Главное меню

  • К списку уроков
Қазақстанның мал шаруашылығы
10.05.2016 270 78 Толеуова Асель Манаповна

Сабақтың тақырыбы: Мал шаруашылығы, тамақ және жеңіл өнеркәсіп.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды Қазақстанның ауыл шаруашылығымен тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларымен, оның мақсат- міндеттерімен таныстыру . Мал шаруашылығы жайлы алған білімдерін толықтыру, қосымша деректерді пайдалана отырып пысықтау.

2. Дамытушылық: Ауыл шаруашылығы тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларының бір-бірімен байланыстырып , олардың таралу аймақтарын анықтап, карта арқылы көрсете білуге дағдыландыру.

3. тәрбиелік: Оқушыларды Отанынының шаруашылық пен өнеркәсіп орындарына бай дамушы мемлекетіміздің өркендеп дамуына, болашақта өз үлесін қосуға , ардақтап құреттеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білімді жинақтау, қортындылау.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Картамен жұмыс, сұрақ- жауап, ауызша әңгімелеу.
Көрнекі құралдар: карта, сызбалар мен карточкалар, суреттер.
Сабақтың технологиясы: Өздігінен білім алу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Жаңа сабаққа бағыттау
II. Жаңа тақырыбты игеру.
- М: Сабақтын тақырыбын атап, мақсатын айту.
Балалар сендерге уйде Мал шаруашылығын, тамақ және жеңіл өнеркәсіп тақырыбын өздігінен оқып келуге берілді.
Оқушылармен қысқаша мал шаруашылық салаларын атап өту. (жылқы, қой, ірі қара, шошқа, марал, ара, құс, балық т.б)
- М:Сонымен сабағымыздың бірінші этабымызға көшеміз.
- 1 этап: « Мал шаруашылығы»
Оқушыларға әр шаруашылық салаларын бөліп беріп, әр қайсысы берілген шаруашылық салаларын жоспар бойынша сипаттайды.
Жоспары:
А)Шаруашылық атауы.
Ә) Шаруашылықтың пайдасы.
Б) Таралу аймақтары.
Әр қайсысы Қазақстанның физикалық картасын пайдалана отырып көретеді және берілген салаларды тиісті шартты белгілерімен белгілейді.
Сонымен алғашқы этап аяқталады, қортындылайды

- 2 этап: «Тамақ және жеңіл өнеркәсіп»
М:Оқушылардың ойын қозғай отырып, тамақ және жеңіл өнеркәсіптің мақсат- міндетін анықтау.
Оқушылардың алдына екі өнеркәсіп орындары қойылады, салалары аралас түрде беріледі. Оқушылардың міндеті берілген салалар түрлерін іріктеп өз өнеркәсіп орындарына салады. Салып отырып себебін түсіндіреді.

- 3 этап: «Ауыл шаруашылығы, тамақ және жеңіл өнеркәсіп»
Оқушылардың мақсаты өнеркәсіп орындарын және мал шаруашылығын бір-бірімен байланыстыра отырып, қортындылайды.
Ол үшін оқушыларға карточка-сызбалар беріледі.
III. Үй тапсырмасы: АӨК-ның III кезеңі бойынша көшбасшы кәсіпорындар жайлы реферат дайындап келу.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.