Главное меню

  • К списку уроков
География "Ертіс өзені және оның салалары.Ертіс суының ауыр металдармен ластануы" 8 сынып
14.06.2015 1119 0 Кенжебаева Жанна Онгарбековна

Мақсаты: Оқушылардың Ертіс өзені жайындағы
білімдерін жетілдіру, практикалық
білімдерді дағдыларды қалыптастыру.
Дамытушылық: Әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,
оқушыларды ізденіске, еңбекқорлыққа баулу,
логикалық ойлауын дамыту, география
пәніне танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға, өзінің туған
жерінің табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, Қазақстан картасы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Баяндау, пікірталас, СТО технологиясының
стратегиялары.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. Топпен жұмыс жүргізілетіндігін айту. Сыныпты 3 топқа бөлу. Жетекші ( спикер ) сайлап алу.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
1-топқа үлестірмелер тарату.

№1

1. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі? Батыстан шығысқа қарай қанша шақырымға созылып жатыр? Картадан көрсет.
2. Қазақстанның климат құрушы факторларын ата.

№ 2
1. Қазақстандағы ең биік шыңды ата. Ол қай тауда? Картадан көрсет.
2. Қазақстан климатына қандай ауа массалары әсер етеді?
2-топ перфокартамен жұмыс істейді.
№1 перфокарта


Тянь- Шань

Алтай
Жоңғар Алатауы

Бесбақан 4622 м

+

Мұзтау 4506 м

+

Хан-Тәңірі 6995 м

+
№2 перфокарта


Жанатын пайдалы қазбалар
Кенді пайдалы қазбалар
Кенсіз пайдалы қазбалар
Көмір
+

Темір
+

Асбест
+

Хром
+

Мұнай
+

Тұз
+

3-топқа түрлі тапсырмалар беру.

№1
1.Әріптерді дұрыс орналастырған кезде Қазақстанның ірі өзендерінің аты шығады.

1. қажый 5. сыра
2. тісер 6. елі
3. лобыт 7. ілсе
4. радиярыс 8. өзяга

Дұрыс жауабы: Жайық, Ертіс, Тобыл, Сырдария, Арыс, Іле, Есіл, Аягөз.
№2
Кесте толтыру.

Өзендердің аты

Қазақстан жеріндегі ұзындығы , км

Қандай алапқа жатады?

Қаратал

Сырдария

Іле

Жайық

Тобыл

Ертіс


321 км

1400 км

815 км

1082 км

800 км

1700 км
Балқаш-Алакөл

Арал теңізі

Балқаш-Алакөл

Каспий теңізі

Солтүстік Мұзды мұхит

Солтүстік Мұзды мұхит

III. Жаңа сабақ.
« Ой қозғау » стратегиясы.
Өз өлкеміздегі қандай өзендерді білесіңдер?
( Ертіс, Шаған, Аягөз, Мұқыр, Шар, Үрджар т.б,)

Ы.Алтынсариннің « Өзен » өлеңін оқу.
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.

Бұрыннан білетін Ертіс өзені туралы білімдеріңізді пайдаланып, БББ
( Білемін, Білгім келеді,Білдім ) кестесін толтырыңыздар.

Білемін
Білгім келеді
Білдім

1-кезеңде
Әр топ жеке-жеке « Ертіс туралы білемін » кестесі бойынша жұмыс жасайды. Бұл кезеңде оқушылар алдымен өз білімдерін ортаға салады.

2-кезеңде
« Ертіс өзені туралы » білгім келеді кестесін толтырады.

3-кезеңде
« Ертіс өзенінің қазіргі кездегі жағдайы » слайдын интерактивті тақтадан көрсету.

4-кезеңде
Оқушыларға « Таза Ертіс » атты ақпарат таратылады.Оқушылар ақпаратты оқып, топта талдайды. Өз ойларын ортаға сала отырып, « Ертіс туралы білгенім » кестесін толтырады. Әр топтан бір мүше бір –бірін қайталамай, жазғандарын оқиды.

Әр топқа тапсырмалар беріледі.

1-топ Ертіс өзені туралы Синквейн ( 5 жолды өлең ) құрастыру.

2-топ Ертіс өзені туралы ассоциация құрастыру.

3-топ Венн диаграммасы ( Ертіс пен Жайық өзені ).
Әр топтан 1 оқушыдан шығып өз жұмыстарын қорғайды.

Сергіту сәті.
Оқушылар суға байланысты мақал –мәтелдері мен тиым сөздерін айтады. Әр топ бір мақал- мәтел, бір тиым сөз дайындау керек.

Мұғалім сөзі:
Балалар,біз әрдайым осы сөздерді ұмытпайық, сонда табиғатымыз таза , деніміз сау болады.

IY.Сабақты бекіту.
Тест сұрағы интерактивті тақтада шығып тұрады.
1. Ертіс өзенінің ұзындығы
а) 4500 км ә) 4284 км б) 4690 км
2. Ертіс өзені Зайсан көліне құйылғанға дейін қалай аталған?
а) Ақ Ертіс ә) Көк Ертіс б) Қара Ертіс
3. Ертіс өзеніндегі канал
а) Ертіс-Қарағанды ә) Ертіс- Алматы б) Ертіс- Павлодар
4. Ертіс өзені бойындағы су қоймалары.
а) Бұқтырма,Шардара , Өскемен.
ә) Шүлбі, Қапшағай, Өскемен.
б) Шүлбі, Өскемен, Бұқтырма.
5. Ертіс өзеніне керосин төгілу қаупі қай қалада?
а) Өскемен ә) Семей б) Павлодар
6. Ертістің Қазақстан аумағындағы ұзындығы
а) 1700 км ә) 1800 км б) 1900 км
7. Ертіс өзеніне сынап төгілу қаупі қай қалада?
а) Өскемен ә) Семей б) Павлодар
8. Ертіс өзені қайда құяды?
а) Объқа ә) Енисейге б) Ленаға
9. Ертіс өзенінің қорғасынмен ластануы қайсы қалада?
а) Өскемен ә) Семей б) Павлодар
10. Ластанған Ертіс суларын қандай жолдармен тазартуға болады?
а) химиялық, табиғи, биологиялық
ә) химиялық, тарихи, механикалық
б) механикалық, химиялық, биологиялық.
Дұрыс жауаптар.

1-ә 3-а 5-ә 7-б 9-а
2-б 4-б 6-а 8-а 10-б

Оқушылар тестің жауабын қойып болғаннан кейін, интерактивті тақтаға тестің дұрыс жауабы шығады , топ оқушылары бір –бірінің жұмыстарын тексеріп, бір-бірін бағалайды.

Y.Сабақты қорытындылау, бағалау.

YI. Үйге тапсырма.
« Таза су- таза жағалау » тақырыбына эссе жазып келу.