Главное меню

  • К списку уроков
География "Оңтүстік Американың халқы мен елдері" 7 сынып
30.11.2015 572 80 Ахметкалиев Нуржан Нигметоллаевич

Мақсаты: Оңтүстік Американың халқы мен елдері,
олардың саны мен елдегі халықтарының
тұрмыс-тіршілігі,шаруашылығы жөнінде
кең мағұлмат беру.

Дамытушылық: Халықтар мен елдердің дамуы мен таралу
ерекшеліктерін,тілдік және ұлттық
атаулары арасындағы себеп-салдар
байланыстарды анықтай білу дағдыларын
жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды көпшіл болуға,топпен жұмыс
жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
1.Оңтүстік Американың физикалық картасы.
2.Атлас. Дүние жүзінің саяси картасы.
3.Тірек сызба
4.Слайдтар
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы,түртіп алу, «Иә»
«Бейтарап» «Жоқ» кестесі, эссе.
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Қызығушылықты ояту.
Оқушылардың оқитын тақырыбына деген қызығушылығын туғызу.
Оқушылардан сұрақтар жиналады.Нені білгілері келетіні сұралады.Немесе
тақырып төңірегінде не білгендерін жинақтап тізім жасау, ой алмасу.
Оқушылардың өздері таңдап алған белгілердің түріне қарай оқушылар 4 топқа бөлініп отырады.

Топтастыру.

Оңтүстік Америка: пампа,сельвас,гилея, ломас, льянос,пуна, кебарачо, кампос.
Оқушылар жауабы:
1.Ылғалды экваторлық орман.
2.Сельвас-ит тұмсығы батпайтын қалың орман.
3.Льянос-Ориноко саваннасы.
4.Кампос-Бразилия саваннасы.
5.Пампа-құнарлы шымды қызғылт «жазық дала»
6.Гилея-ылғалды экваторлық орман.
7.Ломас-түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы.
8.Кебарачо-тері илеуге қажетті шикізат алынатын ағаш.
9.Пуна-биік таудағы шөптесін өсімдіктерден тұратын белдеу.

II.Мағынаны ашу.
Тақырыпқа байланысты слайд көрсету.
Мәтінмен жұмыс.Түртіп алу немесе Инсерт.
Тақырыбы: «Оңтүстік Америка халқы мен елдері » Мәтіннің жоспары.
1.Оңтүстік Америка халқының құрамы.
2. «Инктер өркениеті»
3.Байырғы және келімсек халықтары.
4.Елдері.
Мәтінді оқи отырып,бұрыннан білетін және жаңалықтармен таныса отырып,өзі дәлелдей алмайтын және түсініксіз,әлі де тереңірек білгісі келетін белгілерді қояды.Осыдан соң әр топ өздерінің ойларын біріктіре отырып талдау жасайды.Бір-біріне сұрақтар қояды.

III.Ой толғаныс.
Алған білімдерін қорытындылайды.Бұрын не білетінін, қазір не білгенін салыстырады.Пікір таластырады.
Х.Колумбтың Американы ашуы жақсы болды ма? 3 дәлелмен жауап береді.

Иә
Бейтарап
Жоқ
1.Жаңа дүниедегі жаңа
ашуларға негіз салды.

1 Жақсы.Себебі Американың ашылуы
жаңа ашылуларға жол салды.

1.Еуропалықтар келгеннен кейін жергілікті халықты аяусыз құлдыққа салып, олардың өркениеті мен мәдениетін жойды.

2.батыс жарты шарда Америка дүние бөлігі ашылды. 2.Жақсы болмағаны-үндістердің едәуір дамыған өркениеті мен мәдениетінің дамуына нұқсан келтірілді. 2.Бағынбаған үндістердің көпшілігі қырғынға ұшырады.

3.Жаңа жерлердің табиғаты,
шаруашылығы жөніндегі деректер белгілі болды. 3.Байырғы халықтар тіршілікке қолайсыз аудандарға көшірілді.

IV.Үйге тапсырма
1. «Егер мен саяхатшы болсам...» эссе.
2. Тест құрастыру
3. Елдердің территориясын кескін картаға белгілеу.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.