Главное меню

  • К списку уроков
География "Жердің құрылысы, негізгі ұғымдар" 6 сынып
22.02.2015 2362 0 Кужиева Аида Руслановна

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жердің сыртқы және ішкі құрылысы туралы жалпы түсінік бере отырып, жер қабықтары туралы негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды меңгерту арқылы білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдылығын, оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Тәрбиелілігі: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу, дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру, өз бетімен оқып-үйренуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Дүниежүзінің физикалық картасы.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.
Сабақтың барысы:
Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру:
II. Жаңа сабақ:

Жердің сыртқы құрылысы:
Атмосфера қабығы Биосфера қабығы
Гидросфера қабығы

1. Ауа-жер шарын қалың қабат ретінде ең сыртынан қоршап тұрады. Оны – атмосфера деп атайды. "Атмосфера”-грекше "атмос”-су, "сфера”-шар. Ауа жерді үздіксіз, біртұтас қабық түрінде қоршап жатыр.
Атмосфера құрамы
аргон (қалған%-ы)
оттегі-21% азаот-78%
көмірқышқыл газы-0,03%

2. Жер бетін біртұтас жауып жататын-су қабығы. Оны –гидросфера, яғни, жердің су қабығы деп атайды.
"Гидросфера”-грекше "гидро”-су, "сфера”-шар деген мағынаны білдіреді. Жер бетінің жалпы көлемі 2/3-сі судың үлесіне тиеді.

Гидросфера құрамы

Өзендер көлдер
Мұхиттар батпақ мұздық теңіздер жер асты сулары

3. Жерде тіршілік ететін микроскоптық бактериялардан бастап, адамға дейінгі түрлі организмдер жердің айырықша қабығы-биосфераға жатады. "Биосфера”-грекше”био”-тіршілік,”сфера”-шар деген мағынаны білдіреді. Биосфера қабығы атмосфера мен гидросфера сияқты оқшау қабық құрамайды. Тіршіліктің таралған ортасы
Жердің ішкі құрылысы:

1. Жер қыртысы мен мантияның жоғары кристалдық тау жыныстарынан тұратын қабатты – литосфера деп атайды.
"Литосфера” – латынша "литос” – тас, "сфера” – шар деген мағынаны білдіреді.

III. Сабақты бекіту сұрақтары:
а) Тақырыпқа байланысты жұмбақ шешкізу.

1. Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.
Адамзат жан-жануар арасында Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген.
Бұл не? (Жер)

2. Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасақ егерде,
Барша тірлік қурайды.
Бұл не? (Су)

3.Бар ма, жоқ па оны білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
Бұл не? (Ауа)

4.Кристалдық тау жыныстарынан құралған,
Жер қыртысы аталған,
Мантияның қорғанышы.
Бұл не? (Литосфера қабығы)

5.Жер өзегі атанған
ең орталық бөлігі
Бұл не? (Ядро)

IV. Қорытынды:

Графикалық диктант.
1. Ауа жер шарын қалың қабат түрінде ең сыртынан қоршап тұрады.
2. Ғарыштан қараған адам жер бетінің көбін құрлық алып жатқанын байқайды.
3. Атмосфера мен гидросфера сияқты биосфера қабығы оқшау қабық құрмайды.
4. Жердің ең сыртқы қабаты жер қыртысы деп аталады.
5. Жер қыртысы мен мантияның жоғарғы кристалдық тау жыныстарынан тұратын биосфера деп атайды.
6. Жердің ең орталық өзегін ядро алып жатады.
7. Ядро темір мен никельден тұрады.

V. Үйге тапсырма:
1. §20. Жердің құрылысы, негізгі ұғымдар.
2. Жер қабықтары туралы қосымша материалдар жинақтау.

VI. Бағалау: