап, дәптерлеріне жазып қояды.)
- Қазіргі атмосфераның негізгі газдарына қандай газдар жатады?
Оқушылар: азот 78%, оттегі 21%, және тағы басқа газдар.
Мұғалім: Ал тіршілікке ең қажетті газ ол қайсы?
Оқушылар: Оттегі.
2.Гидросфера жер қабаты.
Мұғалім: Ғарыштан қарағанда адам Жер бетінің көбін су алып жатқанын байқайды. Ауа сияқты су да Жер бетін біртұтас жауып жатыр. Оны қалай атайды? ГИДРОСФЕРА
Гидросфера нені құрайды? (Слайд арқылы бірнеше жауаптар ұсынылады. Олар арасынан керектісін ғана тауып, дәптерлеріне жазып алады)
А)өзен, көл, мұздық, көмір,жер асты суы, топырақ,бұршақ,өсімдік,мұхит ,тас,
Мұғалім: Олар біріге отырып дүниежүзілік мұхитты құрайды.
3.Картамен жұмыс. Дүниежүзінің физикалық картасынан мұхитарды, өзендер мен көлдерді тауып көрсетеді.

4.Оқушыларға бір-бір парақ бет беріліп, мұхиттардың ерекшеліктерін толтырады. Ол «ең ерекше» деп аталады.
р/с Өзіндік ерекшелігі Мұхиттың аты.
1 Ең үлкен
2 Ең суық
3 Ең жылы
4 Ең терең
5 Ең тұзды
6 Ең солтүстіктегі


Мұғалім: Балалар судың қандай қасиеттерін білесіңдер?
Оқушылар: тұздылығы, мөлдірлігі, температурасы.

5.Танымдық тапсырмалар. Кестемемен жұмыс. Берілген сөздердегі әріптерді орындарына қойып, географиялық атаулардыңаттарын тауып көріңіздер.
Оқушыларға үлестірмелі кестеме таратып беріледі, жауаптарын орындарында тұрып айтады. Басқа оқушылар қатесін түзейді.

Сергіту сәті
3.Биосфера жер қабаты.
Мұғалім: Жердің тіршілік ететін- бактериялардан бастап, адамға дейін түрлі ағзалар-биосфераны құрайды. Оларды атап өтейікші.
Слайдтан суреттер көрсетіледі.
4. Жердің ішкі құрлысы.
Мұғалім: Міне, біз жердің сыртқы қабаттарымен толықтай танысып болдық. Енді жердің ішкі құрлысымен танысатын боламыз.
-Жердің сыртқы қабаты – Жер қыртысы деп аталады.
Слайдттан «Жер қыртысы» сызбасы көрсетіледі.
Мұғалім: Жер қыртысында ұдайы тау түзілу қозғалыстары жүріп жатады. Оның беті құрлықтағы және мұхит табанындағы жер бедерінің ой-қырына сәйкес келеді.
Слайдтан «Жер құрлысы» суреті көрсетіледі.
Жер қыртысынан әрі шамамен 2900 км тереңдікке дейін мантия орналасқан (латынша мантия- жамылғысы.) Жер қыртысы және мантияның жоғарғы қристалдық тау жыныстарынан тұратын қабаты литосфера деп атайды.(латынша литос- тас).
Жердің ең орталық өзегін ядро алып жатыр. Оның радиусы 3500 км шамасында.

6.Топтастыру стратегиясы.


Қортындылау:
1. Атмофераның жерге қандай пайдасы бар?
2. Гидросфера деп нені атаймыз?
3. Бисфераға не жатады?
4. Жердің ішкі құрлысы неден тұрады?

7. Үйге тапсырма: «Жер қыртысы» тақырыбын қайталау.
8. Бағалау. Оқушылар бір-бірлерін бағалайды.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.