Главное меню

  • К списку уроков
География «Ауа массалары, ауа массаларының түрлері. Жел»
30.11.2015 1091 0 Ахметкалиев Нуржан Нигметоллаевич

Мақсаты:
Желдің пайда болуы туралы түсінікті қалыптастыру. Жел түрімен таныстыру. Жел кестесін сызуды және оған талдау жасауды үйрету.Ауа массаларының бір-бірінен айырмашылықтарын анықтай білуге үйрету.
Қайталау.
Дүние тану мен жаратылыстану курстарынан «Жел» дегеніміз не анықтамасын беруін сұрау.
Көрнекілік: Дүние жүзілік физикалық картасы. «Бриздің пайда болуы»- сурет-сызба.(110бет. физ.геогр.5 кл). «Желдің күші»(110бет.сурет ). «Жел кестесі»-графигі. «Дауыл»-бейне фильм. «Боформ шкаласы»-жаратылыс материал.
І.Ұйымдастыру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Заңдылықтар жайлы білімді тексеру.
-Атмосфералық қысымның өзгеруіне қарай қандай фактормен әсер етеді?
-Жоғарланған сайын қысым қалай өзгереді?
-Қай уақытта (қай сағатта) ең жоғарғы температура байқалады? Жауабыңды түсіндір.
-Қоңыржай белдеудегі ең жылы ай шілде,ал Күннің көк жиектен ең биік болуы маусым айында. Не себептен маусым жылы ай емес?
-Тәулік ішіндегі температураның өзгеруі неге байланысты?
-Жылдық температураның ауысуы неге байланысты?(Әр түрлі ендіктегі ауаның температурасын жер бетіне түсетін күн сәулесінің бұрышына байланысты).
-Не себепті экваторда біздің жерімізге қарағанда әлдеқайда жылы?
Нақтылы материалды білулеріне байланысты тапсырма.
-Төменгі қысымды ирек сызықпен, жоғарғы қысымды-түзу сызықпен сызу:
740,778,738,773,749.
-Атмосфералық қысымды өлшейтін қандай құрал? Оның құрлысы туралы айту.
Шеберлігін анықтау тапсырмасы.
Бақылау мерзімі 1 күн 2 күн 3 күн
6 сағат -4˚ +4˚ -20˚
14 сағат +12˚ +8˚ -15˚
18 сағат +10˚ +5˚ -17˚
Орташа t˚ (18)+6 +5,7˚ -(51,9)-17,3˚
Амплитуда 16 +4˚ -5˚
Жылдың орта температураны анықтау. (Тақтаға сан мәліметтер шығады)
қаңтар -20˚ шілде + 20˚
ақпан – 18˚ тамыз +18˚
наурыз – 10˚ қыркүйек +10˚
сәуір - 10 ˚ қазан +3˚
мамыр +10˚ қараша -3˚
маусым +15˚ желтоқсан -17˚
орташа t˚ (-68+78)/dx12=12.20 ең жоғарғы t˚ +20˚
ең төменгі t˚ -17˚ A =37˚


Етігінде атмосфера қысым 760 мм с.б, ал төбесінде – 748мм с.б, Жер бедерінің биіктігі қанша? Бұл таума, әлде төбе ме?
760-748=12мм 2)12*10,5=126 м (бұл төбе)
Қия құздың шетінде қысым -754 мм с.б 200 м тереңдіктегі ауа қысымы қанша? 1) 200/10,5=19 мм 2)754мм +19=773 мм
Қыя түбінде ауа қысымы 780 мм с.б, а жер бетінде жоғарыда -740 мм с.б Тереңдік қанша ? 1) 780-740= 40 мм
2)40*10,5=420 м
Жаңа сабақ
Жер бетіне түсетін Күн сәулесіне байланысты ауа әрқалай жылынады. Олай болса жер бетінің аумағына байланысты ауа ағыны қозғалады – оны ауа массасы дейді. Олай болса Ауа массасына анықтама беріп көріңдер. (Ол үшін оқулықтың 94 б §34 қарап көріңіздер) (Тропосфераның өзіне тән температурасы, мөлдірлігі, ылғалдылығы сияқты қасиеті бар ауаның үлкен бөлігі)
Ауа массалары атаулары орналасқапн жеріне байланысты аталады. (Кәне бәрәмәз картаны ашып , парралельдерді көрелік. Картадан экваторды, тропикті көрсету қажет). Сонымен экватордың бойында:
1) Экваторлық ауа массасы (қасиеті)
2) тропиктік ауа массасы - құрлық үстінде
3) қоңыржай ендік ауасы - теңіз үстінде
4) арктикалық ауа массасы. антарктидалық ауа массасы.
Жел тақырыпшасы проблемалық сұрақтан басталады.
Көздеріңе елестетіп көріңіздер, сендер қала сыртындағы үйде отырсыңдар. Тыныш қысқы кеш, далада ұйықған боран. Сендер үй пешінің жанында отырсыңдар, ағаш жанып жатыр. Сұрақ: Түтін қайда кешіп жатыр? ( Түтін мұржадан шығып жатыр)
Түтін неге үйге кірмейді ( түтінді мұржа тартып әкетеді)
Түтінді неге мұржа тартып алып кетеді? (оқушылар жауап беруге аздап қиналады)
Мұғалім от жағатын жермен мұржа арасындағы ауа қысымының айырмашылығын оқушылардың ойына салады.
Сонымен түтінді мұржа неге тартып алады? (от жағатын жерде ауа қысымы жоғары, мұржаның ортасында қысым төмен, сондықтан түтін жоғары қысым аймағынан төменгі қысым авймағына қарай қозғалады)
Мұғалім: жоғарғы қысым аймағынан төменгі қысым аймағына қарай вертикаль бағытта ғана емес, горизонталь бағыттада ауаның қозғалысы болады. Ол қандай еске салады?
Осындай құбылысқа мысал келтір. ( жел) Мұғалім оқушыларды 2 нұсқаға бөледі де 1 нұсқаға «желге» анықтама беруді сұрайды, ал 2- нұсқаоқулықтан (91 бет §33 тан) оқып, дайындалады. Тапсырманы орындауға 3 минут уақыт кетеді. Содан кейін 2 нұсқа оқушылары 1 нұсқа оқушыларының жазғанын тексереді де қатесін немесе дәл айтылмаған жерлерін көрсетеді.
Мұғалім оқушылардың тақтаға жазылған сандарға көңіл аударуын өтінеді:
1)760, 720
2) 740,720
- Бұл екі жағдайда жел қандай бағытқа қарай соғады?
(760 → 720; 740 → 720)
Қай жерде жел қаттығырақ. (бірінш жағдайда)
Қысым неғұрлым көп болса, соғұрлым жел қаттырақ, соғырлым оның жылдамдығы да көбірек.
Біщдің желдің күші туралы сөз қозғадық. Тактикалық жұмысм істеп көрейік.
1 топ ( жарты класс) – 191 беттегі 3 қосымшамен, 2 топ . Бофарт шкаласымен жұмыс істейді. 1 топ – бір желдің қасиетін сипаттайды. 2 топ- желдің әсерінен өзгерген табиғаттың суретін салады.
Бофорт шкаласы
Желдің күші (балл) Желдің жылдымдығы м/с (км/сағ) Желдің Жер бетіндегі заттарға жері
0 тынық 0,0 – 0,5(0) Мұржадан шыққан жел тік ұшады. Жалаулар және ағаш жапырағы қозғалмайды.
1.Баяу жел (жеңіл) 0,6-1,7 (4) Мұржаның түтіні аздап шалқиды да желдің бағытын көрсетеді Жапырақтар мне жалау қимылсыз қалады.
2. жеңіл жел 1,8-3,3 (9) Ағаштың жапырақтары сылдырайды. Жалау баяу тербеледі. Адам бетіне жеңіл үрлегендей болады.
3.Жел қом (әлсіз жел ) 3,4-5,2 (16) Ағаштың жіңішке бұтақшалары қозғалады. Жалаулар қозғалады. Тынық судың беті жыбырлайды.
4.қоңыр жел 5,3-7,4 (31) Ағаштың бұтақтары теңселеді. Шаң-тозаң көтеріледі, жерден қағаздар көтеріліп ұшады.
5.Самал жел 7,5-9,8 (31) Жіңішке ағаш діңі тексеріледі, ұшар басы шуылдайды, су бетіндекөбік толқын жүреді. Құлаққа жел ысқырады.
6. Қатты жел 9,9 -12,4 (40) Ағаштың жуан бұтақтары теңселеді. Үйлердің және қозғалмай тұрған заттардың арасында жел ысқырады. Тұнық сулардың бетіндегі толқын жолдарында жыбырлақ толқындар көбейеді.
7.Күшті жел 12,5-15,2 (50) Телераф сымдар ызыңдайды,ағаштың ұшар басы теңселеді. Судың толқын жолдарында көптеген ұсақ жыбырлақ толқындар көбейеді. Желге қарсы жүру қиындайды.
8.өте күшті жел 15,3-18,2 (60) Жел ағаштың жіңішке бұтақтары мен құрғақ қу бұтақтарын сындырады. Желег қарсы кез келген қозғалысты тоқтата алады.
9.Дауыл 18,3-21,5 Жел шатырдың бөліктерін жұлыр әкетеді. Ағаштардың үлкен қу бұтақтарын сындырады. Жеңіл заттарды орнынан қозғалтады.
10.Қатты дауыл 21,6-25,1(84) Ағашты тамырымен қопарып жұлып алады. Бағандар қирайды
11.Дала дауыл 25,2-29,0 (97) Жердің бетін астан –кестен етеді. Көпшілігін қиратады.
12.Жойқын дауыл (өте сирек болады) 29,0 артық (105 артық) Жер бетін талқандап, ойрандайды

Бофорт шкаласы (жалғасы) Желдің теңіз бетіне әсері
Желді баллмен есептелген Толқын күші баллмен есептелген Теңіз бетіне желдің тигізетін әсері
0 0 Айнадай жарқырап жатады
1-2 1 Аздаған толқын пайда болады
3 2 Қысқа ,жақсы байқалатын толқындар пайда болады. Толқын жолдары төңкеріліп аударылады, көбік толқыны шығады.
4 3 Толқындары ұзын –ұзын, оқтын оқтын көбіктенген толқындар жағаға қарай соғып , дауысы естіліп тұрады.
5 4 Толқындар ұзара түседі. Теңіз беті жыбырлап, толқындар жағаға дамылсыз соғылады, теңіз толқынын шартынгкүшейтеді.
6 5 Толқын жолдары биіктеп, бастары буырқанып,көбіктенеді. Теңіз толқынының шарпыны қктты соғылады.
7 6 Толқындар үлкейіп қирата бастайды. Жел оң көбікті жұлқылап жағаға жайып тастайды. Теңіз толқынының үні алыстан естіледі.
8 7 Толқынның биіктігі мен ұзындығы артады. Толқын көбігі қалыңдап су бетін жабады. Ашық теңіздегі шу жайылып естіледі.
9-10 8 Таудай толқындардың жаны төңкеріліп жатады. Ақ көбіктен теңіз беті аппақ болып көрінеді. Ашық теңіздегі шу соғылып естіледі.
11-12 9 Толқынның биіктігі сонша, кемелердің бастарын жауып кетеді, көбік қабаты теңіз бетінде созылып жатады. Жолдың басы тозаңы мен көмкерілген. теңіз беті күркіреп жатады. Толқын жолдарындағы су тозаңының қалыңдығы сонша, тіпті жан – жақ көрінбей қалады.
Мұғалім желдің күшімен бірге бағытыда анықталады. Жауап беріп көріңдерші, Солтүстік желінің оңтүстік желінен айырмасы қандай?
-Жер шарындағы ең күшті жел Антарктидада Адели жерінде байқалған: 87 м/сек, тіпті кейде 90 м/сек артып кеткен кездері болған. Антарктидадағы Австралия станциясында Муссон жылына 300 күн бойы өте күшті жел болып соғады. Жер бетінен жоғарылған сайын желдің күші қатаяды.
IV бризбен және Муссонмен танысу
Бриз 1) оқулықтан (92 б 3 тақырыпта) бриз дегеніміз не, ол бағытын қалай өзгертетінін оқу.
(Тақтаға бриз сурет сызбасы шығады) Сызба арқылы түсіндіру
Не себептен бриз күндіз құрлыққа қарай, ал түнде суға қарай соғады? Жоғарғы және төменгі қысым аймақтарын көрсету.
Қосымша жолаушылармен, парустармен, ағаш суреттерімен жел бағыттарын көрсету.
«Бриз» - анықтамасын беру.
Оқулықтағы анықтамамен салыстыру.
не себептен дәл дұрыс шықпағандығын түсіндіру.
Муссон
не себептен бриз өз бағытын өзгертеді? (бір тәулік ішінде құрлық пен судың жылуының айырмашылығына байланысты)
Жыл бойы жылыту бірдейма? (әртүрлі)
Жыл бойы құрлықтың жылынуы мен судың жылынуында қандай айырмашылық болады? ( жазда құрлық қызады, қыста су жылы болады)
Жыл бойғы max және min қысым аймағын және желдің бағытын сызба түрінде көрсету.
теңіз → құрлық құрлық → теңіз
↓↓
жазда қыста
Муссонның анықтамасын беру. (Жыл бойы бағытын екі рет ауыстыратын жел)
Муссон мен бриздің салыстырмалы кестесі
Салыстырылатын қасиеттері Муссон Бриз
1.Пайда болу себебі
2.Кездесетін аумағы
3.Өз бағыттарын қашан өзгертеді
4. Жыл бойы өз бағытын неше рет өзгертеді.


Үйге тапсырма. §33,§34. 94 бет 5 тапсырма жазбаша. Ауа райы күнделігін пайдаланып, қаңтар айының жел кестесін сызу.

Қосымша материал
Муссон. (араб тілінде- маусым). Жер бетінің белгілі бір жерінде жазда мұхиттаан құрлыққа, қыста керісінше соғатын тұрақты жел. Жазғы муссон ылғалды ауа райын, қысқы муссон сирек бұлтты құрғақ ауа райын әкеледі.
Бриз. (француз тілінде – жеңіл жел). Бафорт шкаласы бойынша онша көп күші жоқ, 4баллға дейін болатын жергілікті жел. Бриз тек жағалаудағы жіңішке алқаптан бірнеше километрге созылады.
Фен. (неміс тілінде – жылы батыс желі) Таудан жазыққа қарай жлы және құрғақ үздіксіз соғатын жел. Жоғарылағанда ауа суып, ылғалын жоғалтады. Жотадан асып түскенде тез төмен жылжып, тез жылынады. Феннің ұзақтығы бір тәулікке жетер-жетпес.
Бора. (грек тілінде – солтүстік жел) Тау жотасынан асып түскен суық желден пайда болған үздіксіз соғатын суық жел. Ол жолындағы жылытығыздығы төмен желді ығысытрады. Қыста бора өте қатты суық әкеледі. Адриат, Қара теңіздердің Солтүстік-батысына, Байкал көлінің маңында байқалады.