Главное меню

  • К списку уроков
Экономика негіздері "Несие және оның мәні"
13.03.2015 1488 221 Тукенова Венера Даулетбековна

Мақсаты: Оқушылардың экономика негіздері пәніне деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін дамыту.
Пән бойынша алған білімін пысықтау;
 Оқушылардың өздігінен оқуға үйрену, логикалық ойлауын, ортақ іске деген жауапкершілік сезімдеріне тәрбиелеу;
Білімділік: Оқушылардың «Экономика негіздері» пәнінен «Несие және оның мәні» тақырыбы бойынша жаңа білім беру, іскерлік ойындар арқылы несиенің қоғамдағы рөлі мен ерекшеліктерін, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, болашақ банк қызметкері ретінде іскерлігін, танымдық қабілетін, нарықтық экономикада логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, бәсекеге қабілетті іскер маман ретінде белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Мультимедиялық құралдар, дайындалған слайдтар, ДК, таратпа тапсырма, оқушылардың қолдан жасаған туындылары.
Қолданылған әдебиеттер:
Жолдасова Г «Экономика негіздері»
Осипова Г«Экономикалық теория»
Мақыш С «Банк ісі»
Сабақтың түрі: Ойын элементтерін қолдану арқылы интерактивті сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақ жоспары
1-кезең. Ұйымдастыру
2-кезең. Үй тапсырмасы
Тест шешу
3-кезең. Жаңа сабақ
Несие және оның мәні
4-кезең. «Экономика әлеміне саяхат»
5-кезең.Іскерлік ойын «Банк қызметкері»
Эстафета. Визиткалық карточка
Әрбір банк қызметкерлері өздерінің банктерінің қызметін, несие түрлерін жарнамалау, клиент жинау.
6-кезең .Семей қаласының экономикалық дамуы.Суреттер жарысы
7-кезең. Сөздерді реттік нөмірмен жаз. Жасырын сөздерді тап
8-кезең.Полиглот

Сабақтың барысы:
1-кезең. Ұйымдастыру
-Қ.Р әнұраны
-оқушылармен амандасу
-тізім бойынша тексеру

2-кезең. Үй тапсырмасы
Салықтардың экономикалық мәні
Тест жұмысы
Тест жұмысы
1.«Экономика» деген ұғымның негізін салушы?
А) А.Смит
В) Аристотель
С) К.Маркс
Д) Оукен
Е) А.Маршалл

2. Экономика сөзі қандай мағына білдіреді?
А) үй шаруашылығы заңдылықтарын жүргізу
В) ауылшаруашылығын қарастыру
В) өнеркәсіпті реттеу
С) капитал салымдарын жұмсау
Д) байлық

3.Қоғамдық өндірістің қай сәті анықтаушы болып табылыды?
А) бөлу
В) өндіру
С) айырбас
Д) тұтыну
Е) барлығы дұрыс емес

4.Қай термин адамдардың қажеттілік үшін төлейтін қабілеттері мен ықыластарын байқатады?
А) керектік
В) сұраным
С) қажеттілік
Д) ықылас
Е) мұқтаждық

5.Нарықтық экономика........
А) ретсіздік және анархия жүйесі
В) сұраным мен ұсынымды теңестіру
С) баға және рыноктар арқылы жұмыс атқару
Д) көпқұрылымды жылжымалы жүйе
Е) дұрыс емес

6.Экономика ғылымының атауы ең алғаш қайда пайда болды?
А) Ежелгі Египет
В) Ежелгі Қытай
С) Ежелгі Греция
Д) Индияда
Е) Римде

7.Қазақстан Республикасының айрықша меншік нысандары:
А) жер және оның қойнауы
В) су
С) әуе кеңістігі
Д) өсімдік және жануарлар әлемі
Е) жоғарыда аталғандардың барлығы дұрыс

8.Кәсіпкерлер........
А) неғайбылдау таза табыс алу үшін өндірістің қауіпті формаларымен шұғылданады
В) өзінің жаңалық ендіруіне қарай пайдаға белшесінен батады
С) өзінің игі қызметіне сай пайда алады
Д) іс жүзінде мұрагарлікпен алады
Е) қоғамдағы тепе-теңдіктің нығаюына ықпал етеді

9. Кәсіпкерлер қандай қасиетке ие болуы қажет?
А) бірбеткей, адамгершілігі жоғары
В) айлакер, тәуекелшіл
С) иманды, парасатты
Д) жан-жақты
Е) ешқайсысы дұрыс емес

10.Қай фирма әлемдік нарыққа шыққан?
А) «Проктер енд гембл»
В) «Рахат»
С) «Бахус»
Д) «Фуд Мастер»
Е) «Восток»

11.Күнделікті сатып алынатын тауарларға нелер жатады?
А) нан, сүт, сабын
В) куртка, етік
С) машина, яхта
Д) шипр, шеге
Е) ДВП, ДСП

12.Қымбат тауарларға нелер жатады?
А) үй, машина
В) Вилла, яхта
С) комплекс
Д) шай, сабын
Е) бағалы тастар

13.Маркетолог дегеніміз кімдер?
А) тауарды таратушы және жарнамашы
В) бизнесмен
С) есептерді реттеуші
Д) басшы
Е) технологиямен айналысады

14.Семей қаласындағы сапалы ұн өнімдерінен өнім жасайтын қай фирманы атай аламыз?
А) «Восток»
В) «Семнан»
С) «Ай-ар»
Д) «Ескендірова»
Е) «Асер»

15.Шетелге тауар шығару?
А) экспорт
В) импорт
С) капитал
Д) залог
Е) тендр

16.Тауарлардың көптүрлілігі қалай аталады?
А) сервис
В) ассортимент
С) экспорт
Д) импорт
Е) капитал

17.Кәсіпкердің алға қойған мақсаты?
А) нарыққа тауар шығару
В) пайда табу
С) ұсынымды көбейту
Д) адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру
Е) халықты жұмыспен қамту

18.Ақшаның құнсыздануы?
А) инфляция
В) несие
С) экономика
Д) диноминация
Е) инвестиция

19. Әлемдік экономикалық проблемаларға нелер жатады?
А) жұмыссыздық
В) бағаның өсуі
С) инфляция
Д) гиперинфляция
Е) барлық жауап дұрыс

20.Ұлттық табыс қайда жасалынады?
А) тек қана өнеркәсіпте
В) ауылшаруашылығында
С) материалдық өндіріс сферасында
Д) өндірістен басқа сферада
Е) тек қана құрылыста

3-кезең. Жаңа сабақ
Несие және оның мәні
Несие –бұл пайыз түрінде қайтарымдық негізде уақытша пайдалануға берілетін ақша.Несие құрылымы-қарыз беруші, қарыз алушы және қарыз капиталынан тұрады.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен несие алушылардың арасындағы қатынасты көрсетеді.
Қай банкте ақша сақтар едіңіз?


ттттттттттьь

Несиенің экономикадағы рөлі мен орынын оның атқаратын қызметтеріне байланыст

Қай банкте несие ставкасы төмен деп ойлайсыз?
Несие экономикалық категория ретінде мынандай қызметтер атқарады:
1.Қайта бөлу;
2.Айналыс шығындарын үнемдеу;
3.Айналыстағы нақты ақшалардың орынын уақытша алмастыру;
4.Капиталдың шоғырлануын жеделдету;
Несиенің түрі бұл несиелік қатынастар құрылымының , оның негізгі қызметтерінің әртүрлі сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі.
Несие берушілер мен несие алушылар арасында байланыс қалай өзгерсе де, несиенің түрі сол күйінде сақталады.
Несиенің түрлері:
1.Қарыз алушылардың категориялары
2.Мерзіміне қарай
3.Тағайындалу және пайдалану
4.Қамтамасыз ету дәрежесіне
5.Қайтарылу дәрежесіне қарай
6.Валютамен берілуіне
7.Берілу артына қарай

Несие субьектілеріне- несие берушілер мен несие алушыларына жатады.

Қай банкте депозит салар едіңіз?

Несиелеу объектісі-несиені пайдалану заты, яғни іске асу аясы.негізгі және көмекші материалдар жартылай өнімдер мен азықтар және материалдық құндылықтардың маусымдық жинағы.

4-кезең. «Экономика әлеміне саяхат» сайысы

Ойын барысы: Ойынға 2 топ қатысады.
Макро және Микро тобы. Ойын 4 турдан тұрады.

І – тур. Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды.

ІІ – тур. Эрудиттер сайысы. Топтарға сұрақтар қойылады.

ІІІ – тур. «Еленген еңбек өнімі». Әрбір топтан топ басшылары берілген мақал- мәтелдерді жалғастыру керек. Әрбір сұрақ 10 евро

ІV – тур. Кім жылдам? Әрбір сұрақ 50 евро

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу -Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық!
Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгін аукционымызда сауда «евро» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр топтың қорында 50 евродан бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту – өз қолыңызда!
Аукционға сұрақтар қойылады. Сұрақтың бастапқы бағасы-10 евро. Топ капитаны 10 евродан жоғарылата алады. Ең жоғарғы баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса-баға құны сол топқа беріледі. Ал егер қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: Егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда-банкрот, өкінішке орай , ол топ аукционға қатыса алмайды.
Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы»,-деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов Сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І Турды бастайық.
Аукционға №1 лото –
Сұрағы: Әлемдегі дамыған мемлекеттерді атаңыз
Жауабы: Австралия, АҚШ, Жапония, Канда, Қытай, Корея

№2 лот.
Сұрағы: ҚР Қаржы министрі кім?
Жауабы: Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов
№3 лот.
Сұрағы Сыйлық

№4 лот.
Сұрақ: 1 желтоқсан қандай күн?
Жауабы: Тұңғыш Президент күні

№5 лот.
Сұрақ: ҚР Президентінің жолдаулары?
Жауабы: Қазақстан – 2030, Қазақстан – 2050 және т.б.

№6 лот. Сандық (Сауда жүргізіледі). Сандықта не жасырылған?
Сұрақ: Биыл оған 23 жыл толды. Онсыз өмір жоқ сияқты. Ол елдігіміздің символы. Ол не?
Жауабы: Ақша, теңге

Осымен І тур аяқталды. Қорытындысы ….. Жоғарғы капитал жинаған топ….
Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр топқа берілген уақыт – 2 минут. Әрбір дұрыс жауап құны 10 евро. Сұрақтың жуабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту сұралады. Ендеше, «тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой, ақылды ой, алғыр сөз-адамның ең жоғарғы қасиеті», – деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп капиталы бар топтан бастаймыз дайынбызба? Уақыт»

ІІ – тур Эрудиттер сайысы.
№1 топқа арналған сұрақтар:
1. Казақстан Республикасының валютасы- Теңге
2. Әзербайжан валютасы-Манат
3. Қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі-Экономика.
4. Армения валютасы-Бран.
5. Тауарды сырттан әкелу - Импорт
6. Айырбас деген ұғым нені білдіреді-Бартер
7. Тәуелсіздік күні-16 желтоқсан
8. Кез-келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар-Ақша
9. Өзбекстан валютасын ата – Сом
10. Теңгенің шыққан күні- қараша 1993 жыл

№2 топқа арналған сұрақтар:
1. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы-Инфляция
2. ҚҰБ банкінен басқа тенге сарайы қай қалада орналасқан – Өскемен.
3. Ресей валютасы – Рубль
4. Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі-Валюта
5. Қытай валютасы-Юань
6. Тауарды сыртқа шығару- Экспорт
7. АҚШ валютасы – Доллар
8. Ұйымдардан мекемелерден, саудадан түскен ақшаны жинау, банкке өткізу, үлестіру әрекеті -Айналым
9.Қырғызстан валютасы – Сум
10. Бір елден екінші елге үшінші бір елдің жерін басып өту арқылы жүк тасу-Транзит

ІІІ – тур. «Еленген еңбек өнімді» деп аталады.Экономиканы дамыту үшін бізге көп еңбек етуіміз керек. Сондықтан Әр топтан топ басшысы шығады сұрақтарға тез жауап беру керек
І-топ
1. Еңбек мұратқа жеткізер,...(Жалқаулық абыройды кеткізер).
2. Сақалын сатқан кәріден,...(Еңбегін сатқан бала артық).
3. Еңбектін көзін тапқан,...(Байлықтың өзін табады).
4. Еңбегің қатты болса,…(татқаның тәтті болар).
5. Еңбек түбі – береке,…(көптің түбі – береке).
6. Істегенің еліңе жақсы,…(үйренгенің өзіңе жақсы).

ІІ топ.
1. Отынды шапқанға жақтыр,…(малды тапқанға бақтыр).
2. Ексең егін,…(ішерсің тегін).
3. Етік тіге алмаған,…(біз таңдайды).
4. Көсеуі қысқаның,…(қолы күйер).
5. Берген – алар,…(еккен – орар).
6. Еңбек етсең ерінбей,…(тояды қарның тіленбей).

ІV-тур. Енді біз ең қызықты соңғы тур «Кім жылдам?» көшеміз.

Экспресс-несиелер. «Уақыт келді» акциясы
Несие желіcі
Ипотека
Авто-несиелеу
Кезек күттірмейтін мұқтаждарға
Депозитті кепілдікке қою
Кредиттік лимит
Ақшалай орны толтырылатын ипотека бойынша кредиттік калькулятор
Депозиттер
 "Пенсионный”
 "Детский мультивалютный”
 "Формула успеха”
 "Формула успеха Капитал”
 "Выгодный курс”
 "Sprint”
 "Дружба”
 "Антиинфляционный”
 "Platinum”
Несиелер
 Ипотекалық несиелендіру
 Любимая несие желісі
 Автонесиелеу
 Әмбебап Факультеті
 Жедел желі
 Қалаулы несие (жедел несиелендіру)

5-кезең.Іскерлік ойын «Банк қызметкері» Эстафета.
Әрбір банк қызметкерлері өздерінің банктерінің қызметін жарнамалау, клиент жинау

6-кезең .Семей қаласының экономикалық дамуы.Суреттер жарысы
7-кезең. Сөздерді реттік нөмірмен жаз. Жасырын сөздерді тап

Сөздерді реттік нөмірмен жаз.

Орманшы, еттартқыш,суретші, су, мұнай, мұғалім, наубайшы,қайшы, тігін машина, жер, ара, балық, менеджер, экономист, құрылысшы.

Табиғи қор

Еңбек қор Капитал


Жасырын сөздерді тап
эко Кәсіп Бәсе уар
пай пания моно нушы
сау кер инф нес
жар ке вал лекет
мем да тұты номика
өндір ляция биз полия
өнер юта та іс
ком нама нар ық

8-кезең.Полиглот (экономикалық терминдерді орыс және ағылшын тілдерінде аудару сөздің мағынасын ашу)

Бағалау
Үйге тапсырма: «Қазақстандағы несиенің дамуы» шығарма жазу

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.